Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Астанада 6 сынып оқушысы төрт тілде 850 ден аса кітап оқыған

Астанада 6 сынып оқушысы төрт тілде 850 ден аса кітап оқыған

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алтынай Өтеубаева қазақ, ағылшын, француз тіліндегі кітаптарды еркін оқиды. Алтынай төрт жастан кітапқа қызыққан. Әсіресе шытырман оқиғаға негізделген шығармаларды таңдап, талғап мазмұндайтын. 

Айта кеткен жөн, білім-ғылымға әуес, шығармашыл жас буынды қолдауға Президент те айрықша мән беріп отыр. Жақында ғана жарияланған мақаласында Мемлекет басшысы өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тірегі екені тағы тілге тиек етті. 

Кітапқұмар қаршадай қыз Астанадағы №17 мектеп-гимназиясының оқушысы.  Небәрі 11 жастағы Алтынай бүгінге дейін төрт тілде 853 кітап оқып үлгерген. Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдеріндегі шығармаларды еркін мазмұндайды. Әсіресе шытырман оқиғаларға негізделген туындылар қызықтыратын көрінеді. Шет тіліндегі кітаптарды Алтынайға ата-анасы арнайы Ұлыбританиядан алдырады екен.

Алтынай Өтеубаева, №17 мектеп-гимназиясының 6-сынып:

- Менің ойымша, мен бір жылда 150 кітаптай оқи аламын. Кейбір кездері одан да асып кетеді. Бір кітапты бірнеше сағатта бітіре аламын. Кейде блокнотқа алып жазамын. Ол жерде кейіпкерлер басында қалай басталғанын, сосын соңында қалай аяқталды. Немесе ұнап қалған сөздер болса, түртіп аламын. 

Алтынайдың алғаш талабын таныған әжесі мен жақындары. Төрт жасында әріп танып, оқуға машықтанған баланың қабілетіне олар да қуанған. Кітапқұмар қыздың бұл дарыны бүгінде бауырлары мен сыныптастарына үлгі. 

Шапира Байгелдинова, №17 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі: 

- Алтынай ең бірінші келгені 2024 жылы балалармен келетін. Бір күні бір кітапты алды, ертесі соны алып келіп тұр. Алтынай сен оқып болдың ба деп сұрасам, «иә, оқыдым» деді. Сосын мазмұнын айтып берді. Күнде солай бір-бір кітаптан алып жүрді. Кейін бір күні: «Апай, мен 4-5 кітаптан алайыншы», - дейтін болды. 

Алтынай секілді талантты жастар қатары көп. Былтыр қазақстандық оқушылар әлемдік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 1006 медаль жеңіп алып, нағыз рекорд орнатты. Білім бәйгесінде елдің атын шығарып, абыройымызды асқақтатып жүрген оларға артылған сенім зор. Жалпы Қазақстанда білімді өрендерді қолдаудың жүйелі бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 2029 жылға дейін мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы әзірленген. Маңызды құжат жеті бағытты қамтиды. Ол әр жастың білім алуына, мәдени және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін кешенді бастамаға негізделген. 

Ақұлан Тастемір, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және Отбасы істері комитетінің басқарма басшысы:

- Әрбір облыс әкімдіктерінде басқармалар бар жастар саясаты мәселелері басқармасы. Мұндай басқарма елдің алты өңірінде бар. 230-ға жуық жастар ресурстық орталықтарымыз бар. Бұл жастармен тікелей байланысатын, есігін қағып сауалын қоятын мәселесін шешуге бүкіл салаларға жауап беретін 3000-нан аса қызметкер бар. 

Жастар –  бүгінде ел халқының үштен бірін құрайды. Жаңа идеялар мен жаңашылдықтың, шығармашылық пен дамудың қайнар көзі. Олар заманауи технологияларды игеріп, инновациялық стартаптар құрып, халықаралық олимпиадаларда жеңіске жетіп, ерікті қозғалыстарға белсене араласып жатыр. Оқуда озат, өнерде өрелі, спортта сайыпқыран буынның қалыптасуына мемлекет қолдауы айрықша. 

Авторы: Кәмшат Мұхамеджан

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қаңтар 2026 09:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see138

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see138

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see135

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see133

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see132

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see131

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see128

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see127

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see127

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see127

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see126

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see126

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see126

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see126

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see125

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see124

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see123

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see123

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары