Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Биологиялық белсенді қоспалардың 90% ы интернет арқылы саудаланады

Биологиялық белсенді қоспалардың 90% ы интернет арқылы саудаланады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Былтыр Қазақстандықтар биологиялық белсенді қоспаларға 150 млрд теңгеден астам қаражатын жұмсады.

Бірінші несиелік бюроның дерегіне сүйенсек, Д-дәруменіне сұраныс көп. Барлық сатылымның 29 пайызы осы дәруменге тиесілі болған. Сөрелерде отандық өнімнен гөрі АҚШ, Германия, Ресей, Франция және Ұлыбританиядан әкелінген қоспалар самсап тұр. Ал Денсаулық сақтау министрлігі биологиялық белсенді қоспалардың сатылымына қатысты заңды қатаңдатып, таңбалау енгізуді көздеп отыр.

Астаналық Жанат Қалибекова биологиялық белсенді қоспаның түр-түрін қабылдайды. Ақуыз ұнтағы, капсуладағы сарымсақ, ас қорытуға арналған дәрумендерді күнделікті тамақпен бірге ішуді әдетке айналдырған. Осылай дәрігердің көмегінсіз аурудан айығамын деп өзін сендіріп алған. Өзі аллергиядан сауыққанын айтады.

Жанат Қалибекова, қала тұрғыны:

- 4-5 жыл бұрын биологиялық белсенді қоспаларға түбегейлі қарсы болдым. Бұны дәрілік зат деп қабылдайтынмын. Қазір дәрумендерді үзбей ішемін. Балаларыма қоспаларды үнемі беремін.

Елімізде осы биологиялық белсенді қоспаларға деген сұраныс орасан артқан. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жыл сайын сатылым орташа есеппен 11 пайызға өседі. Әрі бұл қоспалардың 90 пайызы электрондық сауда алаңдарында сатылады. Демек маркетплейстердегі сауданың көрігін қыздырып тұр. Алайда онда «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ». Өнімнің сапасын ешкім бақылай бермейді. Сондықтан салалық ведмство тиісті заңға түзетулер енгізу қажет деп отыр.

Әйгерім Сәдубаева, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басқармасының басшысы:

- Біздің маркетплейстерде саудаланып жатқан БАД-тарды санитарлық тексеруге қауқарымыз жоқ. Оған қол жеткізу үшін заңға арнайы түзету енгіземіз. Біз қазір бұл мәселені арнайы пысықтауға алдық. Осы арқылы біз нарықтың ашықтығын қамтамасыз ете аламыз. Яғни барлығы есепке алынып, бақылау-кассалық машиналар арқылы өтеді. 

2027 жылдан бастап Қазақстанда биологиялық белсенді қоспалардың әрбір құтысы таңбаланатын болады. Барлық жеткізушіге бірдей талап қойылады.

Тазагүл Аудекова, сарапшы:

- Белсенді қоспаларды таңбалау арқылы әр құтыға цифрлық құжат беріледі деген сөз. Демек тұтынушы алған өнімнің қауіпсіз екендігіне көз жеткізе алады. Биологиялық қоспаларды таңбалау халықтың денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам екенін түсіну керек.

Биологиялық белсенді заттар таңбаланса, көптеген қоспалар ел нарығынан шығарылуы мүмкін. Сарапшылар осылай деп отыр. Әрі Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы бақылауында болады.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Сания Көпжасарова, Арман Ақшабаев

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 18:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары