Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық бюджет кірістері 100,6% ға орындалды

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық бюджет кірістері 100,6% ға орындалды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Үкімет отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бюджеттің орындалу нәтижелері мен Қаржы министрлігінің негізгі жұмыс бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысы Ержан Біржанов баяндады.

Трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджет кірістері 8,5 трлн теңгені құрап, жоспар 100,6%-ға орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кірістер 1,7 трлн теңгеге немесе 24,6%-ға ұлғайды. Салық түсімдері 8,3 трлн теңгеге жетіп, жоспар 100,3%-ға орындалды. Өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда олардың көлемі 29%-дан астамға немесе 1,9 трлн теңгеге ұлғайды.

Кірістердің өсуіне қолайлы сыртқы экономикалық ахуал, сыртқы сауда белсенділігінің артуы, салық базасының кеңеюі, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру шаралары оң ықпал етті.

Қаржы министрлігінің басым бағыттарының бірі – экономиканың ашық секторын кеңейту. «Халық бухгалтері» акциясы аясында 61 мыңнан астам салық төлеушіге консультациялық көмек көрсетілді. «Таза парақ» бастамасы шеңберінде 19 мың шағын және микробизнес субъектісінің 9,3 млрд теңге көлеміндегі өсімпұлдары мен айыппұлдары есептен шығарылды.

Сонымен қатар есепті кезеңде бұрын тіркеу есебінде болмаған шамамен 546 мың жеке тұлға заңдастырылды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қоса алғанда, бизнес субъектілерінің саны 2,9 миллионға жетіп, жыл басынан бері 499 мыңнан астамға өсті. Қосылған құн салығын төлеушілер саны 22,3 мыңға артып, 158,2 мыңға жетті. Бұдан бөлек, Үкімет 2026–2028 жылдарға арналған Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды бекітті.

Кедендік инфрақұрылымды жаңғырту және кедендік рәсімдерді цифрландыру бағытындағы жұмыстар да оң нәтиже беруде. Жаңғыртылған өткізу пункттері арқылы өткен автокөлік құралдарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артып, шамамен 900 мыңға жетті. Кедендік төлемдердің көлемі 2,4 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 400 млрд теңгеден астамға ұлғайды.

«Өткізу пункттерін жаңғырту бюджет кірістерін ұлғайтуға, адал бизнес үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға және еліміздің транзиттік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Келесі кезеңде кедендік процестерді одан әрі цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмыстары жалғасады», – деді Ержан Біржанов.

Мемлекеттік бюджет шығыстары 98,2%-ға, республикалық бюджет шығыстары 99,6%-ға орындалды. Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеуге 3,6 трлн теңге, өңірлерді қолдауға 3 трлн теңге, нақты секторды қолдауға шамамен 1,3 трлн теңге бағытталды.

Мемлекеттік аудиттің тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері 1,8 трлн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қамтыған 541 аудиторлық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде 456 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталып, оның 318 млрд теңгеден астамы жойылды. Сонымен қатар мемлекеттік аудиттің SMART AUDIT QAZAQSTAN бірыңғай талдамалық платформасы әзірленуде.

Үкімет отырысында әлеуметтік саланы цифрландыру жұмыстарының жалғасып жатқаны да атап өтілді. Бүгінде мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 78%-ы цифрландырылды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржыландыратын барлық медициналық ұйымдар «Qalqan» бірыңғай порталына қосылды.

Қаржы министрлігі мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджеттің кіріс әлеуетін нығайту, жалғастыру және Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы іске асыру бағытындағы жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 12:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары