Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu
Әлеуметтік тұрмыстық мәселелер мен азаматтардың құқығын қорғау ЖСДП ның басты назарында

Әлеуметтік тұрмыстық мәселелер мен азаматтардың құқығын қорғау ЖСДП ның басты назарында

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

ЖСДП Алматы облысындағы «Қапшағай Алтын Алма» тұтыну кооперативінің тұрғындарымен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz cайты ЖСДП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара алдағы сайлауға дайындық аясында өтіп, партия өкілдері сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырылды. Сонымен қатар, тұрғындармен ауданның күнделікті өміріне қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Әсіресе әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер мен азаматтардың құқықтарын қорғауға баса назар аударылды.

Ақпараттық науқан аясында ЖСДП өкілдері кооперативтің көшелері мен аулаларында үгіт материалдарын таратты. Сондай-ақ тұрғындар партия бағдарламасымен өздеріне ыңғайлы уақытта таныса алуы үшін ресми ақпараттық материалдар жергілікті дүкенге орналастырылды.

Партия өкілдерінің айтуынша, олар кооператив тұрғындарына ұзақ уақыттан бері құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді және алдағы уақытта да олардың мүддесін қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырмақ.

– Біз азаматтардың сенімін және ашық әрі шынайы әңгімеге дайын екенін жоғары бағалаймыз. Жергілікті жерлердегі мәселелермен жүйелі жұмыс істеу – партиямыздың басты басымдығы. Алдағы сайлауда тұрғындардың сенімді қолдауына ие боламыз деп үміттенеміз, – деп мәлімдеді партияның Алматы облыстық филиал өкілі. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 01:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары