Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ақши халқының жанайқайы: 20 күннен бері ауыз су жоқ

Ақши халқының жанайқайы: 20 күннен бері ауыз су жоқ

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округінің орталығы Ақши ауылында 6 мыңнан астам тұрғын ауыз сусыз отыр. Елді мекеннің жағдайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.

Ақшиліктер бөтелкемен су тасып жүр

Түтіні түзу Ақшидің әттеген-айы сол, ауыз су жоқ. Қалың жұрт піләк пен бөтелкесін, су құятын құтысын көтеріп, су тасушының жолын тосуға мәжбүр.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

© Sputnik / Айдана Дайырова

Өйткені елу жылда әбден тозығы жеткен су құбырлары жөндеуге келмей қалған. Кімді сөзге тартсаң да айтары бір – су жоқ.

"Қаншама жыл болды, құбыр жарылып кетсе, жамап-жасқап әуре болады. Ол қайта жарылады. Міне соңғы 20 күндей болды, мүлдем ауыз су жоқ. Құбырлар шіріп кеткен. Оны түгел жаңалау керек", - дейді ауыл тұрғыны Сайын Жарылғасов.

Халық сенуден қалған

Кезінде Ақши Күрті ауданының орталығы болған. Тәуелсіздік алған жылдары тарап, қолдан қолға өтіп, біресе Жамбыл, біресе Іле ауданының қарамағына кірді.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Екі жарым шақырымдай құбырды жамап жатыр дейді. Бірақ ары қарай құбыр жарылмайды дегенге сенбейміз", - дейді ауылдықтар.

33 жылға созылған проблема

Ауыз су құбыры 1972 жылдан бастап салынып, 4 жылдан кейін пайдалануға берілген.

1997 жылдары да ауыз су бірде бар, бірде жоқ болған. Өйткені ауыл электр тогына қарыз болған. Тұрғындар су тасып күн көрген. Қысқасы Ақшидегі ауыз судың мәселесі 1992 жылы, 33 жыл бұрын басталған. Бірақ ол кезде құбыр тозбаған.

Жыл басынан бері 70 рет жарылған

"Жарылған құбырды жасаумен келдік. Биыл жыл басынан бері су құбырларында 70 рет апатты жағдай болды. 6 қарашада құбыр тағы жарылды. Жасап болған соң су бірден келе салмайды. 72 шақырым ағып, 20 сағатта бір-ақ келеді. Оны күтеміз. Су келгенде қайта жарылады, қайта тоқтатамыз", - дейді Күрті ауылдық округі әкімінің орынбасары Дулат Әбілғани.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

© Sputnik / Айдана Дайырова

6 қарашадан бастап 10 күн бойы су мамандары жарылған құбырмен алысқан.

"Боз ой" топтық су құбыры деген мекеме сол күнге дейін жасап келді. Ол кезде 80 тоннадай су қоры болған. Оны су тасығыш көлікпен тасыдық. Содан 16 қарашада 7-ші рет жарылды. Алдында бір жерінен ғана жарылса, сол күні құбыр 6 жерінен бір-ақ жарылып кетті. "Боз ой" мамандары құбырды қалпына келтіруге шамамыз жетпейді деді", - дейді әкім орынбасары.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

© Sputnik / Айдана Дайырова

Ауыл әкімдігі ауданға, аудан әкімдігі облысқа шығып, абыр-сабыр басталады. Аудан әкімі сусыраған халықпен кездесіп, жағдайды түсіндіруге тырысады.

72 шақырым құбыр түгел тозған

Ақшиге су Қараой ауылынан 72 шақырым жерден келеді, құбырдың бәрі тозған. 2020 жылы 63 млн теңге бөлініп, жобалық сметалық құжат жасалған. Жалпы Ақши ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге 7 млрд теңге керек", - дейді Дулат Әбілғани.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

1/4

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

2/4

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

3/4

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

4/4

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

1/4

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

2/4

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

3/4

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

4/4

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысында 6 мыңнан астам тұрғын айға жуық ауыз сусыз отыр

Мұндай қаражаттың жоқ екенін айтып, аудан әкімі халыққа ауыз суды уәде бермеген. Негізі бұл құбырларға жауапты су ресурстары министрлігі дейді әкімдік. Ал бұл жолы облыстық төтенше жағдайлар саласынан қаржы бөлініп, 2,5 шақырым құбыр ғана жасалып жатыр. Бірақ бұдан кейін ақшиліктердің ауыз сусыз қалмайтынына кепілдік жоқ.

Қазір үш "водовоз" су тасып жүр. Күніне 32 тонна су әкеледі.

"Тұрғындар көше аралап су таратсын деп жатыр. Бірақ олай істеуге мүмкіндік жоқ. Өйткені тұрғындар моншасына дейін су толтырып, шланганы жібермей қояды", - дейді Күрті ауылдық округінің әкімдігі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:206
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 16:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары