Ақылды колледж жобасы іске қосылмақ
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері мен студенттері бірлесіп, «ақылды колледж» стендін жасады. Жоба қашықтан басқару жүйесіне негізделіп, колледж ішіндегі электр мен сумен жабдықтау жүйесін бір орталықтан автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді.
Өндірістік оқыту шеберінің айтуынша, бұл бастама – колледждің ішкі инфрақұрылымын заманауи технологиялар арқылы тиімді басқаруға бағытталған.
– Біз осы жобаны колледждің өз ішінде қолдануға арнап жасадық. Мысалы, ғимаратта жарық немесе кондиционер қосылып қалса, оны күзетші колледж алдындағы экраннан көріп, бір батырма арқылы қашықтан өшіре алады. Сол сияқты ашық қалған суды да автоматты түрде өшіруге мүмкіндік бар, – дейді колледждің өндірістік оқыту шебері Серік Түркменбаев.
Қазір колледждің энергия тиімділігін арттырып, ресурстарды үнемдеу мақсатында қолға алынған жобаны тәжірибеден өткізіп жатыр.
Колледж басшылығы бұл тек энергияны тиімді жұмсау ғана емес, қауіпсіздік деңгейін арттыру, уақыт үнемдеу мен қолайлы жағдай жасау, заманауи технологияның мүмкіндігін кеңінен қолдану екенін айтады.
Маңғыстау облысы
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















