Цифрлық технологиялар арқылы жол қозғалысына бақылау күшейді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Дрондар, патрульдік автокөліктердегі мобильді кешендер, орташа жылдамдықты бақылау жүйелері және лазерлік кешендер полиция қызметкерлеріне жол жүрісі қағидаларының бұзылуын анықтауға, қауіпті жағдайларға жедел ден қоюға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
– Құрметті азаматтар! Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтарға жедел көмек көрсету мақсатында заманауи цифрлық технологиялар кеңінен енгізілуде. Бұл шешімдер қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тәртіп бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, ұшқышсыз ұшу аппараттары жол қозғалысын әуеден бақылайды. Олар жылдамдықты асырған және жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілерді тіркейді. Ең бастысы, дрондар құқықбұзушылықтарға жедел ден қоюға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі. Патрульдік автокөліктерге орнатылған мобильді кешендер де жол қозғалысын бақылауда маңызды рөл атқарады. Олар көлік ағынының арасынан ұялы телефон қолдану, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жылдамдықты асыру және маневр жасау қағидаларын бұзу сияқты деректерді автоматты түрде анықтайды. Қала сыртындағы жолдарда көліктің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі қолданылады. Қазіргі таңда бұл жүйе республикалық маңызы бар 12 негізгі бағытта енгізілген. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін лазерлік жүйелер пайдаланылуда. Олар түнгі уақытта, ауа райы қолайсыз кезде және жүргізушінің шаршағанын немесе ұйқылы күйде отырғанын анықтауда ерекше маңызды. Цифрлық технологиялармен қатар жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылту жұмыстары да жүргізілуде. Бұл жүргізушілердің жылдамдықты төмендетіп, жолға мұқият назар аударуына ықпал етеді. Аталған шаралардың барлығы азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған. Біз үшін әрбір жүргізуші мен жолаушының жолда өзін қауіпсіз сезінуі маңызды, – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Бағланбек Айтпаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Елімізде алыпсатарларға бақылау күшейді
05 Қараша 2025 08:07
Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді
02 Сәуір 2026 19:07
Ауыр жүк көліктеріне бақылау күшейді
23 Шілде 2026 19:21
Инклюзивті білім беру: цифрлық технологиялар
31 Қаңтар 2026 20:00
AMANAT : Ақтөбе облысында партиялық бақылау күшейді
28 Қазан 2025 12:54
Көрілімдер:54
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 15:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















