Ақмола облысында бұрын кісі өлтірген адам қамқоршы ретінде тағайындалған
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қамқоршылар мен қорғаншылар болып психикалық аурулары бар немесе сотталған адамдар тағайындалмауға тиіс.
Мәселен, екі бірдей әрекетке қабілетсіз тұлғаға бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған адам қамқоршы болған.
Бұдан басқа, әрекетке қабілетсіз азаматқа қамқоршы ретінде «шизофрения» диагнозы қойылған азамат тағайындалған.
Сондай-ақ, уәкілетті органдармен әрекетке қабілетсіз азаматтарды есептен шығару жөнінде шаралар қабылданбаған.
Нәтижесінде, облыстың 28 қайтыс болған тұлғасы әлі де «әрекетке қабілетсіз» санатындағы есепте тұрған тұлғалар қатарында көрсетілген.
Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде бұрын сотталған қамқоршылар және психикалық ауытқуы бар тұлғалар өз міндеттерінен шектетілді, деректер заңнамаға сәйкестендірілді, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Облыс прокуратурасы осал топтағы азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Осыған дейін прокуратураның балалар орталығы тәрбиеленушісіне 1,1 млн теңге алимент өндіріп бергені туралы жаздық.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 11:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















