Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Бәріміз де өзіміз ғой”. Көкшетаулық сатушы сатып алушыларға деген ерекше қарым қатынасымен танымал болды

“Бәріміз де өзіміз ғой”. Көкшетаулық сатушы сатып алушыларға деген ерекше қарым қатынасымен танымал болды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Оның дүкенінде тек баға мен ассортиментті ғана біліп қоймайды. Ерлан Исімбаев тұрақты тұтынушыларының әдетте не сатып алатынын жадында сақтайды, олардың отбасы жағдайын сұрап, тәттілермен қонақжайлылық танытады. Оның айналасындағыларға көмектесу және қарапайым адами ілтипат туралы бейнероликтері миллиондаған қаралым жинап жатыр. Ерлан өзін қайырымдылықпен айналысатын блогер санамайды - ол тек ар-ұжданымен өмір сүруге және әлемді сәл де болса ізгілендіруге тырысатынын айтады, - деп хабарлайды Tengri Life.

Саумалкөл ауылынан Көкшетаудағы жеке кәсіпке дейін

Ерлан Исімбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы шағын Саумалкөл ауылының тумасы. Жергілікті мектептің тоғыз сыныбын бітірген соң, ол Астанаға көшіп, қаржы-экономикалық колледжінде білім алады, кейін әскерге аттанады. 2016 жылы Көкшетауға қоныс аударып, өз дүкенін ашып, отбасын құрды - қазір жұбайы екеуі екі қыз тәрбиелеп отыр.

Ерланның айтуынша, ол адамдарға көмектесуді Instagram-дағы блогы пайда болғаннан әлдеқайда бұрын бастаған. Оның қиын жағдайға тап болған жандарға деген ілтипаты ерекше. Бұған оның жеке өмірбаяны - Ерланның әкесінің ішімдікке салынғаны да әсер еткен көрінеді.

"Мен көшеде жүрген, ішімдік ішетін, қиын жағдайда қалған осындай адамдардың қасынан ешқашан үнсіз өтіп кетпеуге тырысамын. Бұны өзгелерге үлгі болу үшін, олар да бейжай қарамасын деп видеоға түсіремін. Ең болмаса су немесе сэндвич алып беріп, мұндай жандарға мейірімдірек болса екен деймін", - дейді ол.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ерлан Исімбаевтың (@isimbaeverlan) жарияланымы

"Бәріне клиент ретінде емес, жақын адамдай қараймын"

Ерлан блог жүргізуді Астанадағы колледжде бірге оқыған жақын досы Шыңғыстың ұсынысынан кейін бастаған. Досы оған Ray-Ban Meta көзілдірігін сыйға тартып, соған видео түсіруді ұсынған.

Алғашында Ерлан блог жүргізе алатынына күмәнданған. Бірақ көруге бел буады. Сол кезде оның бар-жоғы 600-дей оқырманы болған еді.

Біртіндеп кадрда оның сатып алушылары - балалар, қарттар, таныстары мен дүкенге жай ғана бас сұққан жандар көріне бастады. Олармен бірге қарапайым әңгіме-дүкен, дәм таттыру және шағын тосынсыйлар да көрсетілді.

"Мен олардың жағдайын, үй-ішін, бала-шағасын сұрап тұрамын. Мәселен, олардың не алатынын, не сатып алатынын жақсы білемін. Кіріп келгенде бірден: "Сіздің тауарыңыз бар, жаңасы келді" деймін. Барлығына жай ғана клиент емес, дос, туыс ретінде қараймын. Әрқашан осындай жылы толқында болуға тырысамын", - деп түсіндіреді сатушы.

Жұма күндері Ерланның дүкенінде жасына және ұлтына қарамастан барлық сатып алушы үшін 10 пайыздық жеңілдік қолданылады. Сонымен қатар, клиенттерге нан таратылады.

Басында ол блогында тек осындай сәттерді көрсетіп жүрді. Бірақ уақыт өте келе оқырмандар өздері көмек ұсына бастаған.

Үнсіз қалмайтын ізгілік

Уақыт өте келе шынайы бейнероликтер қолданушылардың назарын аударып, оқырмандар Ерланға мұқтаж жандарды қолдау үшін ақша жібере бастаған.

"Мен жалпы қайырымдылықпен айналыспаймын. Блогымды ол үшін түсірмеймін. Мен жай ғана жұма сайын әжелеріме, аталарыма, балаларға печенье, кәмпит беремін. Адамдар мұны көріп, мені көмектесіп жатыр деп ойлайды. Осындай видеолардан кейін маған ұқсас адамдар сол ақшаға біреуді қонақ қылсын деп қаржы аудара бастайды", - дейді Ерлан Исімбаев.

Осылайша, өздігінен игі бастамалар толқыны туындады. Алғашқы ірі жиын қиын жағдайда қалған әйелдің өтінішінен басталды. Ол бір уақытта ауырып қалған екі қызымен ауруханада жатқан болатын. Ерлан өзінің 10 мың теңгесіне оған қажетті заттарды - жөргектер, су, сулықтар мен қағаздарды сатып алып, бұл оқиғаны Instagram-да айтып берді. Ол ақша жинау туралы хабарлаған жоқ және оқырмандардан қаржы аударуды сұрамады. Алайда жарияланымнан кейін адамдар өздері жазып, қалай көмектесуге болатынын сұрай бастаған.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ерлан Исімбаевтың (@isimbaeverlan) жарияланымы

Бір айдың ішінде 500 мың теңгеден аса қаражат жиналды. Ақша отбасының қажеттіліктеріне жұмсалды. Кейінірек әйел балаларымен бірге Көкшетаудағы "Шанс" дағдарыс орталығына орналасты.

Сонымен қатар Ерлан ол жерге өз қыздарының киілмеген киімдерін апарып берді, ал жақында орталықтағы әйелдерді өз дүкеніне шақырып, оқырмандар жіберген ақшаға оларға дәм ұсынды.

Максим және қысқы аяқкиім

Көрермендердің ерекше ықыласына бөленген тұрақты сатып алушы - Ерлан блогында жиі көрсететін Максим есімді ер адам болды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ерлан Исімбаевтың (@isimbaeverlan) жарияланымы

Сатушының айтуынша, Максим бала кезінен мүгедектігі бар жан. Ата-анасы оны кішкентай кезінде тастап кеткен, оны туған тәтесі тәрбиелеп өсірген. Қазір тәтесінің өзі қарт, жүріп-тұруы қиын. Максим оқу білмейді, сондықтан тәтесі оған банк картасы мен QR-коды бар телефонды береді, ал ол дүкенге азық-түлікке өзі келеді.

"Өте мейірімді адам, одан ешқашан жамандық көрмейсің. Сондай өмірге құштар, таза адам", - дейді Ерлан.

Бірде оқырман Максимге тәтті алуы үшін 5 мың теңге аударады. Ерлан бұл ақшаны оған табыстайды. Максим алдымен кетіп қалып, кейін қайта оралып, лимонад сатып алғысы келгенін, бірақ қысқы аяқкиімі жоқ екені есіне түскенін айтады.

"Лимонад алғым келген, бірақ қысқы аяқкиімім жоқ екені есіме түсті. Ақшаны соған жинап қойдым. Тәтем тағы ақша қосады", - деп жеткізді кейіпкердің сөзін дүкен иесі.

Ерлан ол туралы видео жариялағаннан кейін, Петропавлдағы жанашыр көрермен Максимге жаңа қысқы аяқкиім жіберген.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ерлан Исимбаевтың (@isimbaeverlan) жазбасы

Сатушы сатып алушылардың қарызын қалай жаба бастады?

Ерлан блогының тағы бір бөлімі дүкендегі қарыз дәптерімен байланысты. Рамазан айында ол сатып алушылардың қарызын өз бетінше кешіруді ұйғарады. Ролик жарияланған соң, оқырмандары өзге де мұқтаж жандарға көмектесу үшін қайтадан ақша ұсына бастайды.

Солардың бірі - Валя есімді әйел. Күйеуі сал болып қалған, ол кісіге қарап отырған әйел үш бала тәрбиелеп отыр. Ерланның айтуынша, кіші қызы балабақшада құлап, мүгедектік алған. Отбасы жәрдемақыға күнелтіп жүр. Әйелдің дүкенге 50 мың теңгеден аса қарызы жиналып қалған. Бірде Ерлан оны көшеде кездестіріп, дүкенге келмегеніне екі айдай болғанын түсінеді.

"Мен оған барып: "Валя, өзіміз ғой. Ұялғаннан келмей жүргеніңізді білемін" дедім. Сосын: "Маған бір кісі 40 мың теңге жіберді, рұқсат етсеңіз, қарызыңыздың бір бөлігін жауып тастайын" деп түсіндірдім", - дейді ол.

Әйел көзіне жас алып, оны құшақтай жөнелген.

Видео жарияланғаннан кейін басқа бір оқырман қарыздың қалған сомасын жабуды ұсынған.

"Мен тек істеуім керек нәрсені істеп жүрмін"

Ерлан кәсіби қайырымдылықпен айналысуды мақсат тұтпайтынын баса айтады. Ол барлық видеоны ешқандай қойылымсыз және сценарийсіз лайв-контент форматында түсіреді. Ал есеп беру жазбаларын тек жұмсалған әр тиынның тиісті жеріне жеткенін адамдар көрсін деген ниетпен жариялайды.

"Мен мұны әрі контент ретінде, әрі ақша аударған адамдар бұл қаражаттың шынымен де игі істерге жұмсалып жатқанын көруі үшін автоматты түрде есеп беру ретінде жасаймын", - дейді ол.

Сонымен қатар, ол блогын қайырымдылық жобасына айналдыруды көздемейтінін айтады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ерлан Исимбаевтың (@isimbaeverlan) жазбасы

"Менің жоспарымда қайырымдылықпен айналысу мүлдем жоқ. Мен жай ғана өз дүкенімде жұмыс істеймін және істеуім керек нәрсені істеймін. Солай болып қалды. Адамдардың өздері хабарласады", - деп түсіндірді ол.

Бұл ретте ер адамның оқырмандар саны біртіндеп артып, сонымен бірге одан көмек сұрайтындардың да қарасы көбейген. Қазір, Ерланның айтуынша, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиі хат жазып тұрады.

Ол үшін дүкен - осы оқиғалардың бәрі болатын басты мекен: мұнда Ерлан жұмыс істейді, тұрақты сатып алушыларын қарсы алады, олармен сөйлеседі, қонақ қылады және кейде көмекке мұқтаж жандар мен көмек қолын созуға дайын адамдардың арасындағы дәнекерге айналады.

Тағы оқыңыз: “Міне, нағыз қалыңдық!“ Қазақстандық қыз ұзату тойында спарринг өткізді

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:70
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қыркүйек 2026 15:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары