Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Анасына бауырын бөліп берген

Анасына бауырын бөліп берген

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бауыр циррозына шалдыққан анасына бауырының бір бөлігін беріп, өмір сәулесін сыйлаған Дінболат Құсайыновтың ғибратты ісін ерлік деуіміз керек.

Бәлкім мұндай оқиға болып та жат­қан шығар. Ақ­мола об­лыс­тық көп­бейінді ауру­ханасының жа­нындағы онкологиялық дис­пансердің химия терапия бө­лімінің меңгерушісі Мең­дігүл Ла­тиф­тің басынан өткен тағ­дырдың тәлкегін жан дүниең тебіренбей тыңдау тіпті де мүмкін емес. Атам қазақтың «бірінші байлық – денсаулық» деуі де осыдан шығар.

Меңдігүл Сауытханқызы С.Асфендияров атындағы Алматы қазақ ұлттық меди­циналық университетінің түлегі. Еңбек жо­лын Алматыда бастаған. Кейін Моңғолияның Баян-Өлгейінде үлкен клиникада табысты еңбек еткен. Арада біраз жыл өткен соң атажұртына оралып, солтүстік өңірден дәм бұйырған.

– Айыртау аудандық ауру­ханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеп жүрген кезімде аса ірі жол апаты болды. Бірден сегіз адам ауруханаға түсті. Жалғыз өзім опе­рация жасадым. Бәлкім сол кезде вирус жұқтырып алдым ба деп ойлаймын, өмір мен өлім таразы басын алма-кезек тартып жатқанда қауіпсіздік шараларын түгел сақтау мүмкін емес қой. Ондайда бар ниетің адамдарды құтқарып қалу ғана болады. Өз басыңды ойлап, тартынып тұру сірә да мүмкін емес. Жұмыс барысында мұндай оқиғалар өте көп болды, – дейді М.Сауытханқызы.

Әуел баста елең қылмаған. Қа­уіпті вирус уақытша қалғып кеткенге ұқсайды. 2019 жылы жолдасы Олжабай бүйрек ауруына шалдығады. Қатты күйзе­лістің салдарынан вирус оянып кетсе керек. Енді тән азабы Меңдігүлдің өзін қинай бастайды. Қан сұйылған, аяқ-қолы іскен. Сонда да жұмысын жалғастыра береді. Дерт жанына батқан соң емделудің жолын іздейді. Ас­танаға барып қаралады. Бауыр ауруымен шұғылданатын профессордың ақыл-кеңесін тыңдайды. Болашақ бұлыңғыр, ертеңгі күн қараңғы. Денсаулық сақтау министрлігіне кірген. Шетелдерде емделуге ниет еткен. Бірақ қайран болмады. Дәтке қуат – жапон дәрісі тым қымбат. Бар жиған-тергенін жұмсаған, баспанасын сатқан. Үміт жібі қолынан сусып бара жатқандай. Жарық күннің жалғыз сәулесі қымбат қой. Кішкентай қызын, жалғыз ұлын, жан жарын ойлайды. Мұндайда көңілге не кел­мейді. Әлі де өмір сүргісі келеді. Қаншама науқасты емдеп, алғысын арқалап, ақ батасын алып еді. Бір қайыры болар деген. Іштей мүжілді, бірақ, сынған жоқ. Ана рухының мықтылығы. Қалай қайран қалмассың. Ботадай боздап, бордай тозып кететін-ақ жай. Жалғыз қалса болды қараңғы, қалың ойлар қаумалайды, жа­нын жегідей жейді. Өмір-өзеннің сарқырай ағып келіп, құмға сіңер жері осы болғаны ма?

Мәйіт донорлардың шарапаты тиер ме деп те ойлаған. Ой онға, сана сегізге бөлініп жүр­ген тұста ұлы Дінболат ана­сының жан күйзелісіне шыдай алмай, бүйрегімнің бір бөлігін мен беремін ана, демесі бар ма. Алты жыл азапты аурумен алысқан ана жүрегі шым ете түсті. Өзі де дәрігер болған соң бұл саладағы жаңалықтан хабардар. Елімізде мәйіт донорлардың кезегі де ұзақ екен. Шамамен төрт мыңдай адам кезекте тұр. Ол жеткенше қашан. Бірақ баласын ойлайды. Тепсе темір үзетін жігіт. Еркін күрестен спорт шебері. Республикалық, халық­аралық жарыстарда жүлде алып жүр. Мүмкін емес, баласының бағын бай­лаған дұрыс болмайтын шы­ғар. Болашағын ойлап өзі де жылайды. Ұлы мен қызы да, немересі де.

Бірде мойнынан қан кетті. Сұп-сұйық, жылымшы қан. Жан жүрегі елжіреп кеткен болар, мына көрініс жанына батқан ұлы нағыз ерлерге тән мінезбен:

– Болды енді, ешқандай донорды күтудің қажеті жоқ – дейді.

Перзенттік шынайы пейіл­мен, таңғы шықтай мөлдіреген аппақ махаббатымен тәуекелге бел буған болар. Жүзінде қор­қыныш-қобалжу жоқ. Қиындыққа бе­кінген, шарболаттай ширыққан қалпы. Оған да оңай емес қой. Онсыз да жаны жүдеп, жүрегі жылап жүрген анасының босаң­сығанын көргісі келмеген болар. Ұлттық онкология және транс­плантология ғылыми орта­лығында Дінболаттың бауы­рының бір бөлігін алуға 6,5 сағат, анасына 9,5 сағат операция жасалды.

– Мен өзімнің әріптестерім дәрігерлерге толық сендім. Осы­лайша, 57 жасымды жан­сақтау бөлімінде қарсы алдым, – дейді М.Сауытханқызы.

Есін жиысымен баласын іздеген. Көңілі босап, көзінің жасын көл еткен. Жансақтау бөлімінде сегіз күн жатқанда жанын қоярға жер таба алмай, бауыр еті баласын аңсаумен болған.

– Екеуіміз кездескенше құт­ты бір ғасыр өткендей. Жансақтау бөлімінен түсірген кезде бөлмеме ұлым кіріп келді, – дейді кейіпкеріміз, – жүре­гім жарылып кетердей қуандым.

Үнсіздік. Ауыр ойларды ар­қа­лаған, жан дүниесін астаң-кестең еткен азапты сәт. Бір-бірін жанарларымен аймалап, жан жүректерімен құшақтағандай. Анасына екін­ші өмір сыйлаған перзенті Дінболат қазір спорт мек­тебінде жаттықтырушы, өзі де отбасылы. Перзенттері құл­дилап жүгіріп жүр. Ал Мең­дігүл Сауыт­ханқызы диспансерде науқастарға ем-дом жасайды.

Көкшетау 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары