Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Цементті сертификаттау еліміздегі өндірістің рекордтық өсіміне серпін берді

Цементті сертификаттау еліміздегі өндірістің рекордтық өсіміне серпін берді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі 2025 жылы цемент пен портландцемент клинкерін өндірудің технологиялық регламентіне қойылатын талаптарды айқындайтын ұлттық стандартты бекітті. Құжат цемент өнімдерінің сәйкестігін растау рәсімдері барысында бағаланатын технологиялық процестерді сипаттау мен қолдануға бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған.

Ұлттық стандарт СТ РК 3361-2022 «Сәйкестікті бағалау. Цемент пен портландцемент клинкерінің сәйкестігін растау тәртібі» талаптарын ескере отырып әзірленді және ГОСТ Р 58100-2018 «Сәйкестікті бағалау. Цементтерді сертификаттау қағидалары. Цемент өндірудің технологиялық регламентіне қойылатын талаптар» мемлекеттік стандартымен үйлестірілді. Ұлттық стандартты әзірлеуге өтінім беруші - «QazCem» Қазақстандық цемент және бетон өндірушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.

Цемент өнеркәсібі - құрылыс саласының негізгі базалық секторларының бірі және елдің инфрақұрылымдық дамуына тікелей ықпал етеді. Өндірілетін цементтің сапасы мен тұрақтылығы технологиялық процестердің қатаң сақталуына байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, стандартталған технологиялық регламентті енгізу өндірісті жүйелеуге, технологиялық процестердің басқарылуын күшейтуге және өнім сапасының тұрақты деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ұлттық стандартты қабылдау саланың дамуына кедергі келтіріп келген бірқатар жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған. Атап айтқанда, технологиялық регламенттердің мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын нормативтік талаптардың болмауы, өнім сапасына, энергия тиімділігіне және экологиялық қауіпсіздікке қойылатын талаптардың күшеюі, сондай-ақ өндірістік тәуекелдерді төмендету қажеттілігі осы құжатты әзірлеудің басты себептерінің бірі болды.

Технологиялық регламент цемент пен портландцемент клинкерінің сәйкестігін растау рәсімдерінен өту кезінде міндетті құжат болып табылады. СТ РК 3361-2022 стандартының 6.3-тармағына сәйкес, ол өтініш беруші тарапынан сәйкестікті растау органына ұсынылатын құжаттар топтамасының құрамына кіреді.

Ұлттық стандартты енгізудің экономикалық тиімділігі портландцемент пен тауарлық клинкер өндіруге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл өндірістік процестердің тұрақтылығын арттырып, өнім сапасының біркелкілігін сақтауға және отандық цемент өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сәйкестікті бағалау жүйесін дамыту тәжірибесі өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді. 2019 жылы СТ РК 3361-2022 ұлттық стандарты енгізілгеннен кейін Қазақстанда жасырын импорт көлемі айтарлықтай қысқарып, цемент өндірісінің көрсеткіштері рекордтық деңгейге жетті. Ал стандарттың жаңартылған нұсқасы саланың одан әрі дамуына серпін беріп, 2025 жылы өндіріс көлемінің тарихи максимумына қол жеткізуге мүмкіндік жасады.

Жаңа ұлттық стандартты енгізу цемент өнімдерінің сапасын бақылау жүйесін күшейтіп, саладағы әділ бәсекелестікті қамтамасыз етуге және отандық өндірістің тұрақты өсуіне қосымша жағдайлар қалыптастырады. Сонымен қатар, цемент өнеркәсібі бұл стандартты енгізуге іс жүзінде толық дайын және өндірушілер үшін қандай да тәуекел немесе қиындық тудырмайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын пысықтайтынын хабарладық. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 09:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see157

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see123

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары