Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Биыл республикалық бюджет 97% орындалды

Биыл республикалық бюджет 97% орындалды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Биыл республикалық бюджетке түсім көлемі 10,5 трлн теңге болып, жоспар 97 пайызға орындалды.

Ал жергілікті бюджет кірістері, сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар есебінен 6,8 трлн теңгеге жетті. Яғни меже 704 млрд-қа артығымен орындалған. Бүгін Үкімет отырысында жыл басынан бергі қазына қаржысының игерілу барысы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары талқыға түсті. Онда тағы нендей мәселе сөз болды?

Республикалық бюджетке биылғы түсім көлемі жаман емес. Алайда кіріс бар жерде шығыс бары белгілі. Соның нақтысына тоқталсақ. Қазына қаржысының 6,5 трлн теңгесі әлеуметтік салаға, 5,6 трлн-ы өңірлерді қолдауға, ал нақты секторға 1,2 трлн теңге бағытталды. Жергілікті бюджеттің 9 трлн теңгесі дәл осы әлеуметтік сала мен негізгі қызметтерге басымдық бере отырып қаржыландырылған.

Республикалық бюджет шығыстары

₸6,5 трлн – әлеуметтік сала

₸5,6 трлн – өңірлерді қолдау

₸1,2 трлн – нақты сектор

Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:

- Жергілікті бюджет кірістері көлемі сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар есебінен 6,8 трлн теңгені құрады. Жоспар 704 млрд теңгеге артығымен орындалды. Салық және кедендік әкімшілендіру шеңберінде, 653 млрд теңгеге қосымша резервтер қамтамасыз етілді. Биыл тоғыз айда экспорттаушыларға жалпы құны 1 трлн теңгеге жуық қосылған құн салығы қайтарылды. Нәтижесінде экономикаға нақты өтімді қаражаттың түсімі қамтамасыз етіледі. Шығыстардың атқарылуы бойынша. Мемлекеттік бюджет шығыстары – 94%, республикалық бюджет шығыстары – 93%, жергілікті бюджет шығыстары 97% атқарылды.

Қаржы министрлігі бүгінде саланы автоматтандырып жатыр. Ведомство мемлекеттік сатып алуда жасанды интеллекті элементтерін енгізген. Яғни тиісті конкурстарға комиссия құрылмайды, жеңімпаздар автоматты түрде таңдалады. Бұдан өзге бюджет қаржысының жұмсалуына бақылауды күшейту мақсатында онлайн мониторинг те енгізілді.

Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:

- Есепті кезеңде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануға бақылауды күшейту шеңберінде, келесі шаралар атқарылды: 2 трлн теңгеден астам бюджет қаражаты бойынша 791 тексеру жүргізілді. 348 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 310 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Әлеуметтік салада 6 мыңнан астам объект онлайн мониторингпен қамтылды.

Үкімет отырысында қаңтар-қыркүйек аралығындағы даму қорытындылары да тыңдалды. Жыл басынан бері ел экономикасы 6,3 пайызға өсті. Әсіресе көлік қызметі, құрылыс және тау кен өнеркәсібі салалары көш бастап тұр. Мұндай өсімге тартылған инвестицияның да әсері жоқ емес.

Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі:

- Қаржы қызметіне жалпы инвестициялар 2 есеге, білім беруге – 1,8 есеге, өңдеу өнеркәсібіне – 30,7%-ға, ауыл шаруашылығына – 21,1%-ға, көлік қызметтеріне – 14,8%-ға ұлғайған. Инвестициялардың ең жоғары өсуі Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды. Инвестициялардың төмендеуі Атырау облысында тіркелді.

Ендігі міндет – экономикалық өсімнің тұрақтылығын ұстап қалу. Сондықтан орталық және жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымды салуға бөлінген бюджет қаржысын қатаң бақылауға алуы керек. Ал инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін бюджетті тиісті холдингке бағыттап отыруы қажет.

Авторы: Альмира Оразбай 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 17:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see104

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see100

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары