Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Армения сенімді серіктес ел

Армения сенімді серіктес ел

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Армения Еуразия құрлығында сыртқы саясаттың жаңа формулаларын сынап жатқан елдердің бірі.

Батыспен байланысын үзбей, аймақтағы серіктестерін де жоғалтпай, Ереван көпвекторлы бағытты ұстану арқылы өз орнын айқындап келеді. Соңғы жылдары ел инвестиция тартуды жеделдетіп, кедендік жүйесін жаңғыртып, Еуропамен әріптестігін күшейтуге басымдық беріп отыр. 

Армения экономикасы – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп қатар дамыған, құрылымы әртараптандырылған жүйе. ЖІӨ-де жетекші орынды ауыл шаруашылығы иеленеді - шамамен 31%. Одан кейін өнеркәсіп (21,8%), сауда (8,7%), құрылыс (8,5%) және көлік саласы (5,1%). Сондай-ақ Армения жаһандық сахнада  да белсенді. Мемлекет әлемнің 172 елімен дипломатиялық қатынас орнатып, 40-тан астам халықаралық ұйымға мүше. Бұл елдің сыртқы саясаттағы кең ауқымды бағытының айғағы. 2022 жылы ел экономикасына шетелден 1 млрд доллар капитал тартылды. Шетелден түсетін жеке ақша аударымдары ел экономикасы үшін маңызды фактор. 2021 жылы олардың үлесі ЖІӨ-нің 11%-ын, ал 2022 жылы көлемі 866 миллионнан 3,6 млрд долларға дейін өскен. Сыртқы сауданың жылдық айналымы 21 млрд доллардан асады. Елдің негізгі экономикалық тірегі – қызмет көрсету саласы. Оның үлесі ЖІӨ-нің шамамен 60% құрайды. Минералды ресурстар да елдің маңызды активтерінің бірі. Арменияда мыс, молибден, мырыш, алтын және қорғасын өндіріледі - бұл бағыттар экспорт құрылымында елеулі орын алады.

Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:

- Армения үкіметі шетелдік инвесторларға, оның ішінде қазақстандық серіктестерімізге жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз инвестициялық жобаларды дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар ұсынып отырмыз. Бұл жобалар экономикалық өсу мен инновацияны дамытуды көздейді. Арменияның еркін экономикалық аймақтарында бизнесті жүргізуге өте қолайлы жағдай жасалған. Еліміз Еуразиялық экономикалық одақтың аясында Қазақстанмен жеңілдетілген сауда жасау мүмкіндігіне ие.

Армения Қазақстан үшін уақыт сынынан өткен сенімді серіктес ел. Екі мемлекет арасында жылдар бойы тұрақты саяси диалог қалыптасып, гуманитарлық байланыстар кеңейіп келеді. Сауда-экономикалық қатынастар күшейіп, ынтымақтастық артуда. 2024 жылы Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы шамамен 36 млн долларды құрады. Ал биылғы қаңтар-шілде айларында бұл көрсеткіш 28,7 млн доллардан асты. Сауда көлемінің артуы, ең алдымен, металлургия, мұнай-химия, химия және азық-түлік өнімдерінің жеткізілуіне негізделмек. Сала сарапшыларының айтуынша, Армения Қазақстанмен сауда көлемін ұлғайтса, 350 млн доллар көлемінде қосымша экспорт жасауға мүмкіндігі бар. Бүгінде Армения Қазақстанға зергерлік бұйымдар, алмас, косметика, аяқ киім, электроника және құрылыс материалдарын жеткізеді. Екі ел арасындағы жоғары деңгейлі байланыстар мемлекет басшыларының өзара ықпалдастықты нығайтуға бағытталған саясатының нәтижесі. 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға сапары мен Армения президент Ваагн Хачатурянның Астанаға келуі – екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін берді. Бүгінде Қазақстанда армян капиталының қатысуымен 340-қа жуық компания және 76 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Ал Арменияда 100-ден астам бірлестік тіркелген.

Авторы: Әйгерім Ардаққызы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 19:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары