Батыс Қазақстанда электр желілерінің тозу деңгейі 79% ға жуықтаған
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстанда электр желілерінің орташа тозу деңгейі 79%-ке жуықтаған. Бұл туралы облыстың энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Қонысбаев брифингте айтты, деп хабарлайды "Мой город" ақпараттық порталы.
Өңірде қазір 20 мыңнан астам электр тарату желісі және үш мыңнан астам трансформаторлық қосалқы станция бар. Электр желілерінің орташа тозу деңгейі - 78,8%.
Соңғы үш жылда жалпы құны 13 миллиард теңгеге 12 жоба іске асырылды. Соның ішенде, Орал ЖЭО-да қуаты 12 МВт №1 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді, нәтижесінде станцияның жалпы қуаты 58 МВт-қа дейін ұлғайған.
"Желілердің тозуын азайту үшін биыл Зачаганск – Переметное, Переметное – Таскала және Чапаев – Первомайс учаскелерінде 110 кВ желілерін ауыстыру басталды. Бұл жұмыстарға 2,8 миллиард теңге бөлінді", - деді басқарма басшысының орынбасары.
Қысқасы Батыс Қазақстан облысында тозған электр желілерін қалпына келтіру үшін ескі және апаттық сымдар мен тіректер ауыстырылған.
Сондай-ақ құны 1 151,98 миллион теңге болатын инвестициялық бағдарлама іске асырылуда. Жоспар — 54 км жұмыс. Бүгінгі таңда 88% орындалды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қараша 2025 14:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















