Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Кофені көп ішсе, не болады?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Аса маңызы бар дәрілердің 37 пайызы елде өндіріледі

Аса маңызы бар дәрілердің 37 пайызы елде өндіріледі

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Елімізде ұлттық фармацевтикалық өнеркәсіп дамып, ішкі нарықтағы дәрілік заттардың үлесі артып жатыр. Келер жылға арналған препараттарды сатып алу аясында олардың бағасы 50 пайыздан 300 пайызға дейін төмендеді. Яғни бұл – көптеген дәрі-дәрмек бағасының арзандай түскенін көрсетеді. Бұған Денсаулық сақтау министрлігінің атқарған шаралары сеп болды. 

Дәрі-дәрмекке баға белгілеудің жаңа цифрлық жүйесі іске қосылды. Яғни өндіруші бағасын тіркеудің бірыңғай тәсілі енгізіліп, маркетингтік және көлік үстемелері алынып тасталды. Сөйтіп қымбат препараттардың қолжетімді баламасы 30 пайызға арзандай түсті. Соның нәтижесінде қазір нарық қатысушылары үшін біркелкі әрі ашық ережелер қалыптасып отыр. Енді мемлекет халықты қосымша дәрі-дәрмекпен қамтуда отандық фарм компаниялардан тиісті препараттарды арзан бағада сатып алатын болады.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Министрлік дәрілік заттарға баға белгілеудің жаңа тетігін енгізді. 2026 жылға арналған сатып алулар толықтай жаңартылған жүйе арқылы жүзеге асырылуда. Бірқатар жоғары шығынды дәрілік заттар бойынша бағаның төмендеуі 50-ден 300 пайызға дейін жетті. Жаңа баға қалыптастыру механизмі негізінде бөлшек және көтерме сауда үшін 4900 атауы бойынша бағалар қайта қаралды. Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында бөлшек сауда желісін мониторингтеу нәтижесінде халық арасында сұранысқа ие препараттардың бағасы орта есеппен 12%-ға төмендеді.

Дәрі-дәрмек бағасының өзгеруі – өндірушілер мен жеткізушілерге жақпай қалуы мүмкін. Алайда мемлекет бірінші кезекте халықтың қажеттілігін ойлауы керек. Отырыста Премьер-министр осылай деп, отандық фармацевтикаға қаржы тарту көздерін көбейту бойынша инвестициялық келісімдер жасалып жатқанын айтты. Қазір бұл бағытта тоғыз жоба қолға алынған. Енді жауапты ведомство мүделлі мемлекеттік органдармен бірігіп, үш айда барлық келіссөзді реттеуі қажет.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Биыл препараттарға бағаны төмендетудің арқасында мемлекет дәрілерді сатып алуда 36 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеді. Бұл қаражат халықты қосымша дәрімен қамтамасыз етуге бағытталады. Сатып алу бағаларының төмендеуі өндірушілер мен жеткізушілерге ұнай бермейтіні түсінікті. Алайда біз азаматтарымыздың мүдделерін басшылыққа алуымыз керек. Дәрілер әділ бағамен сатып алынатын болады. Отандық фарм өндірушілерге айтарым: біз сіздерді әрі қарай да қолдаймыз. Оған ешқандай күмән болмасын. Десе же мемлекеттік қолдау шаралары сапалы медициналық өнімді жеткізетін және бағаны жасанды түрде өсірмейтін нарықтың адал қатысушыларына ғана көрсетіледі.

Жалпы елдегі өңдеу өнеркәсібінде оң динамика бар. Жыл басынан бері металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдар өндірісі 5,8 пайызға артқан. Отырыста сөз алған Өнеркәсіп және құрылыс министрі биыл құны 1,5 триллион теңгеге жуықтайтын 147 жобаның іске қосылғанын мәлімдеді. Нәтижесінде, 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылыпты. Сондай-ақ қазір салада сандық жүйеге де айырықша назар аударылған. Былтыр цифрлық технологияларды енгізген кәсіпорындардың үлесі 19 пайызға өскен.

Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:

- Тау-кен металлургия саласында роботтардың виртуалды көшірмелері, өндіріс алаңдарынан жиналған үлкен деректерді өңдеу, компьютерлік көру технологиялары және роботтанған жабдықтар қолданылады. Химия өнеркәсібінде ресурстарды жоспарлау жүйелері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары белсенді енгізілуде. Қазірде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қызметін талдауға мүмкіндік беретін Tizilim ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. Онда алты мыңнан астам тапсырыс беруші мен тоғыз жүз отандық өнім өндіруші тіркелген. 

Қазір елдің барлық өңірін инфрақұрылыммен және  индустриялық алаңдармен қамту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Республикада 16 арнайы экономикалық аймақ бар. Оларға 10 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. 

Авторы: Альмира Оразбай

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Желтоқсан 2025 19:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see141

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see140

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see135

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see134

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see132

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see130

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see127

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see124

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see122

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see112

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see111

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see111

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see110

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see109

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see109

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see107

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see106

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары