Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Ақша да жоқ, үйірме де жоқ: ата аналар Yaya сервисіне қатысты жаппай шағым айтуда

Ақша да жоқ, үйірме де жоқ: ата аналар Yaya сервисіне қатысты жаппай шағым айтуда

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Tesla Education оқу орталығының айналасындағы дау аяқталмай жатып, балалар үйірмелеріне арналған YaYa қосымшасын қолданушылар бас көтерді. Ата-аналардың айтуынша, компания абонементтер үшін төлем алғанымен, оны оқу орталықтарына уақытылы аудармаған. Соның салдарынан көптеген келісімшарттар бұзылып, балалар үйреншікті үйірмелеріне бара алмай отыр. Ал YaYa қаржылық модельдің күйрегенін мойындап, міндеттемелерді кезең-кезеңімен реттеуге уәде берді.

Бізден мәселені жұртшылыққа жеткізуді сұрап хабарласқан ата-аналар бүгінде қыруар қаржы төлесек те, қызмет ала алмай отырмыз деген шағымын айтты. Олардың қатарында бір емес бірнеше баласына бір жылға абонемент алған отбасылар да, көрсеткен қызметі үшін әлі ақы алмаған оқу орталықтары да бар.

Мәселені шешу үшін хабарласқан қолданушыларға компания қызметкерлері «сіздерге біз әу бастан тым үлкен жеңілдік жасадық, соны жасамау керек еді» деген  жауап қайырған.

– Өзіміз ауылда өстік, түрлі үйірмелерге баруға мүмкіндік болған жоқ. Сондықтан барынша баланың дамуына көңіл бөлеміз. Осы мақсатта екі балама 760 мың теңгеге YaYa қосымшасының бір жылдық абонементін сатып алдым. Соның тек 5 айында ғана балам қосымшаларға барды. Бірақ соңғы уақытта 4 рет оқу орталығын ауыстыруға мәжбүр болдық. Нәтижесінде балам ағылшын тіліндегі бір грамматиканы төрт жерден өтіп шықты, бір сөзбен айтқанда бір тақырыпты төрт рет, төрт түрлі жерден өтті, – дейді Айнұр есімді Yaya қосымшасын қолданушы.

Оның айтуынша, орталықты осылай жиіс ауыстырғаннан кейін баланың үлгерімінде ешқандай нәтиже болмаған.

–  Ал менеджерлерге оқу орталықтары неге бізді ары қарай қабылдамайды десең, айтатындары «ішкі кухнямызда қаржылық проблемалар болып жатыр, кезінде сіздерге үлкен жеңілдіктер жасадық, соны жасамау керек еді», дейді. Кезінде бізге ұсынғанда маркетингтары күшті болды, ал компанияның ішкі проблемасы енді неге бізді толғандыруы керек, – деп ашына жауап берді ата-ана.

Айнұр бұған дейін де балаларын ағылшынға, бассейнге апарғанын, сондықтан нарықтың бағасын білетенін айтады.

– Мысалы, балада аутизмі болса, дем алуы әлсіз болса, бассейн керек екенін білеміз. Сол себепті бізге ыңғайлы әрі тиімді болғандықтан ғана сатып алған едік. Қазіргі таңда 150 мың теңге өз қалтамнан шығарып заңгер жалдап отырмын. Мақсатым қалған 600 мың теңгемді қайтарып алу. Одан бөлек, емізулі балам болғандықтан, қазіргі жағдайдың барлығы маған әсер етіп отыр, – дейді ата-ана.

Проблемамды азайтамын деп, керісінше, көбейтіп алдым деген ол баламның қосымшасына төлеген қаражатты мемлекеттен алатын жәрдемақыдан жырып алғанын жеткізді.

– Өзім енді ғана босанғанда, сол 760 мыңға пособиямнан жырып өзім санаторияда ем алмай, балаларым білім алсын дегенде мына YaYa-ның істегенін қараңызшы. Олардың қаншама подписчиктары бар, маркетингтары бар, басында сөйлеген кезде күшті болды. Үлкен компания болғандықтан сендік. Каспи банкке звондағанда қазір олардың қызметтері сатылымда жоқ деп қана жауап берді. Енді ата-аналар балалар қосымшаға бармаса да бөліп төлеуге алған соманы төлеуге мәжбүр. Сол нәрсе жанға батады, – дейді Айнұр.

Оның айтуынша, компания өзге ата-аналарға елу пайызын ұстап қаламыз да, қалған сумманың ішінен баланың келген күндерін шегеріп қайтарамыз деген.

– Бізге де солай істеуі әбден мүмкін. Қызметті сатып алған кезде мұндай шарттардың ешқайсысы да түсіндірілмеді. Ал бізге көрсеткен келісімшарттың бесінші тармағында егер сіздің тарапыңыздан келісімшарт бұзылса, 50 пайызы ұсталады деп тұр. Сонда төрт орталық жабылса да, келесімді біз бұзған болып есептеле ме?, – дейді қосымша қолданушысы.

Ал Аида есімді қолданушы компанияға сотқа дейінгі талап-арыз жолдағанын айтты. Дегенмен компаниядан мұндай талаппен келіспейтіні жайында жауап келген.

– Алғашында бәрі қалыпты жүрді. Алайда қазан айында спорттық гимнастика жабылды, кейін бассейн жұмысын тоқтатты, ал қараша айында «Развивашка» орталығы жазылуды мүлде тоқтатты. «Развивашканың» директоры YaYa компаниясының оларға шамамен екі айдан бері төлем жасамағанын, тіпті қызметкерлердің жалақысын өз қалтасынан төлеп отырғанын ашық айтты, – дейді ол.

Қолданушы желтоқсан айында көрсетілмеген қызметтер үшін ақшаны қайтаруды талап еткен.

– Алайда олар қайта есептеп, мен абонементтің жарты жылын «пайдаланып қойғандай» көрсетіп, 660 000 теңгенің орнына шамамен 300 000 теңгені ғана қайтаруды ұсынды. Адвокатыммен бірге сотқа дейінгі талап-арыз жолдадық. Олар оны қабылдап, қол қойғанымен, келесі күні талаппен келіспейтіндері туралы хат жіберді, – дейді Айнұр.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде кейбір ата-аналар ақшаны қайтару туралы келісімдерге қол қойып қойған, бірақ 1 айдан 4 айға дейін күтсе де, әлі күнге дейін қаражаттарын қайтара алмаған.

– Менің абонементім қазір «қатырылды». Қызмет көрсетілмейді, ақша қайтарылмайды. Біздің мақсатымыз – тек көрсетілмеген қызметтер үшін төленген қаражатты қайтарып алу, – дейді ол.

Мұндай ата-аналардан бөлек оқу орталықтары да компанияның дер кезінде төлемдер жасамағанынан шығын көріп отырғанын айтуда. Солардың бірі Step by step орталығы. Орталық өкілі алғаш рет 2024 жылдың соңында күмәнді жайттар пайда бола бастағанын жеткізді.

– 2024 жылдың қазан немесе қараша айларында 2-3 ай төлемдер болған жоқ. Кейіннен барлығы орныққандай болды, уақытында төлемдер жасалып жатты. Нағыз проблема тамыз, қыркүйек айында басталды. Осы екі айда мүлде төлем жасалмады. Тек қараша айында оларды қатты қыспаққа алғаннан кейін төледі. Қазіргі таңда мен олардан қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар айлары үшін төлемдер жасауын күтіп отырмын. Ол жерде де 70-80 мыңдай бар әлі, сондықтан слоттарды тоқтаттым, өйткені мұғалімдерге де ақысын төлеп, материалдар алуым керек. Енді не жағдай болып жатқаны түсініксіз, – дейді ол.

Step by step орталығы ендігі заңгермен бірге сотқа дейінгі талап-арыз жолдап, әрі қарай серіктестікті тоқтатуға мәжбүр екенін айтуда.

– Қазан, қараша айынан бері бері барлығын "міне, транш күтіп отырмыз, бізге әне-міне аударуы қажет, 15-іне дейін, 31-іне" дейін деп "ертеңмен" тойғызып келеді, ал нәтижесінде түк шықпады. Сондықтан енді төлемдерді жіберу туралы компанияға сотқа дейінгі талап-арыз жібереміз, ары қарай бұл компаниямен жұмыс істеудің мәнін көріп тұрған жоқпын. Ең бастысы балаларға жаным ашиды, мысалы, қаңтарда ата-аналардың өтінішімен ғана қайта слоттарды ашқан едім. Ал қазір бәрі шегіне жетті, – дейді орталық өкілі.

Yaya компаниясы да өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы екі айда туындаған қаржылық қиындықтарға байланысты мәлімдеме жасады.

«Балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беру және бір ғана орталықпен шектелмеуі үшін қатысу ақысын өз қаражатымыз есебінен субсидияладық. Алайда даму барысында қолданыстағы қаржылық модельдің нарықтық жағдайларға төтеп бере алмайтыны белгілі болды. Қарапайым тілмен айтқанда, абонементтер өзін-өзі ақтамады әрі бизнестің шығынға ұшырауына алып келді. Бұл жағдай кассалық алшақтықтың пайда болуына және жобаның операциялық әрі қаржылық құрылымын қайта қарау қажеттілігіне себеп болды», – делінген мәлімдемеде.

Yaya бұл кезеңде жобаны сақтап қалу және тұрақтандыру мақсатында инвесторлармен және серіктестермен келіссөздер жүргізгенін атап өтті. Сонымен қатар, компания клиенттермен байланыс кешігіп қалғанын мойындап, кешірім сұрады. Қазіргі жағдайға қатысты Yaya шектеулі қаржы ресурсын тарту бойынша келісімдерге қол жеткізгенін мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда компания шектеулі қаржы ресурсын тарту бойынша келісімдерге қол жеткізді. Бұл клиенттер мен серіктестер алдындағы міндеттемелерді реттеу процесін бастауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады компания.

Компания жақын арада әрбір клиентпен және серіктеспен жеке байланысқа шығуға уәде берді. Олардың айтуынша, әр тарапқа қазіргі мүмкіндіктерге сай нақты шешім ұсынылады.

Сондай-ақ, YaYa компаниясы 1 ақпаннан бастап қосымшаға кіру уақытша шектелетінін хабарлады. Онда бұл шешім жобаны қайта құрылымдау және клиенттер мен серіктестер алдындағы міндеттемелерді реттеу үшін қабылданғаны айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірер жыл бұрын қосымшаның негізін қалаушылар компанияның айналымы 1 млн АҚШ долларына жетті деп мәлемдеген. Сондай-ақ Yaya стартапы Еуразиядағы 500 Global акселерация бағдарламасынан өткенін және жетекші венчурлық қордан $100 мың көлемінде инвестиция тартқаны белгілі болған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 14:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see162

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see160

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see159

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see152

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see151

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see148

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see146

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see142

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see142

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see139

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see137

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see134

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see133

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see132

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see131

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see127

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see127

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see125

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see122

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары