Атырау облысында транзитті ұлғайту үшін газ құбырлары жаңғыртылып жатыр
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
4 сәуірде күні «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Атырау облысында газ инфрақұрылымын жаңғыртудың барысына тексеру жүргізді.
Компания басшысы «САЦ-4 лупингі» магистральдық газ құбырының 696–735 км учаскесіне барды. Бұл жерде тасымал көлемін ұлғайтуға дайындық аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бірінші кезең аясында «Орта Азия — Орталық» жүйесінің құбырларындағы ақауы бар учаскелер ауыстырылып, жөнделді. Атқарылған жұмыстар маршруттың тәуліктік өткізу қабілетін 18 млн-нан 22 млн текше метрге дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Әлібек Жамауовтың сөзінше, өткен жылы САЦ-4 лупингіне жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінде Макат-Құлсары-Опорная учаскесінде жұмыстар толық аяқталып, Индер-Мақат бағытындағы соңғы бөлікте жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.
«Жаңғырту ең алдымен магистральдық газ құбырларының қауіпсіз пайдалануын арттыруға және газды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі күні газ тасымалдау жүйесінің нысандары халықаралық транзит пен ішкі нарықты газбен жабдықтауға дайын», — деп атап өтті ол.
«QazaqGaz» мамандары атап өткендей, газ тасымалдау жүйесін модернизациялау халықаралық транзит, сондай-ақ ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету мүмкіндігін де кеңейтеді.
Бүгін, 17:45
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Сәуір 2026 18:01 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















