Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Балға алмақ болған: Степногорда ер адам 10 метр биіктіктен құлады

Украинадағы бейбітшілік бойынша АҚШ қана араағайындық жасай алады Рубио

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Қазақстан ЖИ таралуы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды рейтинг

Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Тоқаев пен Ердоған жаңа мектепті ашты

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді ХВҚ

Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді

Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы деп атады

Зілтемірші Петр Хребтов биылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды

Ұлыбритания Украинаға берілген техниканың орнына жаңа гаубицалар сатып алады

Әр адамның мәселесі маңызды : Ерлан Қошанов тұрғындардың талап тілегін тыңдады

Кітап оқитын ұлт : Маңғыстау облысының әкімі кітап аманатын ресми түрде қабылдады

Билік пен білік

Билік пен білік

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бірақ мемлекеттік машинаны тежеп тұрған ақауларды жөндеу үшін заң талаптары аздық етуі мүмкін. Абай аңсаған, Жүсіп Баласағұн жүйелеп кеткен қағидаларды басқару аппаратына қайтіп енгізген дұрыс? Ақ жағалы ағайынның сана-сезіміндегі сірескен сеңді бұзбайынша, «билік» пен «білікті» ұштастыруға бола ма?

Кәсіби мемлекеттік аппарат құ­рамыз деген мақсат со­нау 1997 жылы «Қазақстан-2030» стра­те­гиясында қойылған. Содан бері елі­мізде төрт рет әкімшілік ре­­фор­ма жасалыпты. Бүгінгі өз­герісті со­лардың заңды жалғасы деуге де, бұрынғы реформалардан нәтиже шықпаған соң қайтадан қолға алынған шара деуге де бо­лады. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жолдауында: «Мемле­кеттік қызметшілер санын біртін­деп қысқартып, үнемделген қара­жатты неғұрлым пайдалы қыз­мет­керлерді ынталандыруға жұм­саймыз», – деген. Осы кезде «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы түзіліп, билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату негізгі міндет деп бекі­тіл­ген. 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін Президент мемлекеттік аппа­ратты бюрократиядан арылту туралы Жарлық шашты. Рефор­ма­ның бастапқы екі толқыны әкім­шілік жүйені реттеп, қағазбас­ты­лықты азайтуға бағытталса, 2024 жылы басталған үшінші толқын мемлекеттік қызметтің ішкі мазмұ­нын жаңғыртуды көздейді. Отыз жылдық ізденістің қорытындысы іспетті биылғы заң жобасында бір­қатар өзгеріс қамтылған. Мыса­лы, мемлекеттік қызметтің сервистік үлгісі тәжірибеге енгізілді. Яғни, мемлекеттік аппарат бұдан былай азаматтарға шындап қызмет көр­сетуге бет бұрады. Кадр саясаты жа­ңартылып, меритократия қағи­даты күшейтіледі. Шенеунікті қыз­метке қабылдап, мансабын кө­теруде оның кәсіби қабілеті шешуші рөл атқарады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің ең­бегін бағалау жүйесі нақты нәти­жеге негізделеді. Тиімді жұмыс іс­теген қызметкерлерге бонустар мен ынталандыру тетіктері қарас­тырылған. HR-процестерді толы­ғымен цифрландыру жоспарланып отыр. Соның арқасында биліктің ашықтығы артады. Мемлекеттік қызметтің бет-беделін биіктету үшін талантты мамандарды көптеп тартуға көңіл бөлінеді. Заң жоба­сында мемлекеттік қызметшілердің этикалық талаптары мен жауап­кер­шілігі де қатаңдатылған.

Осы құжатты депуттарға та­ныс­тырған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың сөзінше, жаңа заңда процеске емес, адамның мұң-мұқ­та­жына басымдық беріледі.

– Заң деңгейінде тұңғыш рет мемлекеттік қызметті атқарудың негізгі қағидаттары атап көрсетілді. Отаншылдық, кәсібилік, ашық­тық, клиентке бағдарлану, этика, мінсіз бедел, құқықбұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына мүл­дем төзбеушілік – абстрактілі ұран­дар емес, әрбір мемлекеттік қызметші міндетті түрде орындауға тиіс талаптар, – деп мәлімдеді Агент­тік басшысы.

Қағаз жүзінде жоспар жой­­қын, мақсат айқын. Ал іс жү­зінде қалай орындалады? Мә­­се­ле – сонда. Ал­дымен мемлекеттік қызметкерлер саны жөніндегі «аңыз бен ақиқат­тың» аражігін ажы­ратып алайық. Статистикаға сү­йенсек, Қазақ­стан­да ірілі-ұсақ­ты 85 мыңға жуық шенеунік бар. Бұл жерде маңызды бір нәрсені ескеру керек: 85 мың дегенде әкім­шілік және саяси мемлекеттік қыз­мет­шілерді ғана (министрлік, әкімдік мамандары, комитет қыз­меткер­­ле­рі, т.б.) са­наққа қосамыз. Мұның іші­не мұға­лімдер, дәрі­гер­лер, әс­керилер, құ­қық қорғау ор­гандары­ның өкіл­дері кірмейді. Егер бүкіл бюджеттік сала қызмет­керлерін біріктірсек, 1,1 млн-нан асар еді. Жан басына шаққандағы көрсет­кішті әлем ел­дерімен салыстырсақ, бізде бір ше­неунікке 241 адамнан келеді екен. Ресейде бұл көрсет­кіш – 60 адам, АҚШ пен Ұлыбрита­ния­да – 157 адам, Гер­ма­нияда – 165 адам. Экономи­ка­лық ынтымақтас­тық және даму ұйы­мына мүше ел­дерде мемлекеттік секторда жұмыс істейтіндердің үле­сі орта есеппен еңбекпен қам­тылған халықтың 18-21 пайызына тең. Норвегия мен Данияда бұл көрсеткіш тіпті 30 пайызға дейін жетеді. Бізде жал­пымемлекеттік сек­тор (мұғалім, дә­рігер, әскери­лер­ді қосқанда) жұ­­мыспен қам­тыл­­ғандардың ша­мамен 10-12 па­йызына парапар. Сондықтан Қа­зақстанда мемле­кеттік аппарат шектен тыс үлкен деген жаттанды әңгіме шындыққа жанаспайды. Мұ­ның артық­шы­лығы да, кемші­лігі де баршылық. Бір жақсысы, мемлекеттік қыз­мет­кер аз болса, бюджет шығындары үнемделеді. Бір жаманы, жан ба­сы­на шаққан­да­ғы төмен көрсеткіш шенеунік­тердің шамадан артық жұмыс іс­теуіне, жұмыс сапасының на­шар­лауына әкеп соғады.

Сандарды айттық, енді сапа жа­ғына ойысайық. Мемлекеттік ор­гандардағы ең үлкен олқылық – бюрократия. Яғни, қағазбастылық, жауапкершіліктен жалтару, жұ­мысты сөзбұйдаға салып созу, тағысын тағылар. Министрліктер мен әкімдіктерде құлаш-құлаш қағаз толтырып, есеп берудің етек жайғаны жасырын емес. Бюрокра­тияның экономикаға кері әсері қатты білінеді. Мәселен, жол салу керек делік. Оған қазынадан қар­жы бөлдіру керек. Қажетті қаражат мемлекеттік органдардың кабине­тін аралап, көшедегі жолға жет­кен­ше 50 түрлі белестен өтеді екен. Сөйтіп жүргенде жазда төселетін асфальт қар жауып, күн суығанда төселіп жатады. Шешімдердің баяу қабылдануы Үкімет жоспарлаған міндеттердің ойдағыдай орында­луына кесірін тигізеді. Экономист Олжас Құдайбергеновтің пікірін­ше, қағазбастылық салдарынан еліміздің жалпы ішкі өнімі жыл сайын 5-7 трлн теңгеден қағылады екен. Осы арада «триллион» сөзі­нің мағынасына ерекше екпін тү­сіреміз. Себебі 1 трлн дегеніміз – млрд-ты мыңға көбейткенде шы­ға­тын сан, шын мәнінде орасан сома. Әрине, мемлекет болған соң оның есеп-қисабы да болады. Жазу-сызуды ойлап тапқан Шумер патшалығының бес мың жыл бұ­рынғы жазуларына үңілсек, бюро­кратияның ежелден бар екенін байқаймыз. Мысалы, ежелгі қыш тақ­талардың бірінде: «29 086 өл­шем арпа, 37 ай, Көшім» деп жазы­лыпты. Ғалымдар мұны: «37 айдың ішінде 29 086 қадақ арпа түсті. Қол қоюшы – Көшім» деп тәпсірлейді. Сонда ең алғашқы жазбалар – философия да, поэзия да, өсиет те емес, алым-салық көлемін, жинал­ған қарыздар жайын тіркеген эко­номикалық құжаттар ғана деген сөз. XIX ғасырда неміс ойшылы Макс Вебер: «Шенеуніктер дикта­ту­расы келе жатыр!» деп дабыл қағыпты. Алайда басшылар әлі де тілдей қағазға қол қоюмен жағдай­ды жақсарта салуға құштар. Парла­мент мақұлдаған заң жобасы осы олқылықтың орнын толтыратын сыңайлы. Неге десеңіз, заң мәті­ніндегі «Өтініштерді формалды негіздер бойынша қараудан бас тартуға жол берілмейді» деген сөй­лем тікелей бюрократиямен күрес­ке бағытталған. Бұған дейін ше­неу­ніктер үтір-нүктесі қате қо­­йылған немесе бір қағазы кем өтініштерді бірден кері қайта­ра­тын, тұрғындар қайтадан кезекке тұрып, уақыт құртатын. Жаңа заң­да олай істеуге тыйым салынады. Мемлекеттік органдар өтінішті сызып тастамай, мәселенің мән-жайына тереңірек үңілуге тиіс. Ең бастысы, Мемлекеттік қызмет істе­рі агенттігі бюрократияны тек­серу арқылы жаңа бюрократия ту­ғызбаса, қағазбастылықтың өзі­мен қағаз бетінде күреспесе болды. 

Айтпақшы, заң жобасында лин­гвистикалық бюрократия проблемасы ескерілмей қалыпты. Неге екенін қайдам, ақ жағалылар алыстан орағытып, қарапайым нәрсені күрделендіріп, термин­детіп, бұлыңғырлатып сөйлейді ғой. Шыңғырған шындықты мейлінше жұмсартып айтудың амалы ма деп топшылаймыз кейде. 2022 жылы Жаңа Зеландияда ше­неуніктерді азаматтармен қарым-қатынас кезінде «адамша» сөйлеуге міндеттейтін заң қабылданған. Бәлкім, бізге де осындай тетіктер керек шығар?!

Қазір қай мекеменің құзы­реті қай жерден басталып, қай жерде аяқталатынын ажырату қиын. Қоғам белсенділері қаптаған қажетсіз мекеме көп деп шырыл­дайды. Бір-бірін бақылайтын ко­миссиялар, комиссияны қадаға­лайтын комиссиялардың тармақтармақ схемасына қарасақ, бейне бір шым-шытырық шежіре оқы­ғандай шатасамыз. Алысқа бар­май-ақ өзіміз журналист ретінде мемлекеттік органдарға хабар­лас­сақ, осыны анық аңғарамыз. «Мы­на сұраққа анау жауапты, ана сұ­рақ­тың бізге қатысы жоқ» деп бас­тарын ала қашып, бір-біріне сілтейді. Әртүрлі маман, әртүрлі департамент бір-бірінің қызметін қайталап жүргендей көрінеді. Жұмысты оңтай­ландырудың ор­нына мұндай күрделі жүйе құру кімге тиімді бол­ғаны түсініксіз. Мемлекеттік ап­па­ратты жетілдіру жолында бұған да назар аударған абзал.

Шыны керек, біздегі атқа­рушы билік мекемелері құпия қызмет орны сияқты. Әсі­ресе, әкімнің қабылдауына кіру – қиямет-қайым шаруа. Өңір бас­шы­сына жолыққысы келетін тұр­ғын­дарды әуелі әкімдік қыз­мет­керлері сұрыптап алады. Содан кейін ғана әлгі адам әкіммен бет­пе-бет кездесу бақытына ие бо­ла­ды. 2018-2019 жылдары іске қо­сыл­ған «Ашық әкімдік», «Сер­вис­тік әкім­дік» сынды жобалардың осындай қолдан жасалған кедер­гілерді түбегейлі жойғанына күмән көп.

Рас, шенеуніктер де – аяғы ас­паннан салбырап түскен бөгде планеталықтар емес, өз арамыздан өсіп шыққан азаматтар. Демек, мемлекеттік қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген ма­мандардың еңбегі лайықты баға­ланғаны лазым. Енді заң бойынша олардың әлеуметтік қорғалуына кепілдік беріледі. Демалыс және ме­реке күндері жұмыс істесе, мін­детті өтемақы төленеді. 25 жыл өтілі бар мемлекеттік қызметшілер­дің шотына зейнетке шығар ал­дында төрт жалақы мөлшерінде сыйақы аударылады. «Бірақ мұн­дай ерекше жеңілдіктер мемлекет­тік қызмет сапасын арттыруға шы­нымен көмектесе ме әлде бюд­жетке қосымша шығын әкелумен шектеле ме?» деген сауал сананы сан-саққа жүгіртеді.

Жалпы, нарықтағы жекемен­шік компаниялар KPI-і төмен, қажетсіз кадрларды ұзақ ұста­майды. Өйткені ондай мамандар компанияның жұмысын ақсатады. Өкінішке қарай, мемлекеттік ор­ганда бәрі басқаша. Таңнан кешке дейін еңбек ететін бір қызметкерді үстінен бақылайтын екі адам оты­рады. Бастығы ондай масылдарды қызметтен қуып, орнына нағыз майталмандарды алайын десе, артында «көкесі» тұрады. Осы орай­да заң жобасындағы мемле­кеттік қызметке алдын ала кадр дайындау идеясы көңілге қонады. Оның мәні мынада: мектеп не уни­верситет қабырғасында оқитын жастар арнайы іріктеліп, кәсіби даярлық бағдарламасына қаты­сады. Оқу барысында мемлекеттік басқару пәндерін игереді, прак­тикалық тағылымдамадан өтеді. Өз кезегінде оқуын бітірген түлек мемлекеттік қызметте кемінде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті. Осы­лайша, Үкімет жас кадрларды ерте бастан халыққа қызмет көрсету мәдениетіне бейімдемек. Дегенмен мұндай модель бюрократияның кәсіби деңгейін өсіргенімен, еркін ойлы мамандарды азайтып жібер­ген жағдайлар әлемдік тәжірибеде жиі кездеседі.

Жақында Мәжіліс депу­таты Бақытжан Базарбек «мемлекеттік қызметшілер апта­сына бір күн кітап оқысын, сол үшін арнайы демалыс күнін бере­йік» деген ұсыныс жасады.

– Олардың көкірек көзін ашу керек. Абай мен Макиавеллиді оқыту керек, – деді халық қалау­лысы. Иә, шенеуніктерге бір күн демалыс жариялап, кітап оқыту идеясы теория жүзінде әдемі-ақ. Бі­рақ олардың үйде кітап оқып жат­қанын ешкім қадағалай алм­ай­ды, кітап оқу күні жай ғана дема­лыс күніне айналып кетуі әбден мүмкін. Әйтсе де, қазақ шенеуні­гіне Абайдың ыстық қайраты мен нұрлы ақылы, Макиавеллидің салқын прагматизмі, Жүсіп Ба­ла­сағұнның әділдік, парасат, қанағат тәрізді құндылықтары қажет еке­ніне ешқандай дауымыз жоқ. Осы қасиеттер бір арнада тоғысса, төр­дегі төрелерге жалтақтамай, жер­дегі қалың бұқараға қарайлайтын, қашанда халықтың қасынан табы­латын білікті билік корпусын жа­сақтауға болады.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:51
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Мамыр 2026 10:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

15 Мамыр 2026 00:41see116

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

14 Мамыр 2026 15:29see115

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

14 Мамыр 2026 17:47see113

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

14 Мамыр 2026 11:18see113

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

14 Мамыр 2026 13:48see113

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

14 Мамыр 2026 12:48see112

Балға алмақ болған: Степногорда ер адам 10 метр биіктіктен құлады

15 Мамыр 2026 14:09see112

Украинадағы бейбітшілік бойынша АҚШ қана араағайындық жасай алады Рубио

14 Мамыр 2026 13:09see112

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

14 Мамыр 2026 11:18see112

Қазақстан ЖИ таралуы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды рейтинг

15 Мамыр 2026 12:14see111

Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды

15 Мамыр 2026 11:45see110

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

14 Мамыр 2026 15:10see110

Тоқаев пен Ердоған жаңа мектепті ашты

14 Мамыр 2026 13:57see109

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді ХВҚ

14 Мамыр 2026 16:54see109

Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді

14 Мамыр 2026 14:42see109

Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы деп атады

15 Мамыр 2026 17:28see108

Зілтемірші Петр Хребтов биылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды

15 Мамыр 2026 15:10see107

Ұлыбритания Украинаға берілген техниканың орнына жаңа гаубицалар сатып алады

14 Мамыр 2026 22:28see107

Әр адамның мәселесі маңызды : Ерлан Қошанов тұрғындардың талап тілегін тыңдады

15 Мамыр 2026 21:42see106

Кітап оқитын ұлт : Маңғыстау облысының әкімі кітап аманатын ресми түрде қабылдады

15 Мамыр 2026 18:16see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары