Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Балам үшін бәріне бардым : алаяқтың арбауына түскен ана қомақты қарыздан қалай құтылды?

Балам үшін бәріне бардым : алаяқтың арбауына түскен ана қомақты қарыздан қалай құтылды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Соңғы жылдары қарыз мәселесіне байланысты күйзеліске тап болған мыңдаған азамат үшін «Қарызсыз қоғам» жобасы үміт отын жақты. Бұл бастама 2023 жылы іске қосылып, екі жыл ішінде қарапайым кеңес пен құқықтық сүйемелден бастап, банкроттық рәсіміне дейінгі нақты көмек көрсететін ұлттық ауқымдағы әлеуметтік бағдарламаға айналды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанда қарыз – жай ғана қаржылық көрсеткіш емес. Ол кейде адамның өмір бағытын бұрып, баланың күлкісін өшіріп, ананың сенімін жұтады. Бір отбасы үшін – төленбеген коммуналдық төлем, екіншісі үшін – ұйқысыз түндер мен үздіксіз қоңыраулар. Қарыз тек экономикалық көрсеткіш емес, ол қоғамның әлеуметтік күйін айнадай көрсететін құбылыс.

Төмендегі алты оқиға – заң тетіктерінен гөрі, адам тағдырының, үміт пен қайта тірілудің айнасы.

Ана және сенімнің құны

Ол ұлын аман алып қалу үшін бәрін сатты. Тіпті өмір бойы ақша жинап алған пәтерін де. Су ішсе денесі бөртіп кететін ауыр аллергиясы бар баласының жағдайын жеңілдету үшін «Еуразиялық банк» арқылы 5,6 миллион теңге несие алды. Сол сәтте әріптесі сенімді жүзбен: «Түркияда жоғары пайызбен депозит ашып берем, ай сайын табыс түседі», – деді.

Ана сенді. Баласының еміне жұмсайтын ақша көбейеді деген үмітпен қолындағы 8 миллион теңгені сол әйелге табыстады. Бірақ уәде берген адам ертеңіне-ақ жоғалып кетті. Артында – ауыр диагноз, ауру бала мен мойнында бірнеше несие ғана қалды.

Қатты соққыдан кейін ол жаңа займдарға жүгінуге мәжбүр болды: дәрі-дәрмек алу керек, пәтер жалдау керек, ал табыс жоқ. Күндердің бірінде Instagram-нан «Қарызсыз қоғам» жобасының жарнамасын көріп қалады. Алғашқы кездесуде көзіне жас алып отырып: «Мені алдады... Енді мен балама не қалдырамын?» – деп үн қатты.

Жоба заңгерлері істі нөлден бастап қолға алды. Барлық құжат жиналып, банкроттық рәсімі басталды. Сот шешімі шыққанда ол алғаш рет жеңіл дем алды.

Бірақ бұл жай ғана қаржылық шешім емес еді – жоба алаяқтық фактісін құқықтық арнаға түсіріп, ананың заң алдындағы қорғанысын қамтамасыз етті. Қазір ол банкрот емес – бала үшін қайта күресіп жатқан ана. Ол үшін бұл сот шешімі тек қарыздан құтылу емес, қайта өмір сүруге берілген мүмкіндік болды.

Даниярдың үнсіз күресі

33 жастағы Данияр Каденов – Орал қаласының маңындағы кішкентай үйде анасымен бірге тұрады. Бұрын табыс көзі болған, бірақ соңғы жылдары жұмыссыз қалды. Ал қарыздар күн сайын көбейе берді. Банктерден, микрокредиттік ұйымдардан және бірнеше коллекторлық агенттіктен алған берешегі 2,8 миллион теңгеден асып, төлем мерзімі екі жарым жылдан артық уақытқа кешіккен.

Телефон қоңыраулары толассыз. Кейде таңғы сегізде, кейде түн ортасында. «Бір күні бәрін өшіріп тастайын» деген ой да келген. Бірақ бір сәтте ол шешім қабылдап, «Қарызсыз қоғам» жобасына жүгінді.

Жобаның мамандары Дамирмен бірге әр қадамды түсіндіріп, ЭЦҚ алуға көмектесті, несие тарихын қарап, құжаттардың толық пакетін жинап берді. Банкроттық рәсімін сотқа дейінгі тәртіпте өткізу ұсынылды. Барлығы заңды жолмен жасалды.

19 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кірістер департаменті шешім шығарды: Данияр Темірбекұлы Каденов соттан тыс банкрот деп танылды.

Бұл шешім – жай ғана қағаз емес, жаңа өмірдің бастамасы еді. «Өмірімде бірінші рет ешкім мені кінәламай, тыңдады», – деді ол сол күні баяу ғана.

Орынайдың тыныштығы

58 жастағы Орынай Өтеуова екі жылдан астам уақыт бойы телефон қоңырауынан шошып өмір сүрді. «Kaspi Bank»-тен келген әрбір хабарлама оның жүйкесін тоздырып, тыныштығын бұзатын. 2 миллион теңге қарыз, табыс көзі жоқ, ал үйдегі үнсіздік көбіне ұят пен қорқынышқа толы еді. «Түнде телефон шырылдаса, жүрегім тоқтап қала жаздайтын», – дейді ол баяу ғана, сол кездерді еске алып.

Жылдар бойы қорқыныш пен кінә сезімін арқалап келген әйелге «Қарызсыз қоғам» жобасының мамандары көмек қолын созды. Олар оның несиелік тарихын көтеріп, ЭЦҚ алудан бастап өтініш беруге дейінгі барлық рәсімді бірге өткізді.

Орынайдың «Kaspi Bank»-ке берешегі 2,1 миллион теңгеге жеткен, ал төлем кешігу мерзімі 669 күннен асқан еді. Қазір ол соттан тыс банкроттық процесінен өтуде. Бұл оның өміріндегі шешуші кезең – «ертең айыппұл тағы өседі» деген қорқыныштан «ертең ресми жұмысқа тұрамын» деген үмітке көшу.

Жарақаттан кейінгі өмір

Ақмолалық Мағжан Түсіпбеков – өмір бойы еңбек еткен адам. Құрылыс алаңындағы бір ғана сәт бәрін өзгертті. Қатты жарақат алған ол жұмысынан айырылып, кейін мүгедек атанды. Сол күннен бастап табыс тоқтап, өмірдің қарқыны бір сәтте баяулады.

Бастапқыда алған 400 мың теңгелік несие оған уақытша дем болғандай көрінген. Бірақ ай сайынғы төлем – енді тауға айналған асу секілді еді. Қолда бар қаржы дәрі-дәрмек пен күнделікті тұрмысқа ғана жетті. Сол кезде ол «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы естіп, банкроттық рәсімін бастауға шешім қабылдады. Мамандар оған құжаттарды жинауға көмектесіп, заңдық процесті толық түсіндірді.

Қазір ол нәтижесін күтіп жүр. «Бұрын «тағы қанша қоңырау шалады?» деп уайымдайтынмын, – дейді ол күліп. – Енді «Қай мамандыққа қайта оқысам екен?» деген сұрақ мазалайды.

Айнұрдың екінші тынысы

Астана тұрғыны Айнұр Сейілбек – алты баланың анасы. Бір кезде ол отбасы үшін бәріне дайын еді. Күйеуі «жұмыстың ауқымын ұлғайту керек» деп, 10 миллион теңге көлемінде несие алуды өтінді. Айдана оған сеніп, несиені өз атына рәсімдеген. Бірақ көп ұзамай күйеуі отбасын тастап кетті.

Сол сәттен бастап ауыр жылдар басталды. Қарыз көбейді, табыс болмады, ал балалардың көзіндегі қорқыныш пен мұң – оның ең үлкен жазасы еді. Кейін тағдыр оны тағы сынады: Айдананың өзі сотталып, қазір шартты түрде бостандықта. Қазір ол қорғаншылық ұйымның қамқорлығында, балаларының жанында. «Ең қиыны – балаларымның көзіне қарау еді. Енді сол көздерде қорқыныш емес, сенім бар», – дейді ол күлімсіреп.

«Қарызсыз қоғам» жобасының мамандары оның жағдайын ерекше ескеріп, банкроттық рәсіміне өтінішін дайындап, барлық заңдық құжаттарын реттеп берді. Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау және құқықтық қолдау тетіктерін түсіндірді.

Айдана үшін бұл – тек қарыздан құтылу емес, балаларымен бірге жаңа өмір бастау мүмкіндігі. Бүгінде ол балаларының болашағына жоспар құрып, шағын кәсіп ашуды армандайды. «Мен бұрын тек қарыз туралы ойлайтынмын, енді тек өмір туралы ойлаймын», – дейді ол сеніммен.

Светлана және онлайн-алаяқтар

Қостанайлық 44 жастағы Светлана  TEMU интернет-дүкен сайтынан киімге тапсырыс беріп, күтпеген жерден алаяқтардың құрбанына айналды. Тапсырыстан кейін оған өзін «полиция тергеушісіміз» деп таныстырған адамдар хабарласқан.

Олар WhatsApp арқылы байланысып, «сіздің атыңызға күмәнді операция тіркелді, бәрін бақылауда ұстаймыз» деп бір ай бойы алдап, сеніміне кірген. Сол аралықта Натальяның атынан бірнеше несие рәсімделген:

микрокредиттік ұйымдарда – 400 мың теңге, «Forte Bank»-те – 2 миллион теңге, «KASPI»-де – 1,45 миллион теңге.

Бірақ бұл – басы ғана еді. Алаяқтар оның банктік депозитіне де қол жеткізіп, 6 миллион теңгені шешіп алған. Жалпы шығын – 9,8 миллион теңгеден астам.

Осы жағдайда «Қарызсыз қоғам» жобасы оның басты тірегіне айналды. Заңгерлер істі «алаяқтық фактісі» бойынша қайта қарауға көмектесіп, материалдарды құқық қорғау органдарына жолдады. Қазір Светлана заңгерлік қолдау алып, несиелік дауларды тоқтату және несие тарихын қалпына келтіру бағытында жұмыс істеп жатыр. Наталья үшін бұл тек қаржы емес, сенім мен қауіпсіздікті қайтару күресі. Ол енді банктер мен экрандарға қорқынышпен емес, сақтықпен қарайды.

Бір ортақ сабақ

Бұл алты оқиғаның барлығы бір шындықты көрсетеді: қарыз – тек сан емес, адамның тағдыры мен жан тыныштығынан айыратын ауыртпалық. «Қарызсыз қоғам» жобасы осы тыныштықты қайтару үшін жүзеге асырылды. Біреуге – банкроттық арқылы жаңа өмір бастауға, екіншісіне – шоттарын бұғаттан босатып, қайта құрылымдауға, үшіншісіне – алаяқтықтан қорғануға көмектеседі. Ең бастысы – адамға «сен жалғыз емессің» деген сенім сыйлайды.

Жоба тәсілі қарапайым, бірақ пәрменді: алдымен әр адамның нақты жағдайын талдап, табыс пен шығын теңгерімін жасайды; қажет болса, төлем кестесін қайта құрады немесе реструктуризация жасайды; заң бұзушылық байқалса, бұғаттар мен айыппұлдарды даулауға көмектеседі; ал төлем қабілеті қалпына келмейтін деңгейде болса – банкроттық рәсімін жүргізеді. Бұл – жай қарызды азайту емес, адамның қаржылық және құқықтық мәртебесін қалпына келтіретін толық экожүйе.

Қарыздың көлеңкесі ұзын: ол адамның жұмысын, отбасын, тіпті сенімін де көлегейлейді. Сол көлеңкені сейілтудің жолы – білім, құқық және жүйелі көмек. «Қарызсыз қоғам» мұны осы үш тірек арқылы дәлелдеп отыр: қарыз – өзгермейтін тағдыр емес, дұрыс жол көрсетілсе, кез келген адам қайта тұра алады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:187
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 11:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары