Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Білім мен медицина азаматтар үшін ақысыз әрі қолжетімді болып қала береді Асхат Аймағамбетов

Білім мен медицина азаматтар үшін ақысыз әрі қолжетімді болып қала береді Асхат Аймағамбетов

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы 16 ақпаннан бастап ел аралап, қоғамның түрлі топтарымен кездесіп, жаңа Конституцияны талқылауда. Коалиция мүшелері бірнеше күннің ішінде еліміздің тоғыз өңірін аралап, мыңдаған кездесу өткізді. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов жаңа Конституция жобасындағы қоғамда кең талқыланып жатқан жекелеген баптарды түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Асхат Аймағамбетов өзі де коалиция мүшесі ретінде бірнеше өңірді аралап қайтқанын атап өтті.

«Бір мәселені ашық айтуымыз керек, тек соңғы жеті жылда еліміз 30 жылда ойға келмеген іргелі және маңызды өзгерістерді бастан өткерді. Президенттің бастамасымен төрт саяси реформа пакеті жүзеге асты. Оған қоса, 2022 жылы қабылданған конституциялық реформаның орны ерекше. Бірақ соңғы жылдарда елдегі ғана емес, әлемдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі, жасанды интеллект дәуірінің басталуы мемлекеттің басты құжатын қайта қарауды өзекті етті. Былтыр біз қолданыстағы Конституцияның 30 жылдығын атап өттік. 30 жылда оның қанша өзгертулер мен толықтыруларды бастан кешіргенін білетін көп заңгер Ата заңның жаңадан қабылдануын қолдап отыр», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Депутаттың айтуынша, Құрылтай атауы, пропорционалды сайлау жүйесінің тиімділігі, Халық кеңесінің құзыреті секілді мәселелер ақпарат кеңістігінде де, халықпен кездесулерде де кеңінен талқыланып жүр. Соған сәйкес ол өзге маңызды реформаларға тоқталып өтті.

«Халықты мазалаған тақырыптың бірі білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы тегін қызмет көрсету мәселесі. Жекелеген азаматтар тарапынан халықтың білім алу, дәрігер көмегіне жүгіну сияқты әлеуметтік сұранысы енді тек ақылы түрде болады-мыс деген жаңсақ, яғни фейк ақпарат таралуда. Ал шын мәнінде Қазақстан әлеуметтік мемлекет болған және бола береді. Бұл жаңа Конституция жобасында да шегелеп жазылған. Оның айқын көрінісі мемлекеттік бюджеттің шамамен 40%-ы әлеуметтік салаға бағытталатындығы. Сонымен қатар Ата заңның бірінші бабы мемлекеттің ең жоғары құндылығы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп айқындайды. Жаңа Конституция жобасында бұл қызметтерді ақы төлемей алуға болады деп анық жазылып отыр.

Сәйкесінше, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы азаматтардың мүмкіндіктері одан сайын кеңейеді деп айта аламыз. Бұл қызметтер ақысыз деп айтылғанымен, олар әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келді және болашақта да солай болады. Тағы қайталап айтайын, білім мен медицина азаматтар үшін ақысыз әрі қолжетімді болып қала береді. Сонымен қатар қолданыстағы Конституцияда жазылған «мемлекеттік жоғары оқу орындары» деген сөзді алып тастау ұсынылған. Бұл негізі дұрыс шешім. Неге? Өйткені бүгінгі таңда мемлекеттік гранттар арқылы студенттер тек мемлекеттік қана емес, жекеменшік жоғары оқу орындарында да тегін жоғары білім ала алады. Мысалы, бізде «КИМЭП» бар, Мақсұт Нәрікбаев университеті бар, «Тұран» сияқты жекеменшік университеттер бар. Олар жекеменшік болса да, грант ұтып алған студенттеріміз сол университеттерде мемлекеттік грантпен оқуға мүмкіндіктері болуы керек. Және бұл дұрыс деп ойлаймыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:266
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 15:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see147

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары