Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Бизнес жабылып жатыр ма? Депутат Салық реформасына баға беруді талап етті

Бизнес жабылып жатыр ма? Депутат Салық реформасына баға беруді талап етті

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстанда кейінгі жарты жылда 200 мыңға жуық бизнес жабылды. Бұл туралы Құрылтай депутаты Константин Авершин мәлімдеді. Ол Ұлттық экономика министрлігін салық реформасының кәсіпкерлер үшін салдарын бағалауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәселенің мән-жайы

Авершиннің айтуынша, Ұлттық статистика бюросының деректері жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің саны айтарлықтай азайғанын көрсетеді.

2026 жылғы 1 қаңтарда олардың саны 2 175 605 болса, 1 шілдеде 1 974 899 болған. Яғни, алты ай ішінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 200 706-ға азайған. Тек Алматының өзінде олардың саны 41 252-ге кеміген.

Бұл туралы Авершин премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.

"Ұлттық статистика бюросы көрсеткіштің төмендеуін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режиміне ауысуымен түсіндіреді", – деді ол.

Алайда оның сөзінше, салық органдары басқа мәліметтерді келтіріп отыр. Тек 2026 жылдың алғашқы үш айында 207 912 жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2025 жылдың осы кезеңінде 82 874 ЖК, ал 2024 жылы 125 093 ЖК жабылған болатын.

"Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігі 2024-2025 жылдардың бірінші тоқсандарында ЖК қызметін тоқтатудың орташа деңгейі шамамен 104 мың болғанын, ал ағымдағы өзгерістердің қосымша әсері шамамен 100 мың кәсіпкердің жабылуына әкеледі деп бағалаған болатын", – деп түсіндірді Константин Авершин.

Ол болып жатқан жағдайды тек кәсіпкерлердің салықтық мәртебесінің өзгеруімен түсіндіруге болмайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл статистиканың артында нақты кәсіпорындар, жұмыс орындары, азаматтардың табысы мен салық түсімдері тұр.

Сондықтан оның пікірінше, салық реформасының шынайы салдарын бағалау маңызды.

"Бизнестің жаңа жағдайларға бейімделуін жай ғана айтып қою жеткіліксіз, салық реформасының іс жүзіндегі салдарын және мемлекеттің кәсіпкерлерге шамадан тыс жүктеме тудыратын шешімдерді дер кезінде түзетуге дайындығын объективті түрде бағалау қажет", – деді депутат.

Депутат не талап етті?

Авершин іс жүзінде қанша ЖК жабылғанын анықтау қажет деп санайды. Депутат бұл деректерді 2024 және 2025 жылдармен салыстыруды, сондай-ақ өңірлер мен салалар бойынша көрсетуді ұсынады.

"Жаңа салық жағдайларының шағын және орта бизнестің нақты секторына тигізген нақты әсерін, соның ішінде қызметкерлер саны мен жұмыс орындарының динамикасын, ШОК субъектілерінің айналымын, салық түсімдерін, жаңадан құрылған және қызметін тоқтатқан субъектілер санын бағалау қажет. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметтің бейресми секторға өтуін де қарастыру керек", - деді Авершин.

Ал егер талдау нәтижесі жаңа ережелердің шағын және орта бизнеске кері әсер етіп жатқанын көрсетсе, депутат өзгерістер енгізуді ұсынады.

"Салық реформасының қорытындысы статистиканың формальды жақсаруы немесе кәсіпкерлерді салық режимдері арасында қайта бөлу емес, жұмыс істеп тұрған бизнесті, жұмыс орындарын, кәсіпкерлік бастаманы және тұрақты салық базасын сақтап қалу болуы тиіс деп санаймыз", – деп түйіндеді Авершин.

Салық кодексі туралы

Президент жаңа Салық кодексіне 2025 жылғы 18 шілдеде қол қойды. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

Жаңа кодекс сол жылғы парламенттік сессияның басты құжаттарының бірі болды. Ол Мәжіліске 2024 жылғы қыркүйекте енгізілсе, алғашқы түзетулер 2025 жылғы ақпанда-ақ пайда болды. Осыдан кейін құжатқа көптеген өзгеріс енгізілді – үкімет пен депутаттар кодекстің соңғы нұсқасы қандай болуы керек екенін талқылады.

Құжат 1000-нан аса беттен және 882 баптан тұрды.

Басты өзгерістердің бірі ҚҚС мөлшерлемесі болды. Бастапқыда үкімет экономиканың әртүрлі салалары үшін 16, 10 және 0 пайыздық әртүрлі мөлшерлемелер белгілеуді ұсынған еді.

Сондай-ақ, ҚҚС бойынша есепке тұру шегін 20 000 АЕК-тен (2025 жылы 78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке дейін (шамамен 15 миллион теңге) төмендету ұсынылды. Депутаттар мұндай төмендетуді тым көп деп санап, шекті 10 000 АЕК (39,3 миллион теңге) деңгейінде белгілеуді ұсынды.

Айта кетейік, маусымда Қаржы министрлігі 2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы бюджет кірістері туралы есеп берді. Онда түсімдер жоспардан асып түскені, ал өсімнің басты көзі салықтар болғаны хабарланды. Бұл – үкіметтің салық реформасы мен ҚҚС-ты көтергеннен кейін күткен табыстары. Бұл туралы толығырақ – сілтемеде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see103

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see101

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see100

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see100

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see99

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see98

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see98

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see98

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see97

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see97

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see97

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see97

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see96

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see96

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see95

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see94

“Бұл қателік еді“ полиция жүргізушілерді тоқтата ала ма, ІІМ түсіндірді

24 Қыркүйек 2026 09:52see94

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see94

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see94
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары