Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Coca Cola Қазақстанда төртінші зауытын салады

Coca Cola Қазақстанда төртінші зауытын салады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Кездесу барысында тараптар компанияның Ақтөбеде төртінші зауытын салуға дайындық барысын, инженерлік-инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін және жобаны табысты іске асыру үшін қажетті жағдайларды талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Асхат Шахаров халықаралық инвесторлармен ұзақмерзімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Ақтөбе облысының елеулі экономикалық және өнеркәсіптік әлеуетке, сондай-ақ инвестициялар үшін қолайлы жағдайларға ие екенін айтты.

«Біз Coca-Cola-ның жаңа зауытының құрылысы өңір экономикасының дамуына қуатты серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашатынына және заманауи экологиялық таза технологияларды енгізілуіне ықпал етеді деген сенімдіміз. Біз жобаны іске асырудың барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді өңір басшысы.

Әкімнің сөзінше, өңірдің Түркия Республикасымен ынтымақтастығы оң динамиканы сақтап келеді. Биылғы жылдың тоғыз айында Ақтөбе облысының Түркиямен сыртқы сауда айналымы 71,2 млн АҚШ долларын құрады, оның 58,4 млн доллары – экспортқа, 12,8 млн доллары – импортқа тиесілі.

Өз кезегінде Вели Динчель жобаның өндіріс көлемін ұлғайтуға және компанияның Қазақстандағы нарықтық орнын күшейтуге айрықша үлес қосатынын алға тартты.

Зауыт құрылысына облыс әкімдігі Ақтөбе қаласындағы Оңтүстік айналма жолы бойынан 25 гектар жер телімін ұсынды. Құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталады деп жоспарланған. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 120-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын экологиялық таза технологияларды және қалдықтарды басқарудың халықаралық стандарттарын қолданады, бұл оны өңірдің тұрақты өндірістік экожүйесіне интеграциялауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында түрік инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобалар бар. Соның ішінде S Sistem Lojistik Ltd. компаниясы жылына 12 мың тонна қуаттылықпен, 19 млрд теңге инвестиция көлемімен, 180 жұмыс орнын құруды қарастыратын көлік-логистикалық хаб құрылысын жүргізіп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 14:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары