Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

Құдай сақтапты! : Мақпал Жүнісова жолда қауіпті жағдайға тап болды

Айына 2 ден 3,4 миллион теңгеге дейін Еңбекмині ең табысты бос жұмыс орындарын атады

Damumed тегі Өлі жандар : ӘМСҚ төрағасының бұрынғы орынбасары жалған тексерулер үшін сотталды

Damumed тегі Өлі жандар : ӘМСҚ төрағасының бұрынғы орынбасары жалған тексерулер үшін сотталды

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

2025 жылдың жазында халыққа медициналық қызмет көрсетуге бөлінген қаражатты жүйелі түрде жымқырды деген күдікпен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды.

2025 жылдың жазында халыққа медициналық қызмет көрсетуге бөлінген қаражатты жүйелі түрде жымқырды деген күдікпен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды.

Тергеу жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұсталған адамның тегін атаған жоқ. Дегенмен БАҚ-та бейресми түрде әңгіме Ғалымжан Әбілов туралы болуы мүмкін екендігі жайлы ақпарат тарады. TengriHealth тілшісі қор төрағасының дәл осы экс-орынбасарының есімі аталатын сот үкімін тауып, Әбіловтің жалған қызметтер мен скринингтерден қалай табыс тапқанын анықтады.

Туысына жазылған емхана және жалдамалы директорлар: сот не анықтады?

2025 жылғы 29 желтоқсанда Өскемен қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты Ғалымжан Әбіловке қатысты шешім шығарды. Онымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы жеке емхананың директоры А. Р. да іс бойынша жауапқа тартылған.

"Сот кабинетінен" алынған мәліметтерге сүйенсек, бұл оқиға 2022 жылғы 5 қаңтарда, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шығыс Қазақстан облысындағы "Семейная амбулатория" жеке клиникасымен келісімшарт жасасқан кезде басталған.

Сол уақытта Ғалымжан Әбілов қордың өңірдегі филиалын басқарып отырған (ол кейінірек ӘМСҚ-ның орталық аппаратына ауыстырылды). Тапсырыс беруші атынан клиникамен келісімге қол қойған да дәл осы адам.

Келісімшарттың жалпы сомасы 786 миллион теңгегк жуық болған. "Семейная амбулатория" 2022 жыл бойы өңір тұрғындарына кеңес беру мен диагностикадан бастап, профилактикалық тексерулер мен оңалтуға дейінгі медициналық көмек көрсетуі тиіс болатын.

Іс материалдарында барлық қызметтер мен олардың көлемі айларға бөлініп жазылғаны көрсетілген: клиника қанша пациент қабылдауы керек, қандай тексерулер жүргізуі тиіс және ол үшін ӘМСҚ-дан қанша қаражат алады. Қор орындалған жұмыс көлемі мен сапасын тексергеннен кейін төлем жасауы керек еді.

Сот үкіміне сәйкес, 2022 жылғы сәуірде Ғалымжан Әбілов бұл бизнеспен өз бетінше айналысуға шешім қабылдайды.

"Ғ.Н. Әбілов "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰӘҚ Шығыс Қазақстан облысындағы филиалының басшысы (яғни, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адам) ретінде заңмен белгіленген тыйымға қайшы, заңсыз материалдық баю мақсатында медициналық қызметтерді көрсетуде кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асыруға және қатысуға бағытталған қылмыстық ниет білдірген", - делінген құжатта.

Әбілов "Семейная амбулатория" клиникасын сатып алып, сол жылдың тамызында оны туысының атына рәсімдейді, ол құжат жүзінде иесі болып саналады. Сот ісінде қордың өңірлік филиалының сол кездегі басшысы өз клиникасына директорларды сенімді адамдарының арасынан тағайындағаны айтылады.

Бастапқыда медициналық орталықты бір директор басқарса, кейіннен, 2023 жылдың мамырында Өскемен тұрғыны А.Р. басшы болып тағайындалады.

"Бұл ретте медициналық мекеменің нақты иесі өзі болған және ол "Семейная
амбулатория" медициналық мекемесінің қызметіне толық басшылықты, бақылауды және қамқорлықты жүзеге асырған", - делінген сот үкімінде.

2022 жылдың маусымында Шығыс Қазақстан облысы бөлінді. Нәтижесінде 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Әбілов жаңадан құрылған Абай облысындағы Қор филиалын басқарды. Ал 2024 жылдың шілдесінде ол Астанаға, Қордың бас кеңсесіне жұмысқа шақырылып, басқарма төрағасының орынбасары лауазымына ие болды.

ӘМСҚ төрағасы орынбасарының міндеттеріне көптеген жұмыс кірді: медициналық қызметтердің сапасын бақылаудан бастап, медициналық көмек сатып алуды ұйымдастыруға дейін. Ол клиникалардың жұмысына мониторинг жүргізуге жауапты болды, олардың қормен жасасқан келісімшарттарды қалай орындап жатқанын тексеріп, ақшаның мақсатты жұмсалуын қадағалады.

Сонымен қатар, 2024 жылдың жазында "Семейная амбулатория" медициналық мекемесі "Моя семейная амбулатория" ЖШС болып қайта тіркеліп, басқа мекенжайға көшірілді. Бірақ, қылмыстық іс материалдарында көрсетілгендей, құжат бойынша иесі мен директоры бұрынғы күйінде қалған.

Жалған тексерулер мен тексеріс кезінде "қорғау" туралы уәде

Жыл сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Әбіловке қатысы бар клиникамен Өскемен тұрғындары алуы тиіс ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) бойынша медициналық қызмет көрсетуге келісімшарттар жасасқан. Бұл сома:

2023 жылы - 919 миллион теңге; 2024 жылы - 1,37 миллиард теңгеден аса; 2025 жылы - 1,3 миллиард теңгеге жуық болған.

Келісімшарттар бойынша жеке клиника профилактикалық тексерулер, консультативтік-диагностикалық қызметтер жүргізуге, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге және тағы басқа жұмыстарға міндеттелген.

Іс материалдарында 2024 жылғы қарашаның басында Әбілов "Қор басқарма төрағасының орынбасары, яғни лауазымды тұлға бола тұра, заңсыз баю мақсатында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған қылмыстық ниетті көздегені" айтылады.

"Ойлаған ісін іске асыру үшін Ғ.Н. Әбілов МӘМС аясында бөлінген қор қаражатын алудың қылмыстық жоспары мен тәсілін әзірлеген, ол "Моя семейная амбулатория" ЖШС-і арқылы профилактикалық медициналық тексерулерді (скринингтерді) іс жүзінде өткізбей, қағаз жүзінде өткізілген деп көрсету және олардың өткізілгені туралы жалған мәліметтерді Damumed ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы жүзеге асырылған", - делінген үкімде. 

2024 жылғы қарашаның басында Әбілов директор А. Р.-ға мынадай схеманы ұсынған: іс жүзінде көрсетілмеген қызметтер үшін қордан ақша алу. Ол үшін Damumed жүйесінде ересек тұрғындардың профилактикалық тексеруден өткені туралы жалған жазбалар пайда болуы тиіс еді.

Іс жүзінде пациенттер тексеруден өтпеген, бірақ деректер базасында оларға кардиолог, офтальмолог және эндокринолог сияқты бейінді мамандардың қабылдауында болды деп "белгіленген".

Әбілов клиника директоры А. Р.-ға егер қордың ШҚО бойынша филиалы тарапынан тексеріс басталса, қорғауға уәде берген.

"Ол қор басқарма төрағасының орынбасары ретіндегі лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, "Моя семейная амбулатория" ЖШС-нің жалған медициналық қызметтерін анықтамау туралы нұсқау беретін болған", - делінген іс материалдарында. 

Әйел бұған келіскен.

Бір айда 3 554 жалған тексеру: мәліметтер Damumed жүйесіне қалай енгізілді? 2024 жылғы қараша: 14,37 миллион теңгеге 3 554 тексеру

Клиника директоры Р. А. қызметкерлерге тапсырма беріп, олар 2024 жылдың 4 қарашасы мен 13 желтоқсаны аралығында Damumed базасына күн сайын жалған мәліметтерді енгізе бастаған.

2024 жылғы қарашада жалпы алғанда мынадай жазбалар тіркелген:

1 111 кардиолог кеңесі, 1 209 офтальмолог кеңесі, 1 234 эндокринолог кеңесі.

Жиыны: 14,37 миллион теңге сомасына 3 554 қызмет.

2024 жылғы желтоқсан: 2,23 миллион теңгеге тағы 552 қызмет

2024 жылғы 16 желтоқсанда қор клиникаға қарашада атқарылған жұмыстар актісі бойынша 106,7 миллион теңге аударған, оның ішінде 14 369 491 миллион теңге - жалған тексерулер үшін (басқа қызметтер бойынша іс материалдарында ештеңе айтылмаған, отбасылық амбулатория оларды іс жүзінде көрсеткен болуы керек - ред. еск.). 

2024 жылдың желтоқсанында Damumed жүйесіне бұрыннан қалыптасқан схема бойынша мыналар енгізілген:

186 кардиолог кеңесі, 190 офтальмолог кеңесі, 176 эндокринолог кеңесі.

Барлығы: 2,23 миллион теңге сомасына 552 қызмет.

2025 жылғы 19 ақпанда қор "Моя семейная амбулатория" ЖШС-не 62,7 миллион теңге аударған, оның ішінде 2 232 418 миллион теңге жалған қызметтер үшін төленген.

"Осылайша, Ғалымжан Әбілов лауазымды тұлға бола тұра, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, "Моя семейная амбулатория" ЖШС директоры А. Р.-ның жәрдемдесуімен қор қаражаты түрінде пайда тапқан. Кейіннен ЖШС бұл қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Әбіловтің іс-әрекеті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 16 601 909 теңге сомасында залал келтіру түріндегі ауыр зардаптарға әкеп соқты", - делінген құжатта.

Клиника МӘМС жүйесінде іс жүзінде көрсетілмеген скринингтер үшін қордан 2024 жылдың қарашасында 14 369 491 теңге және желтоқсанында 2 232 418 теңге алған.

Сот шешімі Әбілов қандай баптар бойынша сотталды?

Сот Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасының бұрынғы орынбасары Ғалымжан Әбіловті екі бап бойынша кінәлі деп таныды:

ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша - ауыр зардаптарға алып келген лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану; ҚР ҚК-нің 364-бабының 1-бөлігі бойынша - кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу.

Ол мүлкі тәркіленбей, үш жыл алты айға бас бостандығын шектеуге сотталды және мемлекеттік қызметте, сот және құқық қорғау органдарында, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Клиника директорына шыққан үкім

  "Моя семейная амбулатория" ЖШС-нің экс-директоры А. Р. да кінәлі деп танылды:

ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі - 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша - лауазымды адамның өзi немесе басқа да адамдар мен ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтiк өкiлеттiктерін қызмет мүдделерiне қайшы пайдалануына жәрдемдесу, бұл ауыр зардаптарға әкеп соқса.

Медициналық мекеме директоры да мүлкі тәркіленбей, үш жыл алты айға бас бостандығын шектеуге сотталды және мемлекеттік қызметте, сот және құқық қорғау органдарында, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

"Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Ғ.Н. Әбілов пен клиника директоры А.Р.-ның қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде олардың кінәсін мойындап, шын жүректен өкінуі, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан келтірілген
мүліктік зиянды өз еркімен өтеуі танылған".

Екеуі де пробациялық бақылауда болады. Егер тұрақты жұмысы болмаса, олар жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылуы мүмкін. Сондай-ақ оларға ойын-сауық мекемелеріне баруға, сағат 22:00-ден 07:00-ге дейін үйден шығуға және тиісті органға хабарламай басқа қалаларға баруға тыйым салынады.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Авторы: Анжела Ким

Дайындаған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

тексеріс

науқастар

Сот төрелігі

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 10:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see142

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see118

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see117

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see116

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

15 Шілде 2026 17:44see115

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see115

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see114

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see114

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see113

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

15 Шілде 2026 16:19see113

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see113

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

15 Шілде 2026 21:04see113

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

15 Шілде 2026 12:32see112

Нұрлан Сабуровтың Қазақстандағы бизнесі жайлы тың дерек шықты

15 Шілде 2026 15:54see111

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

16 Шілде 2026 16:40see110

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

16 Шілде 2026 12:55see110

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

15 Шілде 2026 19:30see110

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

16 Шілде 2026 16:08see110

Құдай сақтапты! : Мақпал Жүнісова жолда қауіпті жағдайға тап болды

15 Шілде 2026 14:57see110

Айына 2 ден 3,4 миллион теңгеге дейін Еңбекмині ең табысты бос жұмыс орындарын атады

15 Шілде 2026 17:46see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары