Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Ақтау және Құрық порттарының әлеуеті артты

Ақтау және Құрық порттарының әлеуеті артты

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақтау және Құрық порттары арқылы 3 млн тонна бидай тасуға болады.

Таяуда отандық астықты Арменияға жібердік. Бұл астық экспортның үлесі арта түскенін көрсетеді. 

Кезінде теміржолмен Батыстағы шет мемелкеттерге жүкті Ресей арқылы тасымалдасақ, қазір Каспий теңізі арқылы жіберуге мүмкіндік мол және теңіз жолының әлеуеті жылдан жылға артып келеді.

Бүгінде қос порт жылына 6 млн тоннадан аса жүк өткізе алады. Контейнер саны да еселенді. Яғни, жаңа хаб, терминалдар құру маңызды. Ол былтыр қабылданған «Теңіз порттарын дамыту бойынша» кешенді жоспар аясында жүзеге асады.

2030 жылға қарай Ақтау және Құрық порттарының өткізу қабілеті 10 млн тоннаға жетеді. Қазірдің өзінде тасымал көлемі 6 млн тоннадан асып отыр. Әсіресе, Әзербайжан президентінің елге сапары отандық транзиттік әлеуетті еселеуге септесті. Енді Қазақстанның бидайы Әзербайжан арқылы Арменияға жеткізіледі. Бұған дейін астық Ақтау порты арқылы Иранға тасымалданатын.

Жасұлан Керімбаев, ҚР Көлік министрлігі Теңіз порттары басқармасының басшысы:

- 2024 жылдың қорытындысы бойынша 900 мың шамасында бидай тасымалданды. Осы жылы да осы көлемді арттыру бойынша жоспарымыз бар. Бидайды өткізу қуаттылығы бүгінгі күні порттар арқылы 3 млн тоннаны құрайды. Жақында Әзербайжан тарапы Армения мемлекетіне транзитпен бидай өткізуге рұқсат берген жоспары бар. Сол бағытта да біз бидайды тасымалдауға ниеттіміз. 

Ақтау және Құрық порттары арқылы жүк тасымалдау тиімді. Мамандар Таяу Шығыс, Түркия, Жерорта теңізі арқылы Батыс Еуропа, Солтүстік Африка, Солтүстік және Оңтүстік Америка бағытын еңсеріп жатқанымызды айтады. Біздегі зор мүмкіндікке көрші елдер де қызығып отыр.

Қуаныш Есетов, Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы:

- Өзбекстандық, қырғызстандық, тәжістандық әріптестеріміз осыған жоғары қызығушылық білдіруде. Себебі олар да біз сияқты Еуразия құрлығының ортасында қалып, жан-жаққа, мұхитқа, теңізге апаратын өздерінің шикізат, шығарып жатқан өнімдерін апарудың жолдарын қарастыруда. Осылайша, біздің порттарымыз Ақтау және Құрық порты Әзербайжанға жолданып жатқан бағдар бағыты тек қана Қазақстан үшін маңызды емес, жалпы Орта Азия үшін өте жоғары маңызы бар жол.

Әзербайжан елімен Каспийде үлкен паромдық жүйе құру бойынша келісім жасалғаны белгілі. Демек, көп көлемді жүкті Қара теңіздегі порттарға дейін жеткізу көзделеді. Мақсат айқын. Енді теңіздегі отандық флотты дамыту маңызды.

Жасұлан Керімбаев, ҚР Көлік министрлігі Теңіз порттары басқармасының басшысы:

- Қазақстандық теңіз флоты 18 кемеден тұрады. Оны 29 жылға дейін 34 кемеге жеткізу бойынша жоспарымыз бар. Соның ішінде жаңадан салынатын контейнерлік тасымалдау кемелері, сонымен қатар паромдық кемелер осы жылы 2 паром Қазақстан туының астына келу бойынша жоспары бар.

Яғни қос портымыз арқылы Қытай - Еуропа бағытына 300 мың контейнер тасымалдау мүмкіндігі болады. Ол 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

2025 - 60 мың

2026-2027 - 100 мың

2028 - 200 мың

2029 - 300 мың

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:182
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 08:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары