Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Аномалды құбылыстар қайталанып отырады синоптик

Аномалды құбылыстар қайталанып отырады синоптик

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Кейіпкеріміз әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география факультетінде гидрометеорология мамандығы бойынша білім алған. Бұл салаға қызығушылығын оятқан мектепте географиядан сабақ берген ағайы екен. 

- Марқұм Абдулла Сапар ағайымыз мықты ұстаз еді. Әр планета, әр материк, әр мемлекеттің ерекшелігін талдап, түсіндіргенде, оқушылар барып көзбен көріп келгендей болатынбыз. Осы мамандықты таңдауыма Абдулла ағайымның ықпалы зор. Біздің мамандық тек бір ғана жоғары оқу орнында – әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытылады. 2012 жылы оқу бітіріп, осында жұмысқа келдім. Инженер синоптик болып еңбек жолымды бастадым, - деді ол.

Әйгерім 2018 жылдан бері компания филиалында метеболжау бөлімінің бастығы қызметінде. 

Бізбен әңгімесінде ол ауа райын болжауда қолданылатын әдістерді сөз етті. Айтуынша, «Қазгидромет» 1 күнге, 2-3 күнге, жұма күндері 1 аптаға, онкүндікке, 1 айға, 3 айға және қыс пен жаз мезгілдеріне жартыжылдық маусымдық болжам жасайды. 

- Ең бірінші кезекте біз биіктік карталарын қолданамыз. Ол абсолюттік топографиялық 850, 700, 500 гПа, салыстырмалы топографиялық 500/100 гПа карталары болып бөлінеді. Биіктік бойынша атмосфералық процестердің өзгерісін салыстырып, бақылап, анализ жасаймыз. Еуропалық модельге сүйенеміз. Бұл жауын-шашын картасы арқылы жауын-шашынның мөлшерін, қарқындылығын, түрін, жел картасы арқылы желдің орташа жылдамдығын, максималды жылдамдығын, бағытын, температура картасы арқылы түнгі минималды, күндізгі максималды температураны болжауға мүмкіндік береді. Купрянов әдісі бойынша минималды және максималды температураны, Зверев әдісі бойынша тұманды болжаймыз. Сонымен қатар 120 сағатқа дейінгі болжамды карталар бар. Уақыт жақындағанда ұзақ мерзімді болжамдар қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланады, - деді Әйгерім Жөкелова. 

Қызылорданың жазы қалай өтетіні бәрімізге белгілі. Алайда «Қазгидрометтің» аптап ыстықтағы болжамына көпшілік күмәнмен қарайды. Бұған компания өкілінің өз уәжі бар. 

- Бұл жерде халық бір нәрсені түсінбейді. Біз ауаның температурасын өлшейміз және болжаймыз. Ал көліктегі және ғимараттардағы термометрлер ауаның емес, сол өзі орналасқан заттың температурасын көрсетеді. Әр заттың жылу өткізгіштігі мен жылу сыйымдылығы әртүрлі.

Мысалы, темір, кірпіш, құм, асфальт немесе тікелей күн сәулесінің астында тұрғанда олардың температурасы ауадан және басқа заттардан әлдеқайда жоғары болады. Біз төселме беттің, яғни топырақ бетінің температурасын да өлшейміз. Аптап ыстықта топырақ бетінің температурасы 70 градустан жоғары болады. Метеостанцияларда нақты ауаның температурасын өлшеу үшін термометрлер метеорологиялық алаңда жер бетінен 2 метр биіктікте орналасқан психрометрлік будкаларда орнатылады. Метеорологиялық алаңға ештеңе кедергі келтірмеуі керек. Жанында автокөлік, биік ғимарат, ағаштар болмауы керек.

Температураны нақты көрсету үшін барлық метеостанцияның термометрлеріне әр облыстың ерекшелігіне сәйкес түзету енгізіліп, белгілі бір уақытта тексеріліп тұрады, - деді ол. 

Кейіпкеріміздің сөзінше, ауа райы болжау – қиын әрі қызық, жауапкершілігі мол жұмыс. 

- Айналамыздағы табиғаттың тосын жағдайларына қарап, аномалды құбылыстар осы күні ғана жиілеп кетті деуге болмайды. Себебі ондай құбылыстар уақыт өте келе қайталанып тұрады.

Мысалы, қалың қар, нөсер жаңбыр, секундына 30 метр жылдамдықпен ұйытқи соғатын жел, дауыл, жаздағы өте қатты ыстық, қыстағы өте қатты суық бірнеше жылда бір қайталанады.

Архивке қарайтын болсақ, мұндай аномалды құбылыстар осыдан ондаған жыл бұрын да байқалған. Ауа қабаты бір-бірімен байланысқан мыңдаған процестен тұрады. Температура, қысым, жел, бұлттардың қозғалысы, циклон мен антициклонның орын ауыстыруы – бұл процестер тез өзгереді. Сондықтан үнемі күн райының жай-күйі ұдайы бақылауымызда, - деді синоптик. 

Еске салсақ, Қазгидромет компаниясы жуырда алдағы қыс мезгіліне арналған ауа райының консультативтік болжамын ұсынды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қараша 2025 18:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары