Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

Атырау облысындағы Конго Қырым қызбасы алғашқы жағдай туралы не белгілі

Атырау облысындағы Конго Қырым қызбасы алғашқы жағдай туралы не белгілі

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Атырау облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) алғашқы жағдайы тіркелді. Бұған дейін бұл өңірде аталған ауру ешқашан анықталмаған. Инфекция еліміздің батысына қалай келді және облыс тұрғындары үшін қаншалықты қауіпті екенін Tengri Health тілшісі анықтап көрді.

Науқас туралы не белгілі?

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы алғаш рет тіркелді. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты, ол қажетті медициналық көмекті алып жатыр.

Анықтама: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) - негізінен инфекцияланған кенелердің шағуы арқылы берілетін жіті вирустық инфекциялық ауру.

Ұлттық орталық ауру жұқтырған адам осыдан екі аптадан аса уақыт бұрын анықталғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде онымен байланыста болғандардың ешқайсысына вирус жұқпаған. Вирустың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының директоры Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, бұл - жақсы эпидемиологиялық көрсеткіш. Дегенмен, дәрігерлердің тілімен айтқанда "байланыста болғандар", соның ішінде медицина қызметкерлері әлі де бақылауда.

"Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен Атырау облысына мамандар жіберілді. Олар өңірдегі әріптестерімен бірлесіп, эпидемиологиялық зерттеу және қажетті профилактикалық әрі індетке қарсы іс-шараларды жүргізді", - деп хабарлады ведомство.

Орталықтың мәліметінше, бүгінде инфекция ошағы оқшауланды.

Атырау облысына вирус қайдан келді?

Мамандар бұл жағдайдың Атырау облысы үшін ерекше эпидемиологиялық маңызы бар екенін айтады. Бұған дейін өңір Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша эндемиялық аумаққа жатпайтын. Қарапайым тілмен айтқанда, мұнда бұл инфекция бұрын-соңды анықталмаған.

Анықтама: Қазақстанда ресми түрде төрт аумақ КҚГҚ бойынша эндемиялық болып саналады: Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы және Шымкент.

"Тарихи мәліметтерге сәйкес, облыс тұрғындары арасында аурудың зертханалық тұрғыдан расталған жағдайлары бұрын тіркелмеген. Бірақ жағдайды бағалау кезінде мамандар өңірдің географиялық орналасуын, атап айтқанда КҚГҚ-ның табиғи ошақтары бар Ресейдің Астрахан облысымен шектесетінін де ескерді", - деп атап өтті Ұлттық орталықтың баспасөз қызметі.

Сарапшылар жағдайды бағалау кезінде трансшекаралық фактор ескерілетінін, бірақ оның өзі ғана инфекцияның тарау көзі екенін білдірмейтінін айтады.

Мамандардың айтуынша, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы табиғи-ошақтық инфекцияларға жатады. Бұл дегеніміз, вирус адамдар арасында ауру жағдайлары болмаса да, жануарлар мен тасымалдаушылар арасында айналымда болуы мүмкін.

Мұндай ошақтардың белсенділігі табиғи-климаттық жағдайларға, тасымалдаушы кенелердің таралуына, ауыл шаруашылығы мен жабайы жануарлардың қоныс аударуына және басқа да экологиялық факторларға байланысты.

"Сондықтан, халық арасында бұрын КҚГҚ жағдайлары тіркелмегеніне қарамастан, мамандар барлық өңірдегі жағдайды жүйелі түрде бақылап отыру қажет деп санайды", - деді Ұлттық орталық өкілдері.

Адам қалай жұқтыруы мүмкін?

Мамандар әзірге зардап шеккен адамды кене шаққан-шақпағанын анықтай алмағанын хабарлады - ол мұны байқамай қалуы мүмкін немесе инфекция басқа жолмен жұққан.

Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, вирус инфекцияланған жануарлардың немесе адамның қанымен және басқа да биологиялық сұйықтықтарымен жанасқанда да беріледі.

Инфекцияның ықтимал тарау көзін анықтау үшін сарапшылар зерттеу жүргізді.

КҚГҚ адамнан адамға берілуі мүмкін бе?

Ұлттық орталық бір адамның ауыру фактісі инфекцияның тарала бастағанын білдірмейтінін атап өтті:

"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы жай араласқанда, қол алысқанда немесе науқастың қасында болғанда жұқпайды. Қауіп науқастың қанымен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтарымен тікелей жанасқанда, әсіресе олар шырышты қабықтарға немесе зақымдалған теріге түскенде туындайды".

Адамдар үшін негізгі қауіп науқас адамнан емес, кене шағуынан және инфекцияланған жануарлармен жанасудан туындайды. Мына адамдар ерекше сақтық танытуы қажет:

малшылар, фермерлер, ветеринарлар, мал сою бекеттерінің қызметкерлері, мал иелері.

Табиғат аясында да сақтық шараларын ескеру қажет.

Ауруды қалай тануға болады және қандай белгілерге назар аудару керек?

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, КҚГҚ әдетте жедел басталады:

адамның дене қызуы күрт көтерілуі, тоңып қалтырауы, қатты әлсіздік, бас пен бұлшықет ауырсынуы, жүрек айну, құсу, іштің ауруы және диарея пайда болуы мүмкін.

Ауру асқынған жағдайда теріде ұсақ қанды дақтар пайда болып, қан кету басталуы және геморрагиялық синдромның басқа да белгілері байқалуы мүмкін.

"Егер кене шаққаннан кейін немесе жануарлармен байланыста болған соң осындай белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге болған жағдай туралы міндетті түрде хабарлау қажет. Бұл ауруды дер кезінде анықтау және оның таралуына жол бермеу үшін маңызды", - деп атап өтті Айнагүл Қуатбаева.

Алдағы жағдай қандай болмақ?

Өңір әкімдіктері мен тиісті қызметтерге ауыл шаруашылығы жануарлары мен олар ұсталатын орындарды кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын күшейту ұсынылды.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы қазіргі уақытта облыс тұрғындары үшін қандай да бір арнайы шектеу енгізудің қажеті жоқ екенін атап өтті.

Жалпы, 26 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 36 жағдайы тіркелді:

Қызылорда облысы - 11 жағдай; Түркістан облысы - 10; Шымкент - 8; Жамбыл облысы - 5; Атырау облысы - 1; Алматы - 1.

Сондай-ақ Ұлттық орталық қазақстандықтарға сақтық шараларын еске салды:

табиғат аясында репелленттер мен жабық киім пайдалану; серуеннен кейін, әсіресе далада немесе жануарлардың жанында болған соң, өзіңізді және киіміңізді мұқият тексеру; кенелерді жалаң қолмен ұстамау және оларды дұрыс алып тастау; жануарлармен жұмыс істегенде қолғап пен қорғаныш киімін кию; кене шаққанда немесе ауру жануармен байланыста болған жағдайда дәрігерге қаралып, мән-жайды баяндау.

Еске сала кетейік, биыл кене шағуынан болатын алғашқы өлім жағдайы Жамбыл облысында тіркеліп, онда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан бір ер адам қайтыс болған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Инфекция

Атырау облысы

ауру

Қазақстан

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:80
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 14:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see147

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see143

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see137

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see135

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see134

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see133

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see131

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see129

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see129

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see123

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see121

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see118

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see114

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see112

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see111

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see110

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see108

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see108

Трамп Атлант немесе Тынық мұхитын өз құрметіне қайта атағысы келді

11 Қазан 2026 10:19see106

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

10 Қазан 2026 22:00see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары