Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

Ауылдар ауруханасыз қала ма?

Ауылдар ауруханасыз қала ма?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бір мекеменің ғимараты тозса, біреуінің қызмет көрсетуге арнайы рұқсаты жоқ, тағы бір мекеме өзге себептерге байланысты жұмысын тоқтатқан. Демек, ақмолалықтар үшін бас ауырып, балтыр сыздаса жүгінер орын табу мұң болады деген сөз.

Медициналық көмек жетпейді

Аймақта биыл үш бірдей аудандық аурухана әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылан­дыруынан айырылуы мүм­кін. Яғни, бұл дегеніміз –  үш ауда­н­ның халқы түгелдей ешқандай медициналық көмексіз қалу қаупі барын көрсетеді. Бұған ауруханаларда күрделі жөндеу басталып, ол аяқтал­ғанша медицина­лық ұйымдар сани­тарлық-эпидемоло­гиялық қорытынды ала алмайтыны себепкер болған. Өйткені бұл меди­циналық қызмет көрсетуге қатысу үшін міндетті құжат болып табылады.  

Ауылдық елді мекендердегі ден­саулық сақтау орындарындағы жағдай туралы Ақмола облыстық мәслихаты­ның әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұр­ақты комиссиясының кезекті оты­ры­сында мәлім болды. Тіпті ай­мақ­та аталған ауруханалардан да басқа санитарлық-эпидемио­ло­гиялық қадағалау органдарының еш рұқсат­ын­сыз жұмыс істейтін меди­циналық меке­мелердің саны жетерлік екені аталды. Облыстық санитарлық-эпи­д­емиологиялық бақылау департа­ментінің ресми мәліметінше, мұндай олқылықтар тағы 335 нысанда анық­талған. Олардың екі жүзден астамы мектептердің медициналық кабинеттері мен ауылдық медицина­лық пункттер мен дәрігерлік амбула­то­риялар болып шықты. 

«Қысқа жіп күрмеуге келмейді»

Өңірдегі ондаған ауданда ауруха­на­лар мен амбулатория ғимараттары­ның әбден тозығы жеткенін осыған дейін де жазғанбыз. Кейбірі тіпті ап­ат­тық жағдайға жетсе де, күні бү­гінге дейін жұмыс істеуге мәжбүр болған. Мәселен, Сандықтау ауданына қарасты Каменка және Лесное ауылдарындағы ондаған жыл бұрын пайдалануға беріл­ген дәрігерлік амбулаториялар қазіргі уақытта апат­тық жағдайда тұр. Бірнеше жыл­дан бері мұндағы меди­циналық қызмет­керлер мен ауыл тұр­ғындары медици­на­лық ғимараттар­дың қабыр­ғалары қақырап, сылағы түсіп жат­қа­нын айтып зар илеп келеді. Жаңбыр жауса, ескі нысандардың төбе­сінен су сорғалап,  қыс түссе іші аса суық болып тұр. 

Сандықтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Александр Коноваловтың айтуынша, бұл амбу­ла­ториялардың құжатының бәрі дерлік дұрыс. Барлық рұқсат құжат­ мен лицензиясы бар, тіпті ғима­раттарды апатты деп тану туралы техникалық қорытындыларына дейін бар.  Бар мәселе тағы да ақшаға келіп тірелген. 

– Жаңа ғимараттардың құрылы­сын салуға бюджеттік өтінімдер жол­данған. Қаражаттың бөлінуін күтіп отырмыз, – дейді Александр Коновалов. 

Лесное ауылдық округының әкімі Нұрлан Қасымовтың айтуынша, ауыл амбулаториясы жақсы жұмыс істейді. Халық көмекке жүгініп дер кезінде медициналық көмек алады. Мұндағы медицина қызмет­кер­леріне жақын маңдағы тағы бес ауылдың адамдары қатынайды. Алайда, ғима­раттың апаттық жағдайда екенін ауыл әкімі де мойындады. 

– Иә, ғимарат апаттық жағдайда тұр. Жыл сайын мұнда косметикалық жеңіл жөндеу ғана жүргізіліп, одан әрі жұмыс істей беруге мәжбүр, – дейді ауыл әкімі. 

Ауыл амбулаторияларының жағ­дайына алаңдаған жергілікті кәсіп­керлер осыдан екі жыл бұрын мұз болып қатқан мәселенің тоңын жі­біт­пек болып жаңа ғимараттардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттамаларының қаржысын өз күшімен төлеп те берген екен. Әр жобаның құны 5-7 миллион тең­геге жетіп жығылған. Бірақ облыс бюд­жетінде аталған ғимараттар құрылы­сына күні бүгінге дейін қара­жат табылмаған.

Біржан сал ауданына қарасты Ма­кинка ауылындағы дәрігерлік амбу­латорияның да жағдайы осыған ұқсас. Бірақ бұл медициналық ұйым­ның не санитарлық-эпидемиоло­гия­лық қорытындысы, не медицина­лық қызметке лицензиясы да жоқ болып шықты. Дегенмен медицина­лық ме­ке­ме еш кедергісіз жұмыс істеп тұр.  

Үміт пен күдік

Ауыл тұрғындары Олеся Самош­кина мен Анна Стрижконың айтуын­ша, жақында ауылдағы жалғыз дәрі­хана да жабылып тынған. Енді, жұрт ауылдан 20 шақырым қашық­тықта орналасқан Макинск қаласына дәрі үшін баруға мәжбүр болған. Ең қиыны, егер дәрігер қажет болса, халық іргедегі Макинске емес, онда­ған шақырым қашықтықта жатқан Степняк қаласына баруға тура келеді. Өйткені ауыл географиялық жағынан Макинсктен таяқ тастам жерде бол­ғаны­мен, Біржан сал ауданына қа­рай­ды. Ал аудан орталығына көлікпен кемінде қырық минуттан астам жол жүруге мәжбүр. 

Біржан сал ауданына қарасты Ма­кинка амбулаториясы аймақтағы санитарлық дәрігерлердің қорытын­дысынсыз жұмыс істейтін жалғыз меди­ци­на­лық мекеме болмай шықты. Мұндай жағдай өңірдің бірнеше ауданында да қайталанған. Облыстың бас санитар дәрігері Серік Омарханов­тың мәліметінше, Зеренді, Аршалы, Целиноград, Жарқайың, Ақкөл және Атбасар аудандарындағы ауылдардың медициналық пункттерінде тиісті нормаларға сәйкес келмейтіндері жет­ерлік. Тек өткен жылы ғана тиісті қоры­тындыларының болмауына байланысты Астрахань ауданына қарасты Бұлақты, Шілікті және Приишимка ауылдарындағы үш бірдей медициналық пункт жұмысын тоқтатқан. 

SENIM денсаулық сақтау қыз­меткерлерінің жергілікті кәсіпода­ғының төрағасы Серік Кәкеновтың мәліметінше, Біржан сал ауданында санитарлық-эпидемиологиялық ба­қы­лау рұқсатынсыз 13 бірдей фельд­­шерлік-акушерлік және меди­ци­налық пункттер жұмыс істейді. Халық саны нормативтерге сәйкесуге тиіс болғанымен, жеті ауылда ешқандай медициналық пункт жоқ болып шықты. Яғни, іс жүзінде меди­циналық қызметкерлер науқас­тар­ды үйінде қабылдап келеді. Ал Ақкөл ауданында 21 медициналық пункттің тек екеуін­де, яғни Наумовка және Радовка ауыл­ында ғана рұқсат құжаттары бар болып шықты. Қалған 19 мекеме заңнаманың қатаң талапта­рына сәйкес келмейді. 

– Біз жедел қадағалау шараларын жасаймыз. Құжаттарды сотқа жібе­реміз. Дегенмен бірде-бір сот олар әлеуметтік нысандар болғандықтан, қызметін тоқтатқан жоқ. Лауазымды тұлғалар айыппұлдар алып, жұмыс­тарын жалғастырып отыр, – дейді Ақмола облыстық СЭС департа­ментінің басшысы Серік Омарханов. 

Түйткілді мәселенің түйінін тарқа­ту үшін облыстық көпбейінді аурухананың директоры әрі облыстық мәслихаттың депутаты Нұрлан Жаров жағдайды түзете алмайтын медицина­лық ұйымдардың жабылғаны жөн санайтынын жеткізді. 

Дегенмен Серік Омарханов мәселені шешуге болатынына сенімді. Аймақтағы 136 медициналық пункттің отызы ешқашан СЭС қорытындысын ала алмайды. Өйткені үй-жайлары тиісті нормаларға еш сәйкес келмейді. Бірақ басқаларында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, су тартып, мәсе­лені шешуге болады. Облыстық ден­саулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек те қорда­лан­ған мәселенің біртіндеп болса да шешуге болатынына сенімді. 

– 2022 жылы менің басшылы­ғыммен облыстың барлық 562 меди­ци­налық ұйымына мониторинг жүр­гізілген. Оның қорытындысы бойынша сол сәтте олардың 336-сы еш­қандай талаптарға сәйкес келмей­тіні, жүзден астамы бейімделген ғи­мараттарда орналасқаны анық­тал­ды. Бұл мәліметтерді мен Үкіметтің алдында да айтып бердім. Ол кезде мұның бәрін қалпына келтіру үшін 220 миллиард теңге қажет болған. Бірақ жұмыс жүргізіліп келеді. Қазір тиісті нормаларға сәйкес келмейтін ұйымдардың саны айтарлықтай қысқарған. Алдағы үш жылда олардың саны барынша қысқарады деген сенімдемін, – дейді Нариман Ермек. 

Алайда шалғай ауылдарда ауырт­палықтың бәрін күнделікті басынан өткеріп жатқан дәрігерлер мұнымен келісе қоюы екіталай. Өйткені көбінің жалақысы төмен. Тұрғын үй мәселесі аса өткір. Ауылдық меди­­­ци­налық мекемелердің бәрі аудандық ауруханалардың қарауында. Ал медициналық сақтандыру қоры­ның облыстық филиалының дерегін­ше, қаржыландыру келісім­шарт­тарының өзі әрбір медициналық пункт­термен жекелей емес, ауылдарға қаражатты бөлетін аудандық ауруха­намен жасалады. Яғни, бұл жерде аудандық ауруханалардың қаражатты үнемдеп қалуды көздейтіні тағы бар. Бүгінде облыс ауруханаларының не­сие­лік қарызы екі миллиард теңге­ден асып жығылғаны мәлім болды.

P.S.

Аймақтағы медициналық ахуалдың бірден түгелдей шешіле қалуы неғайбыл. Дегенмен денсаулық сақтау министрлігінен бастап, саладағы құзырлы органдар мен жергілікті атқарушы органдар түйткілдің түп-тамырынан бастап бірлесе жедел әрекет жасаса, ауылдағы қарапайым жұртшылықтың денсаулығын уақытында қадағалауға мүмкіндігі болар ма еді дейсің... 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:79
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 05:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see117

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see117

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see114

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see112

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see112

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see110

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see109

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see108

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары