Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Автотұрақтар мыңдаған жүргізушіге қаржылық ауыртпалыққа айналды

Автотұрақтар мыңдаған жүргізушіге қаржылық ауыртпалыққа айналды

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Автотұрақтар мыңдаған жүргізуші үшін қаржылық ауыртпалыққа айналуда, деп хабарлады Egemen.kz.

«Қазақстан қалалық басқару саласында, соның ішінде, ақылы тұрақ жүйесінде цифрлық шешімдерді белсенді түрде қолданысқа енгізуде. Бұл үрдіс жайлы жағдай жасап, көлік ағынын оңтайландыруға бағытталған. Алайда, іс жүзінде Алматы мен Астана сияқты ірі мегаполистерде бұл идеяның жүзеге асырылуы азаматтар тарапынан заңды сұрақтар туғызады. Ақылы тұрақтар бастапқыда қала орталығындағы кептелісті азайту мақсатында құрылған. Бірақ, бүгінде олар, тіпті, тұрғын үй аудандарында да жаппай орнатылуда. Тұрғындар өз ауласында, үйінің алдында тұрақ үшін ақы төлеуге мәжбүр. Нәтижесінде, бұл мыңдаған қазақстандықтар үшін қосымша қаржылық ауыртпалық тудырып отыр», - деп жариялады Олжас Нұралдинов өзінің депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, қазіргі жүйеде төлем әдістерін таңдау мүмкіндігі жоқ.

«Көптеген тұрақ аймақтарында тек QR код немесе мобильді қосымша арқылы ғана төлем жасау мүмкіндігі бар. Дегенмен, қосымшалар кейде қолжетімсіз болып, интернет істемей, банк картасы уақытша бұғатталған жағдайлар болып жатады. Жалғыз амал - қолма-қол ақшамен төлеу, бірақ, көп жағдайда соған арналған тұрақ терминалдары жоқтың қасы. Мұндай азаматтарға балама тәсілдерді ұсынудың орнына, жүйе Т100 тұратын тұрақ орны үшін бірден Т4000 айыппұл салады. Алайда, заңнамада қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да төлемдер жасау мүмкіндігі нақты көрсетілген, сондықтан, қолма-қол ақшамен төлем жасау тәсілінің жоқтығы азаматтардың құқықтарына және қолжетімділік қағидатына қайшы келеді», - деді депутат.

Ол цифрландыру адамдардың өмірін ыңғайлы етіп, кедергілерді жою үшін жасалғанын, бірақ бұл жағдайда керісінше, кедергілер мен қолайсыздықтар туындап жатқанын еске салды.

«Оған қоса, тұрақ операторлары бәсекелестігі жоқ ортада жұмыс істеуде, яғни, азаматтар жұмыста, не үйінің жанында көліктерін тұраққа қояр кезде таңдау мүмкіндігінен айырылып, белгілі бір оператордың ғана қызметтерін, жүйесі мен төлем әдісін пайдалануға мәжбүр болып отыр. Ең бастысы, қаржылық ағындардың ашықтығы мәселесі. Астана мен Алматыдағы ақылы тұрақ жүйелері арқылы жыл сайын миллиардтаған теңге жиналады, бірақ бұл қаражаттың қалай бөлінетіні немесе бюджетке қаншасы түсетіні туралы деректер жоқ», - деп қосты мәжілісмен.

Депутаттың мәлімдеуінше, азаматтар бұл қаражаттың абаттандыру немесе қала көркін жақсарту түрінде қайтарылып жатқанын көріп отырған жоқ.

«Егер операторлар қоғамдық кеңістіктерді (тұрақтар соған жатады) басқару құқығына ие болса, демек, қоғам алдында ашық болып, азаматтардың құқықтарын құрметтеуге міндетті. Бұрынғы жылдары Ескі Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жанжалдарының бірі дәл осы ақылы тұрақтар болған. Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы әрбір пайдаланушыға жеңілдікпен екі тұрақ мекенжайын тағайындау қажет деп санайды: тұрғылықты жерінде тәулік бойғы және жұмыс уақытында жұмыс орнындағы тұрақ. «ҚазАвтоЖол» АҚ қала маңындағы ауылдардың тұрғындарының ақылы жолдар арқылы күнделікті қалаға жұмысқа баруы үшін осы ең төменгі бағамен төлеу тәсілін қолданған», - деп мысал келтірді депутат.

Фракцияның пікірінше, тұрақ төлемдерінің осыған ұқсас механизмі тарифтерді әлдеқайда әділ етеді.

«Сондай-ақ, әрбір тұрақ аймағы қолма-қол ақшаны қоса алғанда, барлық төлем түрлерін қабылдайтын тұрақ паркоматтарымен және бейнебақылау камераларымен жабдықталуы керек деп санаймыз. Қызмет үшін ақы төлеген кезде тұрғындар көлігінің тек орын алып қана қоймай, сонымен қатар бақылауда екендігіне сенімді болуы керек», - деп атап өтті партия мүшесі.

Сонымен қатар, «Ақ жол» фракциясы ақылы тұрақ операторлары мен әкімдіктер (соның ішінде, «Алматы тұрақ» МКК және «Астана тұрақ» ЖШС) арасындағы келісімдерінің шарттарын жария етуді және олардың қызметіне аудит жүргізуді ұсынды.

«Егер бұл келісімшарттар қала үшін тиімсіз болса, негізгі пайда жеке біреудің қалтасына емес, қала бюджетіне түсетіндей етіп олардың шарттарын қайта қарау керек. Қаржылық есептіліктің мәслихаттарда және баспасөзде тұрақты жария етілуін қамтамасыз ету қажет», - деп талап етті Нұралдинов.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қараша 2025 20:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see124

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары