Бас прокуратура мұғалімдерге жаңа киберқауіп туралы ескертті
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бас прокуратураның Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жаңа киберқауіптен сақ болуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Орталық шетелдік дереккөздерді зерттей келе АҚШ-тың 25 оқу орнындағы 6000-нан астам мұғалім зардап шеккенін мәлімдеді.
Интернет – алаяқтар төлем деректемелеріне қол жеткізіп, оларды өздерінің банк шоттарына аударып, ақша ұрлаған.
Алаяқтықтың бұл түрі әлемнің өзге елдерінде де таралу қаупі бар. Сондықтан орталық киберқылмыскерлердің құрбаны болмау үшін сілтемелер арқылы өтпеу күмән тудыратын хаттарды ашпауды, күрделі құпия сөздерді қолданып, екі факторлы аутентификацияны пайдалануды ұсынып отыр.


