Ақтау мен Құрық порттары жаңғыртылып, Әзербайжаннан екі кеме сатып алынады
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
– Каспий хабы бойынша Ақтау және Құрық порттарын модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін Ақтау портында қытайлық Ляньюньган компаниясымен бірлескен контейнерлік хаб құрылысының бірінші кезегі аяқталады. Жоба толық іске асырылғаннан кейін хабтың қуаттылығы жылына 240 мың контейнерге дейін жетеді, – деді Н.Сауранбаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сонымен бірге, Ақтау портының акваторясын тереңдету, айлақтарды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Құрық портында «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жалғасып жатыр. Каспий теңізі арқылы контейнер тасымалын ұлғайту үшін 2027 жылға дейін Әзербайжаннан сыйымдылығы 780 контейнер болатын екі кеме сатып алу жоспарланған. Порттарға баратын теміржол желісінің де өткізу қабілетін ұлғайту жұмыстары қолға алынды, – деді Көлік министрі.
Бұл жобаларды іске асыру Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілетін 30 млн тоннаға дейін жеткізеді.
Оған қоса 2026 жылға дейін Жаңаөзен қаласын Түркіменстанмен байланыстыратын автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, Қазақстанда 2030 жылға дейін 5 трансшекаралық хаб ашылады.
Елдегі барлық трансшекаралық хабтар көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:82
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 11:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















