Атырауда жоғалып кеткен бір отбасы мүшелері: апалы інілі екі адамды іздеу тоқтатылды
Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып, "Ақжайық" өңірлік басылымы жазады. Департаменттің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылып, елдімекен аумағы толықтай тексерілген.
"Полиция белгілеген барлық учаскелер толық тексерілді. Қазіргі уақытта полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түскен жоқ", деп мәлімдеді ТЖД-дан.
Еске сала кетейік, бір отбасының мүшелерін іздеу былтырғы 25 желтоқсанда туыстарының құқық қорғау органдары көмегіне жүгінгеннен кейін басталған. Тергеу барысында сарайдан үй иесі мен оның жұбайының денелері табылды. Алайда олардың балалары — Наурыз бен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ.
Сонымен қатар қаза тапқандардың күйеу баласы Сұлтан Сарсемалиев аталған іс бойынша күдікті ретінде қарастырылып отыр. Сондай-ақ оның жұбайы, қаза болған ерлі-зайыптылардың қызы Ақбаян да із-түзсіз кеткен.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 15:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















