Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Балға алмақ болған: Степногорда ер адам 10 метр биіктіктен құлады

Украинадағы бейбітшілік бойынша АҚШ қана араағайындық жасай алады Рубио

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Қазақстан ЖИ таралуы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды рейтинг

Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Тоқаев пен Ердоған жаңа мектепті ашты

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді ХВҚ

Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді

Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы деп атады

Зілтемірші Петр Хребтов биылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды

Ұлыбритания Украинаға берілген техниканың орнына жаңа гаубицалар сатып алады

Әр адамның мәселесі маңызды : Ерлан Қошанов тұрғындардың талап тілегін тыңдады

Кітап оқитын ұлт : Маңғыстау облысының әкімі кітап аманатын ресми түрде қабылдады

Есболат Айдабосын: Қазақ прозасында романизм дәуірі басталды

Есболат Айдабосын: Қазақ прозасында романизм дәуірі басталды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл жолы жазушы Есболат Айдабосынның «Бүкір» романының бағы жанды. Енді автор өмір бойы ай сайын 500 доллар көлеміндегі ақшалай сыйлықты алып тұрмақ. Біз осы орайды пайдаланып, жазушымен аз-кем әңгіме өрбіттік.

– Есболат, бұл байқауға қатысу көптен бері ойыңызда болды ма? Әбден дайындалып  қатыстыңыз ба? 

– «Меценат» байқауының бірінші маусымында Шархан Қа­зы­ғұл ағамыз жеңімпаз болғанда, менің де қызығушылығым оянды. Осы байқауға түбі бір қатысармын деп ойлайдым. Бірақ мен «Бүкір­ді» бұл байқауға арнап жазған жоқпын. «Меценат» үшін жаз­ып жатқан шығармам әлі аяқтал­ған жоқ. Мен бұл байқауға шама­мен 2-3 жылдан кейін, әлгі ро­ма­н­ым аяқталған кезде  қатысам деп жоспарлаған едім. Ал «Бүкірді»  бастапқыда «Айбоз» байқа­у­ына ұсындым. Оның жақсы жаз­ыл­ған шығарма екенін іштей білдім. Бірақ «Айбоздан» жүлде бұйырмады. Сосын «Меценат» байқауының шартымен таныс­тым. «Бүкірдің» көлемі  байқау шартына сай екен. «Айбоз» сый­лы­ғынан жүлде бұйырмаған соң осы додаға қосып жібердім. Бай­қауға 33 шығарма ұсынылыпты. Қазылар соның ішінен іріктеп, алты шығарманы финалға өткізді. Үшеуі қазақша, үшеуі орысша. Осы алты роман жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылды. 

– Сол бір ай науқан кезінде сіз­дің шығармаңыз туралы әлеуметтік желілерде пікір көп жазылды. Бұ­ның қандай да бір ықпалы болды ма? 

– Иә, дауыс беру төрт аптаға созылды. Бұл байқаудың ең бір пайдалы тұсы – шығарманың оқылуына жағдай жасайды екен. Өйткені дауыс беруге ықыласты адам 1 600 таңбадан тұратын пікір жазып, өзінің әлеуметтік желі­сінде оны жариялауы шарт. Содан кейін барып mecenatkz.com сайт­ы­на тіркеліп, дауыс бере ала­ды. Яғни, онда көлемдегі пікірді шы­ғарманы оқымаған адам жаза ал­майды. Сондықтан да байқау­дың осы бір дауыс беру механизмі­нің өзі романдардың оқылуына жете­леп тұрды. Бізде көп байқау­ларда жүлде алған шығармаларды көп­шілік оқи алмайды. Оны ұйым­­дастырушы тарап та жария­ла­майды, кітап болып шыққанда ғана көреміз. Ал мұнда басқа екен. Мысалы, «Бүкір» әлі кітап болып шықпаған, ел-жұрт оны электрон­ды нұсқасы арқылы  оқы­ды. Бір қызы­ғы, оқылуы жа­ғынан қазір­дің өзінде өз шығарма­ларымның арасында рекорд орнатты. Яғни, бұрын жазылған әңгіме, хикаят­тарымның бәрінен озып кетті. Романның электронды нұсқасы­мен бірге аудионұсқасын да жаса­дық. Қуат Ахметжанов пен Риза Тұрдақынқызы дейтін дик­тор­лар өздері сұрап алып, оқып, арна­ларына жүктеді. Бір айдың ішінде 40-50 мыңдай адам тың­дап­ты. Сондықтан бұл байқау шығарма­мның да, белгілі бір деңгейде менің де жарнамамды жасады. Әдеби ортадан алыста, Талды­қорған сияқты қалалық аймақта тұрамыз ғой. Мүмкін, мені біреу­лер ұмыта да бастаған шығар, сол кезде адамдардың есіне қайта түскендей болдым. Әлеуметтік желіде парақшама  жазылушылар саны көбейді. 

– «Бүкірдің» кейіпкерлерінің протатиптері өмірде болған ба? 

– Бүкір деген жүйрік өмірде болған, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Дегерес» жылқы зауытынан шыққан жылқы. Енеден бүкір боп туған. Күзгі жабағы бөлу науқанында оны «мүгедек» деп танып, асылтұқым­дылардың санатынан сызып, мініс аттарының қатарына қосып жібереді. Ол кейіннен бір қойшы­ның қолына түседі. Қойшы оны­мен ара-тұра көкпарға шабады, ат жеткізбейді. Күндердің күні бәй­ге­ге де қосылады. 30 шақты бәй­геде топ жарады. Бұл жылқының ерекшелігі, ешқандай бап тіле­мейтінінде. Қойға мініп жүріп, бәй­геге қосса, жүлделі орын ала­ды екен. Мен сол атты бала күнім­де көрдім. Бұл шамамен 1992-1993 жылдар болуы керек. Үлкен қара­гер ат екен. Кейіннен әдебиетпен айналыса бастаған жылдары «бұл ат туралы жазам деп» шығарма­шылық жоспарыма енгіздім. Ал шығармадағы екінші кеййіпкер  Қоспа туралы осыдан бес-алты жыл бұрын естідім. Нағашыла­рының ауылында өскен жетім бала. Нағашылары өз атын ұмыт­тырып, «Қоспа» деген жанама есім қойған. Қоспа деп әдетте мал­ды айтамыз ғой, қоспа мал, бөтеннің малы дегендей. Осы бір жайт көңілімді алай-дүлей қылды да, оны жазуды ойлап, шығарма­шылық жоспарға енгізген бола­тынмын. Қысқасы, екеуі де өмірде болған тіршілік иелері. Бірақ бір-бірін көрмеген. Олар менің шығармамда ғана жолықты. Бірақ екеуінің тағдырында ұқсастық бар екен. Екеуі де жетім, екеуі де бүкір, екеуі де қоғам теперішін көреді, мазағына ұшырайды. 

– Осы шығарма арқылы қандай да бір әлеуметтік-психологиялық мә­се­лелерді көтеруді ойладыңыз ба?­ Әлде біздің халқымыздың дүние­танымындағы ерекшеліктерді көрсеткіңіз келді ме? 

– Шыны керек, мен бұл жерде «мынадай бір ой айтайыншы» деп сюжетті ойға құрған жоқпын. Екі бірдей қоғамнан теперіш көрген, шыққан тегі белгісіз және ешкім үміт күтпеген жаратылыс иелері­нің бір-бірін тауып, бір-бірінің бағын ашқанын көрсеткім келді. Өз басым қандай шығарма жазсам да, сюжетті бір идеяға байламай­мын, тек тағдырларды көрсеткім келеді. Оның ар жағын әдебиет­тану­шылар өздері талдап, таразы­лап алады. 

– Жылқы туралы жиі жазасыз. Жыл­қы тақырыбы қалай нысаны­ңызға айналды? 

– Жылқы туралы жазғанды жаным сүйеді. Менің туған жерім­де бәйге көп өтетін. Бала күнімде мен де бәйгеге шаптым. Балалық шағымда көрген сол жүйріктерді «Сүлікқарада» жаздым. Одан кейін «Тұлпар серті» деген әңгі­мем бар. Ол жерде Ракета және Бекжанның көк аты деген жүйрік­тердің тағдырын тоғыстыра отыр­ып, бір тұлпардың бойына жиып суреттедім. Бүкірді жеке жазамын деген жоспарым болды. Соған жет­тім. Осымен жадымдағы жыл­қы туралы ақпараттарды сарқып беріп, бұл тақырыптың есігін жақсылап жаптым деп ойлаймын. 

– Айтпақшы, жақында отба­сыңыз толығып жатыр екен, пер­зентті болыпсыз. Мына жеңісіңіз сол баланың ырзығы болды ғой. 

– Қыз бала нәсіпті болады екен. Оған өз мысалымда көзім жетті. 2015 жылдың қарашасында екі ұлдан кейін қызым өмірге келді. Сол  уақытта мен «Алтын тобылғы» мен «Алтын қалам» деп аталатын екі байқауда жеңімпаз атандым. Сол кезде алған қаражат маған кәдімгідей қолдау болды. Міне, осы жолы да байқауға қаты­сып, финалға шыққанымда, тағы да перзентті болдық. Бұл жолы да қыз. Сондықтан «Меценатты» мен емес, сол қызым ұтып алған секілді, бұл соның несібесі. 

– Соңғы кезде біз байқап жүрген бір дүние бар. Мета-роман, шағын роман деген жанрмен қалам­герлер романды көп жазып жатыр. Романға қойылатын талаптар да сақталмайтын сияқты көрінеді маған. Сіз қалай ойлайсыз, бұл уа­қыт сұранысы ма, әлде біз бұрынғы жоғары деңгейді төмен түсіріп алдық па? 

– Меніңше, әлемдік стандарт бізді де осыған алып келген сияқ­ты. Бұрынғыдай трилогия, дило­гияға қарағанда осындай 100-150 бет аралығындағы дүниелер өтім­ді. Өзіңіз білесіз, Батыста біз­­де­гідей роман мен әңгіме ара­сын­дағы повесть деген жанр жоқ. Олар не роман, не әңгіме деп ен тағады. Мен «Бүкірді» 15-20 беттік әңгіме қылып жазамын дегенмін әу баста, бірақ жазу барысында көлемі көбейіп кетті.  Бұл енді шағын роман ба, повесть пе, әлде ұзақ әңгіме ме, оны әдебиет тео­риясын жақсы білетін мамандар ажырата жатар. Мен үшін  шы­ғар­ма­ның көлемі мен жанры маңыз­ды емес. Ең бастысы, жақсы жазылғаны керек.  Содан кейін қандай көлемдегі дүние жазсам да, кейіпкерлерді азайтқым келіп тұрады. Кейіпкердің көптігі, қаптаған адам аты оқырманды шатастыратын сияқты. Кейбір кі­тап­тардың соңғы жағында «мынау кім еді» деп бастапқы тарауларды парақтап отыраты­нымыз бар. Сол үшін шығармада кейіпкерге сараңдаумын. Бір-екі оқиғада ғана көрінетін адамдарды Марат, Самат деп жатқанша, сол сәттегі оқиғаға орай, немесі түр-тұлғасына қарай «божбан қара», мотоцикл мінген бала дегендей сипаттай салса жеткілікті. 

Жалпы, менің бағалауымда қазір қазақ прозасында романизм дәуірі басталды. Үлкен буын да, орта буын мен кіші буын да роман жазып жатыр. Тіпті, әңгіме жаз­бай-ақ, әдебиетке романмен келіп жатқандар бар. Сондықтан бұл құбылыс бір жемісін береді. Өткен қыста Мәскеуде өткен кітап жәрмеңкесіне қатыстым. Сонда бір баспагер жігіттің әңгімесін естідім. Бір жас жігіт әңгіме жазып әкелді дейді. Оқыдым да, «мұны енді романға айналдыр» деп  тапсырдым дейді. Содан жарты жылдан соң әлгі жігіт роман жаз­ып әкелген. Сол романды қазір кітап қып шығарып, сатып жат­қанын айтты. Ол баспагердің ойын­ша, біріншіден, романға татитын сюжетті әңгімеге қор қылмау керек. Екіншіден, оқыр­мандар әңгімелер жинағынан гөрі тұтас романды оқығанды қалайды. Яғни, бір кітаптан бір оқиғаны егжей-тегжейлі оқығанды қалай­ды. Бізге де шикізатыңыз романға татитындай болса, оны әңгімеге пайдаланудың қажеті жоқ деген кеңес айтты. 

– Сіздіңше қазір қаламгер мен оқырман арасында қандай мәселе бар? 

– Осыдан 10-15 жыл бұрын ақын-жазушылардың кітабын шығару үлкен мәселе еді. Қазір ол мәселе күн тәртібінде емес. Мем­лекеттің бағдарламалары бар, жеке баспалар бар, кітаптар шы­ғып жатыр. Ендігі мәселе – сол кітаптарды оқыту. Жекелеген баспалар шығарған өнімдерінің жарнамасын жасайды, әйтеуір кітаптарының оқылуын қамтама­сыз етеді. Ал мемлекеттік тапсы­рыс­пен шығатын кітаптардың жарнамасы аз, сол себепті оқыл­ы­мы да аз.  Кітапханаға барсаңыз, оқылмаған кітаптар тұрады. Бұл – кітаптың қасіреті. Бұл орайда мем­лекет өзі өндірген тауарды сата алмай, қоймаға үйіп қойып отыр­ған кәсіпкер сияқты көрі­неді. Сондықтан кітап оқыту­ды мемлекеттік деңгейде қолға алса деген ұсынысым бар. Оқушылар арасында, студенттер арасында оқырмандар сайысы өткізілсе... Ол сайыс жеңімпаздарына ЖОО гуманитарлық бағыттағы маман­дықтар бойынша гранттар тағай­ын­далса... Одан басқа да елді ын­та­ландыратын қомақты жүлде­лер тігілсе... Сол кезде кітап оқи­тын жастар қазіргіден көбейетін еді, кітап оқу арқылы жетістікке жетуге болтанынын көрген жас­тардың әдебиетке деген ықыласы оянар еді. Осы арқылы тұтас кітап оқитын буын қалыптасар еді. 10-20 жылда-ақ  оқырманы көп ұлтқа айналар едік. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Айгүл СЕЙІЛ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:22
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Мамыр 2026 10:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

15 Мамыр 2026 00:41see116

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

14 Мамыр 2026 15:29see115

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

14 Мамыр 2026 17:47see113

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

14 Мамыр 2026 11:18see113

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

14 Мамыр 2026 13:48see113

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

14 Мамыр 2026 12:48see112

Балға алмақ болған: Степногорда ер адам 10 метр биіктіктен құлады

15 Мамыр 2026 14:09see112

Украинадағы бейбітшілік бойынша АҚШ қана араағайындық жасай алады Рубио

14 Мамыр 2026 13:09see112

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

14 Мамыр 2026 11:18see112

Қазақстан ЖИ таралуы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды рейтинг

15 Мамыр 2026 12:14see111

Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды

15 Мамыр 2026 11:45see110

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

14 Мамыр 2026 15:10see110

Тоқаев пен Ердоған жаңа мектепті ашты

14 Мамыр 2026 13:57see109

Қазақстан әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына енді ХВҚ

14 Мамыр 2026 16:54see109

Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді

14 Мамыр 2026 14:42see109

Тоқаев Түркістанды түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы деп атады

15 Мамыр 2026 17:28see108

Зілтемірші Петр Хребтов биылғы Азия чемпионатында бесінші орын алды

15 Мамыр 2026 15:10see107

Ұлыбритания Украинаға берілген техниканың орнына жаңа гаубицалар сатып алады

14 Мамыр 2026 22:28see107

Әр адамның мәселесі маңызды : Ерлан Қошанов тұрғындардың талап тілегін тыңдады

15 Мамыр 2026 21:42see106

Кітап оқитын ұлт : Маңғыстау облысының әкімі кітап аманатын ресми түрде қабылдады

15 Мамыр 2026 18:16see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары