Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Абыройы асқақтаған аудан

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

Ақмола облысында жоғалған 7 баланың әкесі әлі табылмады туыстары не дейді

Ақмола облысында жоғалған 7 баланың әкесі әлі табылмады туыстары не дейді

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Кеңащы ауылында үш ай бұрын жоғалған Айжалғас Қайруллин әлі күнге табылған жоқ. Баласынан айырылған отбасы тергеу дұрыс жүрмей жатыр дейді. Sputnik Қазақстан тілшісі жоғалған жігіттің туыстарынан мән-жайды сұрап білді.

Үйден көршісі шақырып әкеткен

21 қазан... Қайруллиндер отбасы үшін оқыс оқиға болған күн. Ай-күннің аманында орда бұзар 31 жастағы 7 баланың әкесі Айжалғас Қайруллин ауылдан із-түссіз жоғалып кетті. Ол үйден көршісімен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

"21 қазан күні кешке көрші Азамат үйден шақырып әкеткен. Ауылда жалғыз ғана дүкен бар, сол дүкеннен екеуі саудасын жасаған. Сөйтіп екеуі мал бағатын қосқа кеткен. Сол күйі Айжалғас жоқ, көршім Азаматтыкінен барып сұрадым. Азаматтың анасы оның мас боп жатқанын айтты. Сол күні кешке тағы барып сұрадым. Азамат маған Айжалғас қоста қалды, мен сенің балаңды неге тауып беруім керек деді. Сол күйі Айжалғас жоқ болды, табылмады", - дейді жоғалған жігіттің анасы Бақшагүл Даирова.

"Көршімнен күдіктенуге дәтім бармады"

Көрші Азаматтың 19 жастағы ұлы Айжалғасты сол күні түнгі сағат 12-лер шамасында көргенін айтқан. Бірақ полицияға оны мойындамаған.

"Үйге келіп тұрып айтты. "Түнде Көкшетаудан машина алып келгенде Айжалғасты көрдім, ол әкемді сұрады. Үйіңе бар, әкем мас боп отыр деп айттым" деді. Бірақ полиция сұрағанда "мен түсімде көріппін" деп мойындамады. Негізі көршім Азамат анда-санда ұрттағаны болмаса, жақсы адам. Үнемі көмек қолын созып тұрады. Жасы 45-те, осы ауылда туып өскен. Жаман әдетін көрген емеспін", - дейді анасы.

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Кеңащы ауылында үш ай бұрын жоғалған Айжалғас Қайруллин әлі күнге табылған жоқ

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Кеңащы ауылында үш ай бұрын жоғалған Айжалғас Қайруллин әлі күнге табылған жоқ

Көршіден күдіктенуге дәтім бармады деген Бақшагүл полицияға 3-4 күн өткен соң ғана шағымданған. Бір шеті баласы аман-есен оралады деп күткен.

Полиция менің шағымыммен іс қозғамады

Азамат Айжалғаспен қосқа бара жатып, жолдан Айжалғастың көліктен түсіп қалып, ауылға қайтып кеткенін айтқан. Дәл сол күні ауылдың бір тұрғыны сол қосқа барады. Бірақ ол жерден Азамат пен бөтен малшының ішімдік ішіп отырғанын көрген, бірақ Айжалғасты көрмеген.

"Азаматтың айтуынша, Айжалғас екеуі қосқа жетпеген. Сағат кешкі 19:30-21:30 арасында небәрі екі сағатта балам жоғалып кетіп отыр. Азамат қоста қалды дейді, біресе жолда түсіп қалды дейді, ал оның баласы түнгі 12 шамасында есік алдынан көрдім дейді. Алдында бір шулатып іздеп ем, тергеу жүргендей сияқты болды, бірақ менің арызыммен ешкім де қамалмады. Азаматты полиция ішімдік ішіп көлік басқарғаны үшін ғана екі рет қамады. Қазір үйінде жүр", - дейді Айжалғастың анасы.

Неменге келдің, балаңды өлтіріп тастады

31 жастағы Айжалғас ешкіммен қақ-соғы жоқ, тыныш адам. Ілік іздеп кісімен жаға жыртысқан жері жоқ, әлжуаздау, дейді туыстары.

"Арасында өзім де құмалақ саламын. Балам құйысқанға оралып үйге кіріп тұрған жоқ, айдалада деп көрсетеді. Не өлі, не тірі екенін білмеймін. Атақты деген бір көріпкелге де бардым. "Неменеге келдің, балаңды сол күні өлтіріп тастаған. Өлтірем деп өлтірмеді, абайсызда болған. Сенің балаңмен қосқанда ол жерде төрт адам болған. Біреуі жас адам. Сол жас адам айтуы керек еді, неге айтпай отырғаны белгісіз" деді көріпкел. Көршімнен де күіктенгім кеп тұрған жоқ, бірақ маңдайыма біткен жалғыз балам. Тірі болса, біреу алып кетсе, қайтарыңыздаршы", - дейді Бақшагүл.

Баламды қайтарса, сұрағанын берем деген ана еңірегенде етегі жасқа толып отыр.

Полиция күдіктіден айғақ таппапты

Айжалғас Азаматтың көлігінен түсіп ауылға барарда адасып кетті деуге келмейді. Өйткені ауыл шамы самаладай жанып тұр, түнде де адасу мүмкін емес, дейді Айжалғастың туысы Болатбек Даиров.

"Ауыл жазық жерде орналасқан, орман да жоқ. Айжалғасты іздеп барлық жерді қарадық. Үлкен көл де жоқ маңымызда. Ұсақ көлшік сияқты бар, оның барлығы тексерілді. Еш жерде жоқ. Істі сұрап аудандық полиция бөліміне бардық. Тергедік, күдікті деген ер адам ешнәрсе айтпайды, арнайы детектордан да өткіздік дейді, бірақ біз ешнәрсесін білмейміз.

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Кеңащы ауылында үш ай бұрын жоғалған Айжалғас Қайруллин әлі күнге табылған жоқ

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Кеңащы ауылында үш ай бұрын жоғалған Айжалғас Қайруллин әлі күнге табылған жоқ

Игорь Валерьевич деген аудандық полиция бөлімінің басшысымен сөйлесіп тұрамыз, "іздеу жүріп жатыр, бізде күдіктіде күмән тудыратын айғақ боп тұрған жоқ, сол себепті тек іздеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз" деді", - дейді Болатбек Даиров.

Айжалғастың артында 7 баласы қалды: үлкені 4-сыныпта оқыса, кенжесі небәрі бір жаста. Жоғалардан бір ай бұрын думандатып баласының бесік тойын жасаған. Жанжал болып, біреумен сөзге келіспей қалғаны туралы оқиғадан бұрын айтпаған. Бұған дейін Айжалғастың үйінен кетіп қалатын әдеті де болмаған. Тұрмысы жақсы, түтіні түзу шыққан отбасы әлі күнге жалғыз ұлының не өлі, не тірі екенін білмей дал.

Тергеудің қалай жүріп жатқанын Sputnik Қазақстан тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінен сұрап көрді.

"Содан бері оның орналасқан жері белгісіз болып қалуда және іздеулер шамамен 2,5 ай бойы жалғасып жатыр. Іздеу іс-шаралары барысында пилотсыз ұшу аппараттарын, қызметтік-іздестіру иттерін және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктерді пайдалана отырып, дала аумағына ауқымды барлау жүргізілді. Полицейлер Кеңащы, Ақбұлақ, Заозерное, Қазанқап ауылдарының аумақтарын, жақын маңдағы шалғай учаскелерді, орман алқаптарын және жергілікті жердің жету қиын учаскелерін зерттеді", - дейді полицияда.

Іздестірумен қатар жедел-тергеу іс-шаралары да жүргізілді. Жедел қызметкерлер Айжалғас Қайруллиновтың жоғалып кеткен күні оны көрген азаматтарды, сондай-ақ жақын қарым-қатынас шеңберіндегі адамдарды анықтады және жауап алды.

"Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасып жатыр. Айжалғас Қайруллиннің белгілерімен бағдарлар басқа облыстардың полиция департаменттеріне жіберілді, сондай-ақ еріктілердің көмегімен әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Құқық қорғау органдары азаматтардан іздеуде көмек көрсетуді және жоғалған адамның орналасқан жерін анықтауға көмектесетін кез келген ақпаратты хабарлауды сұрайды", - дейді Ақмола облыстық полиция департаментінде.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 22:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

13 Шілде 2026 12:23see120

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see116

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see116

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

13 Шілде 2026 12:30see115

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see113

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see112

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see111

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see111

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see109

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see109

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары