Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Беті ақсары тышқанға ұқсап, көзі сығырайған саясаткерден, блогерден сақ болыңыз, оның терісінде филлер болуы мүмкін

Беті ақсары тышқанға ұқсап, көзі сығырайған саясаткерден, блогерден сақ болыңыз, оның терісінде филлер болуы мүмкін

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Financial Times жақында бет-әлпетті жасартуға байланысты қысқа материал жариялады. Aikyn.kz осы материалға сүйеніп бүгінде кең таралған косметикалық процедуралардың себебі мен салдарын талдайды.

Гиалурон қышқылының бет филлерлері – бүгінде жұлдыздар, саясаткерлер мен қарапайым адамдар арасында кең таралған косметикалық процедураға айналды. Әдетте оны бірден байқамайсыз. Бірақ жарық түсу бұрышы өзгерсе, бетте екі жылтыр шар секілді байқалады. Ал филлер тым көп енгізілсе көздің астына дейін ісініп кетеді.

Филлердің әсерінен адамның беті ақсары тышқанға ұқсап, көзі сығырайып тұрады. Соған қарамастан, көптеген танымал адамдар үшін бұл процедура пластикалық хирургия әлеміне жасаған алғашқы қадамы саналады.

Қазір біз пластикалық хирургияның алтын дәуірінде өмір сүріп жатқандаймыз.Бет хирургтары өз ісінің шеберіне айналды. Қоғам да мәңгі 35 жастағы бет идеалына табына бастады. Бүгінде орта деңгейлі бет пластикасы дәрігерлері де адамды айтарлықтай «жасартатын» керемет технологияларды меңгерген.

Айналаңызды мұқият шолып өтсеңіз, қоғамға танымал адамдардың арасында сема-глутидтер (арықтататын дәрі) қабылдайтын, түрлі пластикалық емшара жасатқан тұлғаларды байқай аласыз. Артық салмақтан арыла бастаған адамның терісі салбырайтын мәселесі туады. Бұдан кейін адамдар денесін 20-дағы жастың терісіндей тегіс, серпімді еткісі келеді.

Осылайша бет тарту, ботокс, блефаропластика сияқты операциялар сәнге, әлеуметтік желіге, тіпті күнделікті өмірге еніп кетуде. Бірақ шынайылықты, табиғилықты жасыру мүмкін емес. Блефаропластиканы (көз қабағын тарту) алыстағы 1818 жылы Карл Фердинанд фон Грефе ойлап тапқан. Қазір ол әлеуметтік желідегі жастар арасында трендке айналды. Ұлыбританияда бұндай пластикалық өзгерту кеудені үлкейту мен кішірейтуден кейінгі үшінші ең танымал операция екен.

Контурлы пластикадан (филлер) кейін адам «жасармайды», қатып қалған маңдайы мен таңғалған көздері бірден байқалады. Фото centralfloridaeye.com сайтынан алынды

Көп адам мұндай операциядан кейін шын мәнінде «жасарып» кетпейді. Олардың мұздай қимылсыз маңдайы мен таңғалған көздері ботокстың әсерінен екенін бірден байқатады.

Контурлы пластиканың (филлер) белгілері де бірден көрінеді. Адамның еріні шамадан тыс томпайып, ісініп тұрады. Филлер (қазақша толтырғыш) – әжімдерді толтыру, еріннің көлемін ұлғайту, бет пішінін түзету немесе тыртықтарды кетіру үшін тері астына енгізілетін гель тәрізді зат. Контурлы пластика операциясыз бет-әлпетті жақсартуға мүмкіндік береді.

2019 жылы жасөспірімдер мен 20 жастағы Vice UK Snapchat-тың аудиториясы арасында жүргізілген сауалнамада қатысушылардың жартысынан астамы мұндай процедураларды «шаш қию немесе маникюр секілді қалыпты іс» деп санаған.

Vice мәліметтері аса дәл болмауы мүмкін, бірақ ол бір өзгерісті нақты көрсетеді.  Қоғам пластикалық операцияға төзімді және тіпті оны қалыпты құбылыс ретінде қабылдай бастады. Респонденттердің 66%-ы өз келбетін өзгерткісі келетінін айтқан. Британдық эстетикалық хирургтар қауымдастығы әйелдер мен ерлер арасында бет тарту операцияларының өскенін тіркеген: әйелдерде 8%-ға, ерлерде 26%-ға артқан.

Бұл үрдістерді алаңдатарлық деп санауға болады. Қазіргі кезде 30-40 жастағы инфлюенсерлердің терісінің «сәл ғана салбырағанына» шағымданып, бетін тартқызған мысалдар бар. Әлеуметтік желілерде «40 жасымда бетімді тартқыздым, оған еш өкінбеймін» деген постар көбейген.Мәңгі жас көрінуге деген жалған мақсат жасанды интеллект пен цифрлық сұлулық мәдениетінің ықпалымен күшеюде. Пластикалық операция жасамаған адам қоғамның алдында «кәрі» болып көріну қаупіне тап болуда. Бұның бәрін Жаратылыс заңына қарсы, «виртуалды бетке» айналу процесі деп сипаттауға болады.

Тартылған, филлермен толтырылған беттер ұрпақтар арасындағы табиғи айырмашылықты жойып барады. Әжелер немерелерімен, аналар қыздарымен бірдей көрінгісі келеді. Батыстық мәдениеттің өзі бұның психологиялық тұрғыдан бұрмалану екенін айтып, дабыл қағуда. Жақында Ким Кардашьян жаңа қысқа шаш үлгісімен көпшілік алдына шыққанда оны анасымен шатастырғанына күлесіз бе, аяйсыз ба?

Бүгінгі әлемнің сұлулық пен жастыққа тәуелділігін, әлеуметтік желілер мен ЖИ фильтрлерінің әсерінен табиғи келбеттің жойылуын әркім әрқалай қабылдайды. Пластикалық хирургия сән мен сұлулықтың айнымас бөлігіне айналғанымен, ол адамды табиғилықтан алыстатып, тұлғалық ерекшелігін жояды.

Атақты ағылшын Редьярд Киплингтің: «Шығыс – Шығыс болып, Батыс – Батыс болып қала береді. Көк пен Жер ұлы Жаратушы сотының алдына келгенше, олар ешқашан кездеспейді», – деген сәуегейлігі мағынасын әлі жоғалтқан жоқ.

Қазақтың сұлулық ұғымы – табиғилық пен үйлесімге, рухани тазалыққа негізделген. Ал бет-әлпетті жасанды жолмен өзгерту рухани тамырымыздан алыстатады. Бұндай үрдістер өзіндік мәдени келбетіміз бен табиғи сұлулық дәстүріне қайшы келетінін есте сақтайық.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қазан 2025 10:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары