Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Асхат Аймағамбетов білім бюджетін облыстан ауданға қайтаруға қарсылық білдірді

Асхат Аймағамбетов білім бюджетін облыстан ауданға қайтаруға қарсылық білдірді

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Айта кету керек, бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Осы құжатта білім беру шығындарын облыстан аудандарға қайтару туралы норма бар. https://kaz.inform.kz/news/zhana-oku-zhilinda-blm-byudzhet-oblistan-audandarga-berlu-mumkn-a2d3cb/

Асхат Аймағамбетов бұл норманы қазіргі күйінде қабылдай салуға болмайтынын айтты.

- Қазір Қазақстан мектептерінде 4 млн бала оқып жатыр. Олар осы жерде қандай заңдар қабылданып жатқанын білмейді. Олар бұл түзетулерге қарсы шыға алмайды. Бірақ олардың тағдыры мына заңға тікелей заңға байланысты. Проблема мектептерді қайтадан аудан әкімдеріне бағындыруда. Бұл – 4 млн баланың болашағына қатысты шешім. Иә, әкімдердің өкілдері бар, иә, аудан әкімдерінің ықпалы мен күшін көріп отырмыз. Ол дұрыс та, даусын жақсы естіп жатырмыз. Ал енді осы 4 млн баланың атынан кім сөйлейді? – деді Асхат Аймағамбетов.

Ол өзі Білім және ғылым министрі болып тұрған кезде жасалған реформаны қайта бұзудың салдары қандай болатынын тізіп берді.

- Мен аудандық әкімдікте де, қалада да, облыстық әкімдікте де жұмыс істедім. Білім басқармасын 4 жыл басқардым. Сондықтан бұл саланы білемін. Мектептерді облыстық деңгейге бергенде біз не көрдік? Еліміздегі мектептердің жартысына жуығында заңды құжаттар, техникалық төлқұжаттар, жер актісі болмады. Тіпті жері жеке меншікке кетіп қалған жағдайлар болды. Балалар заң жүзінде жоқ ғимараттарда оқып келді. Аудандық басқару кезінде де 30 жыл дәл осылай болды. Бюджеттің 95 пайызы тек коммуналдық төлемдер мен жалақыға кететін. Дамуға – нөл деуге болады. Сатып алудан үнемделген кез келген тиынды аудан әкімдері көбінесе басқа салаға алатын. Мектептерге қаржы үнемдеу тиімсіз болды – бәрі бір оны тартып алатын. Өзім де солай, сол деңгейде жұмыс істегенмін, - деді ол.

Айтуынша, ескі басқару жүйесінде мектеп әрқашан басымдықтар тізімінің ең соңында тұратын.

- Біз білім саласын осындай күйге қайтарғымыз келе ме, жоқ па? 2021 жылғы реформа не берді? Облыстық вертикаль жүйенің 30 жыл бойы көрмеген аудитіне айналды. Ондаған жылдар бойы жасырылып келген жемқорлық схемалары әшкерелене бастады. Ауданға қайтару осы жүйеге, осы күйге қайту дегенді білдіреді. Біз білім беру феодализмін жойдық, бюджетті теңестірдік. Дотациялық бюджет бар ауылдың баласы алғаш рет қаладағы баламен бірдей оқулыққа, робот техникасына, пәндік кабинеттерге қол жеткіздік. 4 жыл ішінде халықаралық рейтингтерде тұрақты өсім көрсетті. Біз педагогті қолдадық. Жылдар бойы мұғалімдерді бұқаралық жұмыстарға жегіп келгені ол ашық. Реофрмадан кейін мұғалім ақыры сабақ бере бастады, директор ақыры мектепті басқара бастады. 4 жылда нақты нәтиже болды. Ал оған дейінгі 30 жылда ше? - деген депутат білім бюджетін гибридті жүйемен басқаруды ұсынды.

Асхат Аймағамбетов кадрлар, директорды тағайындау, аттестация, методология, оқу бағдарламалары сияқты мәселені қамтитын білім мазмұны облыста қалдыруды ұсынды.

- Ал жылу, жарық, шатыр, санитария, жөндеу құрылыс, сияқты шаруашылық шығыны аудан әкімдерде болсын. Әкім инфрақұрылымға жауап берсін. Бірақ толығымен бәрін аудан әкімдігіне берілмеу керек. Мектепте не оқылатынына әкім араласпау керек, - деді депутат.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында әкімдіктегі бюджеттік комиссияның құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосуды ұсынған еді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Сәуір 2026 12:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары