Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42 отырысы өтті

Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42 отырысы өтті

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жетекшілігімен Ақтауда ТҮРКСОЙ елдері мәдениет министрлерінің 42-отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиында Әзербайжандағы Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитінде жарияланған қорытынды құжаттар мен президенттердің тапсырмалары талқыланды. Отырыс барысында 2026 жылға арналған ТҮРКСОЙ ұйымының жұмысын жетілдіру бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының қорытындысы шығарылды. Аида Балаева өз сөзінде айтулы жыл аясында кең ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өтті.

Жиында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев құттықтау сөз сөйледі. Ол биыл ұйым үш мыңнан астам әртістің түрлі іс-шараларға қатысуын ұйымдастырып, жүздеген басылым мен цифрлық материал шығарғанын тілге тиек етті.

«2025 жылы «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасын қолдағаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы алғысымды білдіремін. Габаладa өткен саммитте Қазақстан Президентінің сөйлеген сөзі бұл мәртебенің ортақ мәдени кеңістігіміз үшін маңызын айқындай түсті. Биыл біз тарихи оқиғаның куәсі болдық: мемлекет басшылары уақыт талабына сай ТҮРКСОЙ-ды нығайту қажеттігін атап, Бас хатшылыққа осы жұмысты бастауды тапсырды. Бұл жай ғана шешім емес – түркі әлемі елдерінің мәдени ынтымақтастығының болашағын айқындайтын стратегиялық кезең», – деді Бас хатшы.

Отырыс соңында Аида Балаева 2026 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесі Әндіжан қаласына берілетін болғандықтан, ТҮРКСОЙ-дың уақытша үйлестірушісі міндетін өзбекстандық әріптесі Озодбек Назарбековке тапсырды.

Кездесудің соңында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің декларациясы қабылданды. Отырыста ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түрікменстанның мәдениет министрі Атагелды Шамырадов, Өзбекстанның мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Әзербайжан Мәдениет министрінің орынбасары Мурад Гусейнов, Қырғызстан Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Аскаралы Мадаминов, Түркия Мәдениет және туризм министрінің орынбасары доктор Сердар Чам, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев қатысты.

Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) ортақ материалдық және мәдени мұраны сақтау, дамыту және болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында түркі елдері мен аймақтарын біріктіру мақсатында құрылған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 18:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары