Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Баланың еш жері қанаған жоқ : Талғарда өлген оқушы жайлы куәгерлер не дейді

Баланың еш жері қанаған жоқ : Талғарда өлген оқушы жайлы куәгерлер не дейді

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АЛМАТЫ, 21 қараша – Sputnik. Алматы облысындағы Айғаным ауылында 14 жастағы оқушы көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі анықтады.

13 қыркүйекте Айғаным ауылында Әлихан есімді оқушы комаға түсіп, 17 күннен соң 30 қыркүйекте көз жұмды. Екі айдан астам уақыт өткен бұл оқиға неге қозғалды, ақиқаты қандай?

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Айғаным ауылы

Алматы облысындағы Айғаным ауылы

© Sputnik / Айдана Дайырова

Марқұм оқушының әкесі Данияр Нұрғалиевтың айтуынша баласын бір топ адам соққыға жығып, "кенеттен құлап қалды" деп жалған ақпарат берген. Баланың өздігінен емес, соққыдан құлағанын әкесі дәрігерлерден естіген.

Данияр Нұрғалиевтың пайымынша, бірнеше адам баласын ұстап алып сабаймыз деп жоспарлаған. Яғни Әлихан қасақана кісі қолынан қайтыс болған.

БАҚ бетінде жарияланған ақпаратта Әлиханды бейнекамерасы жоқ, таса жерге апарып әдейі сабағаны айтылып жүр. Сол күннен бері күдікті деп танылған 16 жастағы оқушы қамауда жатыр.

Әлихан 8-сыныпқа дейін Алматының Айғаным ауылында оқып, Шонжы ауылындағы мектепке ауысқан. Бірақ оқиға болған 13 қыркүйекте Алматыда жүрген.

"Балалар жүгіріп келіп, ұлдарымнан көмек сұраған"

Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнына барып, мән-жайды біліп қайтты. Әлиханға алғашқы болып көмек көрсеткен Рауан Жәкебаевты сөзге тартты.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАйғаным ауылы. Қайғылы оқиға болған жер

Айғаным ауылы. Қайғылы оқиға болған жер

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Екі балам есік алдында көлік жөндеп жатқан. Көшеден балалар жүгіріп келіп, "аға, бір бала құлап қалды, көмектесіңізші" деген. Екі ұлым жүгіріп шығып, бірі басын сүйеп, бірі аяғына массаж жасаған. Денесінен суық өтпесін деп көрпе төседік. Үлкен ұлым құлаған баланың аузына қасық салып, тілін басып ұстап тұрған. Оған дейін, ешбір айқай шу, жанжал естімеген. Жүгіріп мүсәтір спиртін іздедік, келінім жедел жәрдем шақырды. Сол жерде өзім де жүрдім. Оқиға дәл есігімнің алдында жолда болды",- дейді Айғаным ауылының тұрғыны Рауан Жәкебаев.

"Баланың бет-аузы да, көше де қан болған жоқ"

Бұған дейінге жарияланған ақпараттарда бала құлаған жердің бәріне су шашып, қанды жуған деген ақпарат тарады. Алайда куәгер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАйғаным ауылы. Қайғылы оқиға болған жер

Айғаным ауылы. Қайғылы оқиға болған жер

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Кеше бір телеарнада қанын жуу үшін су шашқан депті. Ол жерде ешбір қан болған жоқ. Құлағы, мұрны еш жері қанаған жоқ. Балам басынан ұстап отырды, қан көрмедім. Су шашты дегенде ана баланың есін жиғызу үшін бетіне бүркіген. Менің екі балам жедел жәрдеммен бірге кетті", - дейді Рауан Жакебаев.

"Ұлының басында шунт бар екенін айтты"

Сол мезет оқиға орнына марқұм оқушының әкесі Данияр Нұрғалиев те келген. Ал жедел жәрдем шамамен 45 минутта жеткен. Жедел жәрдем қызметкерлері куәгерлерге не істеу керегін телефонмен жол бойы айтып келген.

"Баланың әкесі "балама не болды, басында шунт бар еді, кішкентай кезінен басында шунт бар еді" деді. Сосын анасы келді. Жанында болған балалар жедел жәрдемнің алдынан жүгіріп шығып күтіп алды", - дейді куәгер.

Қазір куәгерлер де бар жұмысын тастап, полиция бөліміне барып түсініктеме беріп жүр.

"Балалық қой, мүмкін бір-бірімен келісе алмай қалған шығар. Ана бала да өлтірем деп соқпаған болар, бір шапалақ берді деп естідім", - дейді марқұм балаға алғашқы болып көмектескен Рауан Жакебаев.

Күдіктінің анасы не дейді

Sputnik Қазақстан тілшісі күдікті жасөспірімнің отбасын іздеп тапты. Анасының айтуынша, оқиға жазатайым болды.

"Мен күдікті деген баланың анасымын. Оқиға 13 қыркүйекте сағат кешкі 21:30 шамасында болған. Екеуі өзара келіспей, соны шешпек болған. Балама дөрекі сөз айтыпты, балам итеріп жіберген. Сол кезде марқұм бала асфальтқа шүйдесімен құлап, комаға түскен. Балам жедел жәрдем шақырған, куәгерлер сол жерге марқұмның әкесін шақырған", - дейді күдікті оқушының анасы Назгүл Абықанова.

"Балам кісі өлтірем деп дайындалған жоқ"

Оның айтуынша, алдына қанша кешірім сұрап барғанымен жәбірленуші тарап туыстарымен ғана сөйлесуді бұйырып, маңайына жолатпаған.

"Қандай көмек керек деп күндіз-түні есігін күзеттім. Онымды міндет етпеймін, ол кісілерді жақсы түсінемін, жаным қайысып тұр. Оқиға болған келесі күні құстай ұшып ауруханаға бардым. Марқұмның әкесі қылмыс қасақана жасалды деп жатыр. Балам оны өлтіруді жоспарлап, дайындалған жоқ, жазатайым болған оқиға ғой. Ұлым сол 14 қыркүйектен бері қамауда отыр", - дейді күдіктінің анасы.

"Сұраған ақшасын тауып бере алмадым"

Назгүл Абықанова оқиға резонанс тудырғандықтан тергеушілер істі біржақты қарап жатыр дейді.

"Қасақана кісі өлтіру" деген баппен мен келіспеймін. Жәбірленуші тараптың қайғысына ортақпын. Жәбірленушінің әкесі "бажаммен сөйлес" дей берді. Ол кісілердің сұраған ақшасын естігенде төбемнен жай түсті. "Мен жесір әйелмін, күйеуім 16 жыл бұрын қайтыс болған. Ондай ақшаны өңім түгілі түсімде де көрмедім, үйімді алшы" дедім. Үйің керек емес деді, айтқан ақшаны жинап бере алмадым, сол күйі бізге олар кешірім бермеді", - дейді күдіктінің анасы Назгүл Абықанова.

Бүкіл бұқаралық ақпарат құралдарына таралған ақпараттың бәрі жалған, тек біржақты айтылып жатыр, дейді ол.

"Марқұмның әкесі балам қан-жоса болды, топпен соғып кетті деп жатыр. Шын мәнінде оқиға олай болған жоқ", - дейді кінәлі тарап.

Назгүл Абықанова баласының ешбір чемпион емес, үйірмеге қатысып, спортпен шұғылданып жүргенін айтады. Жазатайым оқиғадан от басты деген ана тергеу әділ жүрсе дейді.

Анасының айтуынша, қамауда отырған оқушының жағдайы нашарлап кеткен. Бұл іс бойынша қазіргі уақытта Алматы облыстық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

"Полиция қызметкерлері Талғар ауданындағы кәмелетке толмаған тұрғынның өлімі фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Күдікті –кәмелетке толмаған адам ұсталды. Қазір уақытша тергеу изоляторында. Соттың санкциясымен-қамауға алынды", - дейді ведомство.

Қазіргі уақытта кешенді тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 21:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары