Балабақша жабылып, мектеп қашықтан оқуға көшті: Атырау облысындағы ауылда тышқан қаптады
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АЛМАТЫ, 22 қараша - Sputnik. Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінде тышқан қаптап кетті, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.
Ауылдық округте тышқан қаптап кеткен. Білім басқармасы жағдайды ушықтырмау үшін бірқатар шаралар қабылдануға мәжбүр болған.
"Бейбарыс ауылдық округіндегі екі мектеп 19 қарашадан бастап уақытша қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Олар - А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп және Талдыкөл орта мектебі. Сонымен қатар "Балдырған", және "Балақай" балабақшасының қызметі уақытша тоқтатылды", - дейді Атырау облыстық білім басқармасы.
Өйткені дезинфекциялық жұмыстарды толық әрі сапалы жүргізу керек, дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта арнайы мамандандырылған қызметтер тарапынан дезинфекциялау, санитариялық бақылау жұмыстары жүргізілі жатыр. Барлық мекемеде қауіп толық жойылғаннан кейін оқу-тәрбие процесі қалыпты режимге ауыстырылады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:75
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 15:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















