Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Бой жетпей ме, ой жетпей ме: Қазақстанда баскетбол неге дамымай отыр

Бой жетпей ме, ой жетпей ме: Қазақстанда баскетбол неге дамымай отыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

- Клуб қандай жетістіктерімен жанкүйерін қуанта алады? Алда қандай міндеттер тұр? Жалпы команданың даму стратегиясына тоқталып өтсеңіз...

- Негізгі команда биылғы маусымда Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасында және Батыс Азия Суперлигасында өнер көрсетіп жатыр. Ұлттық лигада біз кестенің көшбасшысы атанып отырмыз, ал Батыс Азия Суперлигасында командамыз екінші орында келеді. Былтыр Азия чемпионы атанған «Әл-Рияди» командасын өз алаңымызда жеңуімізді сенсация деуге болады.

Әрине, команда алдында ең жоғары нәтиже көрсету міндеті тұр. Мақсатымыз — Қазақстан чемпионатын ұту және Батыс Азия Суперлигасының ақтық кезеңіне өту. Клуб сонымен қатар «Астана-Жастар» командасымен ВТБ Жастар лигасында өнер көрсетеді. Бұл лигада Ресейдің үздік жастар командалары бақ сынайды және ол біздің жастар құрамына мол тәжірибе береді.

Фото: «Астана» БК

- Командаға жас ойыншыларды іріктегенде клуб негізінен қандай критерийлерді ұстанады? Физикалық қабілеттен бөлек, арнайы психологиялық немесе техникалық бағалау стандарттары бар ма? 

- Тек физикалық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар баланың даму әлеуеті, үйлесімділігі, психологиялық қасиеттері мен мотивациясы да ескеріледі.

Балаларға қойылатын нақты стандарттар жоқ. Ең бастысы — антропометриялық көрсеткіштер: бойы және болжамды бойы (ата-анасының бойы мен баланың өсу қарқыны ескеріледі). Қол созымының ұзындығы көбіне бойынан да маңызды. Қалған қабілеттерді жаттықтырушы дамытады.

- Егер ерекше талантты ойыншының бойы қысқа болса, оған мүмкіндік беріле ме?

- Әрине, аласа бойлы баскетболшыларға да мүмкіндік беріледі. Бірақ олардың белгілі бір артықшылықтары болуы керек: жылдамдық, ептілік, техника және ойындық ойлау қабілеті жоғары деңгейде дамуы маңызды. Бойдың аласа болуы табысқа кедергі емес, егер оны шапшаңдықпен, батылдықпен және еңбекқорлықпен толықтырса. Допты екі қолмен бірдей жақсы меңгеру, қорғаушыға қиындық тудыру үшін төмен дриблинг қолдану және алдау қимылдарын тиімді пайдалану өте маңызды.

Фото: «Астана» БК

- Легионерлерге мемлекеттік бюджеттен қаржы берілмейді. Клуб шетелдік таланттарды тарту үшін жаңа коммерциялық модельдер қарастырып жатыр ма?

- Өте жақсы сұрақ. Біз легионерлерді қаржыландыруды демеушілік қаражат, турнирлер мен жарыстардағы жүлде ақшалары, билет сатудан түскен табыс және өз қызметімізден түсетін кірістер арқылы жүзеге асырып отырмыз.

- Ал «Астана» ойыншыларына Еуропа лигаларында тәжірибе жинау мүмкіндігін ұсыну, шетелдік клубтарға жалға беру не басқа да жоспар бар ма?

- Мұндай тәжірибе балалар баскетболынан басталуы керек. Қазақстанда кейбір жас баскетболшылар халықаралық тәжірибесін 18 жастан бастайды, ал бұл халықаралық деңгейде жақсы нәтиже көрсету үшін кеш саналады. Сондықтан біз «Астана Жастар» командасын Ресейдің ВТБ жастар лигасында өнер көрсетуге жібердік. Академия тәрбиеленушілері шетелдік жарыстарға қатыса бастады. Егер біздің баскетболшыларға шетелдік мықты клубтардан шақыру келсе, біз оған қарсы болмаймыз.

- Елімізде футбол немесе бокспен салыстырғанда баскетбол кенже дамып келеді. Осы жағдайды түзету үшін қандай шаралар қабылдау керек деп ойлайсыз?

- Қазақстандағы баскетболды дамыту бірнеше бағытты қатар қамтуды қажет етеді.

Бірінші, балалар мен жастар баскетболын дамыту: секциялар мен академияларды стандартқа сай жабдықталған залдармен қамтамасыз ету, мектептер мен студенттер арасында тұрақты турнирлер өткізу, жаттықтырушыларды заманауи әдістемелерге үйрету және балаларды ерте жастан спортқа тарту.

Екінші – инфрақұрылым. Спорт залдарын салу және жаңарту, ашық аспан астындағы баскетбол алаңдарын көбейту қажет.

Үшінші, кәсіби клубтар мен лигаларды дамыту керек. Бұл - балалар командаларын ұлттық және халықаралық турнирлерге қатыстыру, тәжірибелі жаттықтырушыларды тарту, жас ойыншыларды даярлау жүйесін қалыптастыру.

Төртінші, демеушілер мен медианы дамыту маңызды, яғни жанкүйерлер базасын қалыптастыру және баскетболды кең аудиторияға танымал ету керек.

Сондай-ақ мемлекеттік және жеке бастамаларды қолдау назарда болғаны жөн. Шетелдік федерациялармен ынтымақтастық орнату және халықаралық бағдарламаларға қатысу арқылы тәжірибе алмасып, ұлттық баскетбол деңгейін көтеру маңызды.

Фото: «Астана» БК Фото: «Астана» БК Фото: «Астана» БК Фото: «Астана» БК

Сұхбаттасқан Құрманжан Айгер

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Ақпан 2026 14:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары