Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Астанада былтыр 57 нотариустың лицензиясы тоқтатылды

Астанада былтыр 57 нотариустың лицензиясы тоқтатылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Бейсен 2025 жылы заң қызметтерін көрсету саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады.

Оның айтуынша, бүгінде елордада нотариаттық қызметті 892 нотариус жүзеге асырып отыр. 

— Былтыр департамент тарапынан лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы 57 ұсыныс енгізілді. Оның ішінде 40 нотариус лицензиясын өз қалауы бойынша тоқтатса, 13-і департаменттің ұсынысымен, 4-еуі Астана қаласы нотариаттық палатасының ұсынысы негізінде тоқтатылды, — дейді ол.

Спикердің сөзінше, нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығы мен іс жүргізу талаптарының сақталуына қатысты 85 тексеру жүргізілген. Оның 67-сі жоспардан тыс, 18-і профилактикалық бақылау аясында ұйымдастырылған.

— Жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 23 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 14 ескерту, 3 сөгіс, 1 қатаң сөгіс жарияланды, 5 нотариустың лицензиясының қолданысы уақытша тоқтатылды. Қалған материалдардың бір бөлігі әлі қаралып жатыр, — деп нақтылады Бақытжан Бейсен.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша 14 нұсқама шығарылып, бір нотариустың лицензиясы тоқтатылып, біреуі лицензиясынан айырылған. Сонымен қатар, 18 нотариус әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

— Әділет органдары туралы» заң талаптарына сәйкес, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары мен заң консультанттары көрсететін заң көмегінің сапасын бақылау — әділет органдарының міндеті. Осы орайда 2025 жылы департамент тарапынан лицензиясынан айыру туралы 4 талап арыз сотқа жолданды. Оның біреуі бойынша нотариус лицензиясынан айырылды, қалғаны сотта қаралуда, — дейді департамент басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, талап арыздардың негізгі себептері — нотариус көмекшісінің заңсыз нотариаттық әрекет жасауы, электрондық цифрлық қолтаңбаны үшінші тұлғаларға беру, соттың жеке ұйғарымдары мен атқарушылық жазба шығару кезіндегі заң бұзушылықтар.
Адвокаттарға қатысты деректерге де тоқталған спикер елордада 857 адвокат тіркелгенін айтты.

— Есепті кезеңде 7 адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Төртеуіне ескерту, үшеуіне сөгіс жарияланды. Әртүрлі негіздермен бір лицензия тоқтатылып, 48 лицензияның қолданысы уақытша тоқтатылды, бір адвокат лицензиясынан айырылды, — деді ол.

Сонымен қатар, Астанада 3 287 заң консультанты қызмет атқарады. 2025 жылы олардың 10-ы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бір заң консультанты палата мүшелігінен шығарылған.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі мәселесіне тоқталған Бақытжан Бейсеннің айтуынша, департамент 199 адвокатпен және 74 заң консультантымен тегін заң көмегін көрсету туралы келісімшарт жасаған.

— Заңда көзделген жағдайларда тегін заң көмегі көрсетілген азаматтардың саны — 16 862, — дейді ол.

Сөз соңында спикер департаменттің 2026 жылға арналған негізгі міндеттерін атап өтті.

— Алдағы кезеңде азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, заң көмегін ұйымдастыру және құқықтық білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар мен заң консультанттары көрсететін заң көмегінің сапасын бақылау басты басымдық болып қала береді, — деп түйіндеді Бақытжан Бейсен.

Елімізде нотариус қызметі қанша тұратынын білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 22:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see141

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see121

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары