Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Astana IT University әлемдік MIT желісіне енген алғашқы отандық университет

Astana IT University әлемдік MIT желісіне енген алғашқы отандық университет

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Массачусетс технологиялық институты (MIT) құрған GLEEN жаһандық желісі – инновация, технология және стартап мәдениетін дамытатын ең ірі халықаралық қауымдастықтардың бірі. Бұл желіге Солтүстік Америка, Еуропа, Африка және Латын Америкасындағы алдыңғы қатарлы университеттер мүше. GLEEN-нің басты құндылығы – студенттер мен оқытушыларға MIT-тің кәсіпкерлік мектебінде қолданылатын әдістемелерді, оқыту құралдарын және стартап құрудың әлемдік стандарттарын тікелей пайдалану мүмкіндігі, деп жазады Egemen.kz. 

Осы беделді желіге елімізден тұңғыш болып Astana IT University (AITU) қосылды. Бұл – еліміздің инновацияға бағытталған жаңа кезеңге қадам басқанын айқын көрсететін маңызды оқиға.

Astana IT University енді MIT-тің кәсіпкерлікке арналған толыққанды білім беру жүйесін енгізеді. Яғни университет жекелеген курстарды ғана емес, инновация мен бизнес құруға арналған тұтас «операциялық жүйені» қабылдайды. MIT әзірлеген Disciplined Entrepreneurship (24 қадам) және 15 Startup Tactics атты танымал әдістемелер AITU-дың бакалавр, магистратура және акселератор бағдарламаларының негізіне айналады.

Бағдарлама екі бағытта жүзеге асады:

1. Оқытушылардың біліктілігін арттыру.

MIT-тің Train-the-Trainer бағдарламасы AITU мұғалімдеріне сол жерде оқып, MIT тәсілдерін толық меңгеруге жол ашады. Алғашқы топ 2026 жылғы қаңтарда АҚШ-та оқуға аттанады. Жыл бойы олар GLEEN онлайн-сабақтарына қатысады, ал жазда MIT базасында өтетін стратегиялық воркшопта халықаралық мамандармен бірге AITU стартап-экожүйесінің болашақ жоспарын жасайды.

2. Студенттердің практикалық дағдыларын дамыту.

AITU студенттері жыл сайын StartMIT инновациялық интенсивіне қатыса алады. Сонымен бірге MIT Orbit және Jetpack AI платформаларына толық қолжетімділік алады. Бұл жүйелер студенттерге бизнес моделін жасау, гипотезаларды тексеру, өнімнің құнды ұсынысын әзірлеу секілді стартапқа қажетті нақты дағдыларды үйретеді. Кәсіпкерлік университеттің барлық студенті үшін қолжетімді негізгі құзыретке айналады.

Astana IT University ректоры Әлтайыр Ахметов бұл серіктестіктің ұлттық деңгейдегі маңызын атап өтті:

«GLEEN MIT бағдарламасына қосылу – еліміз үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. AITU жаһандық білім және инновация қозғалысына қосылып, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті стартаптар дайындайтын орталыққа айналады», деді ол.

MIT-пен әріптестік AITU-дың халықаралық беделін арттырып, зерттеу, жаңа технологиялар және инвестициялар бағытында кең мүмкіндіктер ашады. Университет Қазақстан мен Орталық Азиядағы инновациялық дамудың маңызды драйверіне айналып келеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қараша 2025 20:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары