Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Ажалсыз Шерлок Холмс

Ажалсыз Шерлок Холмс

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақ оқырманына бұл жазушының әйгілі кейіпкері 60-жылдардан таныс (қазақшаға орыс тілінен аударғандар – Т.Кәкішев пен Қ.Орманбаева). Сол ағылшын жазушысы Артур Конан Дойль 1893 жылы кенеттен күтпеген бір іс жасады. Ол сериалы детективті шығармасына кейіпкер болған Шерлок Холмсты «өлтірді». Сол тұста Холмс жай ғана кейіпкер емес, жұрт арасында нағыз құбылысқа айналған еді. «The Strand Magazine» журналында жарияланған оның детективтік оқиғалары Ұлыбритания мен өзге елдердің оқырмандарын бірден баурап алды. Әр жаңа сан шыққан сайын оқырмандар теміржол дүңгіршектерінде кезекке тұрып, журналдың кезекті санын алуға асығатын.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Бірақ Дойль бәрінен шаршады. Шындығында ол медицина саласында білім алған дәрігер болатын. Қаламгер қым-қуыт оқиға­лар тізбегін баяндайтын детектив әңгімелерімен емес, тарихи романдарымен әдебиет әлемінде өз есі­мін қалдырғысы келген еді. Сондық­тан ол «The Final Problem» (Соң­ғы мәселе) әңгімесінде ұлы детек­тивті өлтіреді. Шығармада кейіп­кер Холмс өз қарсыласы профессор Мориартимен Швейцария­дағы әйгілі Рейхенбах сарқырамасы­­­ның үстінде арпалысады. Ақырын­да екеуі де құзға құлап, бірге жоғалды.

Кейіпкерінен «құтылған» Конан Дойль анасына жазған ха­тын­да «ескі кейіпкерінен шарша­ғанын» айтып, енді басқа бағыт­қа бет бұрғысы келетінін жазады. Алайда анасы оған «райыңнан қайт, бұл дұрыс таңдау емес» деген өтінішпен хат қайтарады. Әбден қал­жыраған жазушы өз таңдауын өзгертпеді. Анасын да тыңдамады.

Сөйтіп қоғамда бұрын-соң­ды болмаған дүрбелең орын алды. Дүниенің әр түкпіріндегі оқыр­мандар Холмстың өлімін кә­дім­гі шынайы адам өлімі ретінде қабылдады. Аз ғана уақытта аты аспандап тұрған «The Strand Magazine» журналы 20 000-нан астам жазылушысынан айырыл­ды. Көп өтпей Дойльге жан-жақ­тан ашулы хаттар легі жауып жатты. Бір оқырман әйел тіпті хатын «Сіз хайуансыз!» деген сөзбен бас­тайды. Бұнымен қоймай Лон­дон көшелерінде оқырмандар жиналып қара түсті шүберек байлап, қаралы күй кешеді. Газеттер Холмс үшін бейіт тастарының суреттерін жариялады, ал сыншылар Дойльдің шешімін «әдеби қылмыс» деп бағалайды.

Осылайша, тарихта тұңғыш рет ойдан шығарылған кейіпкер­дің «өлімі» жалпы халықтық наразылық туғызды. Холмс енді жай ро­ман­ның кейіпкері емес, мәдени құ­былысқа айналып шыға келді. Бірақ Дойльдің жүрегі тас екен, ол өзі «өлтірген» кейіпкерін қай­та тірілтуден үзілді-кесілді бас тар­т­ты. Сөйтіп, тоғыз жыл бойы Шер­лок Холмс «өлі» күйінде қала берді.

Арада аттай желіп талай жыл­дар өтсе де, оқырмандардың Шер­лок Холмсқа деген махаббаты басылар емес, керісінше күшейе түсті. Қаржылық қиындықтар мен баспагердің өтініші Дойльді ақыры райынан қайтарды. 1901 жылы ол «Баскервильдің иті» атты жаңа шығармасын жария­лады. Бұл туындыдағы оқиға Холмс­тың өлімінен бұрын болған деп көрсетілді. Кітап баспадан шыққан беті қоғамда үлкен дүмпу тудырды, бірақ Холмсты «жоқтаған» оқырмандарға бұл да жеткіліксіз еді. Олар өз детективтерін тірі көргісі келді.

Ақыры, 1903 жылы Дойль оқыр­­­­мандарының ығына жығы­лу­­ға мәж­­бүр болды. Ол «The Adventure of the Empty House» (Елес үйдегі оқиға) атты әңгімесінде Холмс­тың Рейхенбах сарқырамасында өлі­мін қолдан ұйымдастырғанын, ал өзі жылдар бойы жасырын өмір сүріп жүргенін мәлімдеді. Осылайша, әл­деқашан «өлген» Холмс араға сан жыл салып, оқырмандарының назарына салтанатты күйде орал­ды. Холмс қайтадан әлемнің сүйікті детективіне айналды, ал оның авторының өмірі бір сыдырғы жағ­дайда өте берді.

Өзі ойдан құрастырған ке­йіпкері Холмсты өлтіру арқылы Конан Дойль маңызды бір шын­дықты түсінгендей болды. Кейде кейіпкерлер өз авторына емес, оқыр­манға тиесілі болады екен. Мұны Холмстың өліміне қарсы қоғам­ды шулатқан қозғалыс дәлел­дей алды. Оқырманның көңілінен шыққан Холмс шындығында қағаз бен сияның қосындысымен шық­қан бейне емес, оқырмандардың жүрегіндегі мәңгілік қаһарман еді.

Осылайша, өз жаратушысы­ның еркіне қарсы Шерлок Холмс өмір сүре берді. Бұл – әдебиет тари­хындағы ең әйгілі «қайта тірі­лу» оқиғасы шығар. Біз бұл оқи­ға­дан не түйеміз? Осы бір оқи­ға осыдан 132 жыл бұрынғы ағыл­шын қоғамының, кітапты жүре­к­пен сүйген оқырмандардың қан­дай жоғары деңгейде болғанын көр­сетеді. Ал біз қазірдің өзінде осын­дай деңгейге жете алдық па деген сұрақ мазалайды. Шы­нын айтсақ, өмірде болмаған кейіп­керді «жоқтаған» Лондон жұрт­шылығының бұл іс-әрекетіне сүйін­бей тұра алмаспыз. Ал біз ше? Тірі тұлғалар мен қолда бар бай­лықтың, ұлттық қасиеттің қадіріне жете алмай жүрген жоқпыз ба? 

Соңғы жаңалықтар

Тежеу мен демеу

Ғылым • Бүгін, 08:45

Сахна шымылдығы түрілген күн

Театр • Бүгін, 08:43

Өмір мен өлім арбасқан алты сағат

Медицина • Бүгін, 08:40

Ғалым еңбегімен беделді

Тұлға • Бүгін, 08:38

Құрылыс кодексі: ең алдымен – халық мүддесі

Құрылыс • Бүгін, 08:35

Көшке қамшы басар кез келді!

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ұлт театрының тұңғыш қойылымы

Мәдениет • Бүгін, 08:25

Автокөлік өндірісінде өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:22

Көлік жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі арта түсті

Экономика • Бүгін, 08:20

Білікке негізделген жаңарудың өлшемі

Пікір • Бүгін, 08:15

33 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылды

Инфографика • Бүгін, 08:10

Әлеуметтік мәселелерге басымдық берілді

Саясат • Бүгін, 08:05

Экономикаға байыпты көзқарас керек

Саясат • Бүгін, 08:00

Жергілікті кәсіпкерлер ұсынысы назарға алынады

Саясат • Бүгін, 07:55

Ерекше бақылаудағы мәселелер

Саясат • Бүгін, 07:50

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see152

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see151

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see148

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see141

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see135

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see133

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see125

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see124

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see123

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see123

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see123

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see123

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see121

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see120

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see120

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see119

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see119

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары