Атырауда журналист ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды
Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Тергеу мәліметінше, 36 жастағы әйел жеке компания басшысынан кәсіпорын қызметіне қатысты бейнематериалды жарияламау үшін 10 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Arasha.kz.
Соманың бір бөлігі — 4 миллион теңгені — ол делдал арқылы алған. Делдал қылмыс үстінде қолға түскен.
«Журналист әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Атырау облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі бойынша (“Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау”) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Басқа азаматтардың қатыстылығы тексерілуде», — деп хабарлады полиция департаменті.
Бұған дейін Шалқар ауданының сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасова да мердігер ұйым басшыларынан ақша бопсалағаны үшін кінәлі деп танылған болатын.


