Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

БҰҰ рөлін нығайту мәселесі талқыланды

БҰҰ рөлін нығайту мәселесі талқыланды

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қытайдың төрағалығымен өткен «БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын сақтау және БҰҰ-ның орталық рөлі бар халықаралық жүйені нығайту» тақырыбындағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары деңгейдегі ашық пікірталастарына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан өкілі өз сөзінде пікірталастар белгісіздіктің артуы, халықаралық құқықтың әлсіреуі және құқықтық нормалардың іріктемелі қолданылуы жағдайында өтіп жатқанын атап көрсетті. Осыған байланысты, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ-ның орталық рөлін жан-жақты қолдауы және әлемдік көшбасшыларды халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне зор жауапкершілікпен қарауға шақыруы атап өтілді.

Қазақстан тарапы БҰҰ орнықты бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз етудің алмастырылмас тетігі болып қала беретінін мәлімдеді. Осы тұрғыда Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік сенім мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, бейбіт процестерге жәрдемдесу, ядролық қарусыздануды, дінаралық диалогты ілгерілету және БҰҰ-ның бітімгершілік қызметіне қатысу бағытындағы үлесі көрсетілді.

БҰҰ-ны реформалау, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесін қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімдеу қажеттігіне ерекше назар аударылды. Қазақстан дамушы елдер мен орта державалардың кеңінен өкілдік етуін, сондай-ақ БҰҰ-ның тиімділігін және мүше мемлекеттердің үміттеріне жауап беру қабілетін арттыруға бағытталған эволюциялық реформалау тәсілін қолдайды.

Жаһандық сын-қатерлер аясында қолданыстағы тетіктердің қайталануын еңсеру және БҰҰ су мандатының тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасы атап өтілді. Сонымен қатар  Қазақстанның Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық коалицияны және Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру бастамалары да айтылды.

Министрдің бірінші орынбасары көпжақты ынтымақтастықты сапалы дамыту және БҰҰ Жарғысының қағидаттарын одан әрі нығайту мақсатында Қазақстанның барлық мүше мемлекеттермен жұмысты жалғастыруға дайын екенін растады.

Сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысы аясында қазақ дипломаты ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен және Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылау үшін кездесулер өткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 15:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see161

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see145

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see140

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see134

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see130

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see129

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see128

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see126

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see126

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see125

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see124

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see121

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see120

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see115

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see111

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары