Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

Мектептерде күзгі демалыс басталды

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

Ақмола облысында көлік өртенді

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

Азаматтардың жартысы елін қорғау үшін соғысқа бармайтынын айтқан

Азаматтардың жартысы елін қорғау үшін соғысқа бармайтынын айтқан

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

The Telegraph басылымы мен Ipsos зерттеуі негізінде Aikyn.kz британ қоғамындағы өзгерістерді, Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихи тәжірибесін саралайды. Бетін аулақ қылсын, бірақ бұндай жағдай бізде туындаса, азаматтарымыз Отан қорғауға қаншалықты дайын?

Ipsos компаниясы 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында 18-75 жас аралығындағы 1090 британдықтың пікірін зерттеген. Зерттеуге қатысқандардың 48%-ы ешуақытта соғысқа бармайтынын айтқан. Тек 36%-ы белгілі бір жағдайда елін қарумен қорғауға дайын екенін білдірген, 16% британдық нақты жауап бермеген.

Бұл көрсеткіш 2025 жылғы сәуірден бері айтарлықтай өзгермеген. Британдық саяси билік Ресей, Қытай және Иран тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ұстанымын қаншалықты насихаттасы да, азаматтардың әскери қызметке деген көзқарасы өзгермеген.

Ер адамдар арасында соғысқа баруға дайын екенін айтқандардың үлесі 47%-ға жеткен, ал 40%-ы қарсы болған. Әйелдер мен 35-54 жас аралығындағы азаматтардың басым бөлігі соғысқа қатысуға құлықсыз екенін білдірген.

Бір қызығы, сауалнамаға қатысқандардың 51%-ы қорғаныс шығындарын арттыруды қолдаған. 2022 жылы бұл көрсеткіш небәрі 28% болған. Бірақ мәселе қаржыландыру көзіне келгенде пікір екіге жарылған. Әскери шығындарды көбейтуді жақтайтындардың 37%-ы қаражатты басқа мемлекеттік бағдарламаларды қысқарту арқылы табуды ұсынса, 36%-ы салықты арттыруды қолдаған. Ал респонденттердің 46%-ы жылына 125 мың фунттан астам табыс табатын азаматтарға салықты көтеруді әділетті деп санайды.

Ұлыбритания Дональд Трамптың талабымен NATO аясында 2035 жылға қарай қорғаныстың негізгі қажеттіліктеріне ЖІӨ-нің 3,5%-ын жұмсауға міндеттеме алған. Бірақ елдің әскери қуатын нығайту үшін қаржы ғана емес, қоғамның көңіл-күйі мен патриоттық рухы да аса маңызды. Бұл жерде британдықтар мақтанатындай себеп табылмай тұр.

Корольдіктің біріккен қызметтер институтының сарапшысы Хэмиш Манделл сауалнама нәтижесі Ұлыбритания соғыс жағдайында әскер жасақтай алмайды дегенді білдірмейтінін ескертеді. Оның пікірінше, басты мәселе еріктілердің жетіспеуінде емес, оларды даярлау мен қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуде.Екінші дүниежүзілік соғыста жағдай қандай болып еді?

Бүгінгі көрсеткіштерді өткен ғасырдағы тарихи тәжірибемен салыстыру тосын ойларға бастайды. Ұлыбритания үкіметінің тарихи деректеріне сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Британ аралдарынан 5 млн адам әскери қызметке тартылған. Тағы 3,5 млн адам Британ империясы мен доминиондарынан тартылған. Олардың қатарында Үндістаннан, Канададан, Аустралиядан, Жаңа Зеландиядан келген миллиондаған жауынгер болды.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кеңес Одағы да адамзат тарихындағы ең ауқымды әскери жұмылдырулардың бірін бастан өткерді. Тарихи деректерге сәйкес, 1941-1945 жылдары Қызыл армия мен Әскери-теңіз флоты қатарында 34,4 млн адам қызметтен өткен. Кеңестік қарулы күштердің адам шығыны ресми есеп бойынша 8,7 миллионға жуық әскери қызметкерді құрады. Ал бейбіт тұрғындарды қоса есептегенде, Кеңес Одағының соғыстағы жалпы демографиялық шығыны 26,6 миллион адамға жеткен. Бұл алапат соғыстың ауыртпалығын Қазақ Елі де бірге көтерді. Республикадан майданға аттанған 1,2 млн адамның жартысы туған жеріне оралмады.

Қазіргі Ресей мен Украина соғысында да екі жақтан ауыр құрбандықтар жасалуда. АҚШ-тағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) 2026 жылғы шілдеде жариялаған бағалауына сәйкес, 2022 жылдың ақпанынан бүгінге дейін Украина қарулы күштерінің 125-150 мың жауынгері қаза тапқан. Жараланғандар мен хабар-ошарсыз кеткендерді қоса есептегенде, жалпы әскери шығын 525-625 мың адамға жеткен. Дәл осы кезеңде Ресей әскерінің шығыны 1,4 млн болған, оның 350-380 мыңы қаза тапқандар деп болжануда. Екі тараптың жалпы шығыны 2 млн сарбаздан асқан. Бұл – ресми расталған көрсеткіш емес, тәуелсіз сарапшылардың бағалауы.Қазақ Еліне әскери қауіп төнсе қалай болады?

Британдық зерттеу біздің қоғам үшін де маңызды сауал туғызады. Елімізге тікелей әскери қауіп төнсе (бетін ары қылсын деп тілейік – авт.), азаматтарымыздың қаншасы қолына қару алып елін қорғауға дайын болар еді? Қаншасы отбасын қауіпсіз жерге көшіруге ұмтылып, әскерге бармау үшін шетелдерге кетудің жолын іздеуі мүмкін?

Бұл сұрақтарға жауап беру қиын. Қазақ Елінде 2018 жылы жүргізілген World Values Survey халықаралық зерттеуінде «Еліңіз үшін соғысуға дайынсыз ба?» деген сұраққа жауап берген 1058 адамның 80%-ы (845-і) «ия» деп, 20%-ы (213-і) «жоқ» деп жауап берген.

Бірақ та сегіз жыл бұрынғы зерттеудің қазіргі қоғамдық көңіл күйді толықтай сипаттамайтынын ескерген жөн. Қазақ Конституциясының 39-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті» екені айтылған. Дегенмен заңда белгіленген міндет пен азаматтың нақты қауіп төнген кездегі психологиялық көңіл-күйін болжай алмаймыз.

Бүгінгі жағдайда Қазақ Елі үшін әскери даярлықтың сапасы, сарбаздардың отаншылдық, патриоттық рухы, азаматтардың мемлекет басшылығына деген сенімі бірінші орынға шығады. 2026 жылғы 24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі әскери жаттығуда 14 әскери қызметшінің қаза табуын қазақ қарулы күштеріндегі проблемалардың жиынтығы деп бағалаймыз.

Британдық сауалнама көрсеткендей, қоғам елдің, өзінің жеке қауіпсіздігіне қатысты билік алдына қатаң талаптар  қояды. Бірақ оның ауыртпалығын көтеруге келгенде көпшіліктің көзқарасы өзгере бастайды.

Бұл Қазақ Елінің билігіне де ой салатын мәселе. Қазіргі соғыстардың сипаты өзгерген, қару-жарақтың күші жойқын, жаңа технологиялық құралдар қолданылады. Бұның бәрін біздің әскери басшылық жақсы біледі. Бірақ мемлекеттің қорғаныс қабілеті қару-жарақ түрімен, жаңа зымырандар мен дрондардың түрімен, санымен емес, бірінші кезекте азаматтардың бірлігімен, ел болашағына деген жауапкершіліне байланысты екенін ұмытпайық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2026 11:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

СІМ Түркияда қазақстандық бойжеткеннің қаза тапқанын растады

26 Қазан 2026 14:59see149

Ыстамбұлдағы қайғылы оқиға: Қазақстан азаматының қазасын СІМ растады

26 Қазан 2026 14:52see146

Киіз үй мен Каспий толқындары: Атырау әуежайының жаңа терминалы қандай болады?

26 Қазан 2026 20:30see145

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өнеркәсіп өндірісі артты

26 Қазан 2026 18:37see144

Жауынгерлік өнер түрлерінен жабық ғимараттағы VI Азия ойындары 2027 жылға шегерілді

26 Қазан 2026 21:17see143

Мектептерде күзгі демалыс басталды

26 Қазан 2026 18:37see135

Астана қаласының әкімі тағы бір лауазымды қызметтің тізгінін ұстады

27 Қазан 2026 17:52see134

Ақтөбеде 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

26 Қазан 2026 20:18see133

Президент Қасым Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

27 Қазан 2026 18:34see133

45 ел қатысатын Азия ойындарын өткізу мерзімі келесі жылға шегерілді

26 Қазан 2026 19:04see131

Солтүстік Қазақстанда екі отбасының балалары жемістен уланып қалды

27 Қазан 2026 20:23see131

Елде дрон иелеріне қатысты жаңа талаптар енгізілмек

27 Қазан 2026 17:19see131

Қасым Жомарт Тоқаев 28 30 қазан күндері Түркияға ресми сапармен барады

27 Қазан 2026 17:35see130

Қазақстандықтарға 5 миллионға дейінгі несиелер мен айыппұлдарды кешіруге уәде беруде: TikTok тағы роликтердің астарында не жатыр

27 Қазан 2026 14:44see129

Желтоқсандағы кездесуді асыға күтемін : Трамптың Тоқаевқа жолдаған хаты жарияланды

27 Қазан 2026 16:40see129

Ақмола облысында көлік өртенді

27 Қазан 2026 15:30see129

Эстакада астындағы өмір: Астанада LRT ға жақын тұратындар қалай өмір сүріп жатыр?

27 Қазан 2026 14:43see128

Зеленский АҚШ тан зымыран жеткізу мәселесін қайта көтеруді тапсырды

26 Қазан 2026 20:18see128

Зарина Толыбай әлем чемпионы атанды

28 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстан Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында Білім беру көрсеткіші бойынша бірінші орынға ие болды

27 Қазан 2026 22:59see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары