Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Дақылға қажет қорек карбамид

Дақылға қажет қорек карбамид

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «CNPC» компаниясы карбамид және басқа да өнімдерді бірлесіп өндіру туралы ынтымақтастыққа қол қойды. Осы әріптестік аясында карбамид өндіретін газ-химия кешенін Ақтөбе облысында салу туралы келісім жасалды. Карбамид өндірісіне қатысты жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «KMG PetroChem» ЖШС іске асырады. Осыған орай, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы «KMG PetroChem» компаниясымен бірлесіп, карбамидті әртүрлі агроклиматтық аймақтарда қолдану үшін кешенді өндірістік сынақ пен ғылыми зерттеу жобасын алғаш рет қолға алды.

Аталған жоба «Ғылым академиясы және бизнес: инновациялық даму жолы» тақырыбында өткен ғылыми-өндірістік кеңесте таныстырылып, меморандумға қол қойылды. Бұл құжат ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын институционалдық тұр­ғыда нығайту мен интеграциялық жо­ба­ларды дамытудағы маңызды қадам болмақ.

Ұлттық ғылым академиясының прези­­денті Ақылбек Күрішбаев «Нарық конъюнктурасының өзгермелі жағдайында бизнес үшін бағыт-бағдар табу барған са­йын қиындап барады» деп алаңдаушылық білдірді. Әсіресе климаттық ахуал, шикізат­тың әлемдік бағасы мен логистикалық шектеу сияқты сыртқы факторға айтарлықтай тәуелді болып отырған ауыл шаруа­шылығындағы жағдай тұрақты емес.

 – Салаға салынған инвестиция нәтижесін беруі үшін ғылыми вери­фикация­ны бас­ты шарт ретінде айқын­дай­тын жаңа басқарушылық қадам қажет. Әлемнің жетекші аграр­лық экономикаларының жұ­мыс тәжіри­бе­сіндегідей, ең алдымен стан­дарт­тал­ған зерттеу мен сынақ жасап, содан кейін индустриялық деңгейге дейін кеңейтуге болады. Жоба еліміздегі тыңайтқыш өндірісін дамытумен бірге тұрақты шикізат базасын қалып­тастыруды көздейді. Импортқа тәуел­ді­лікті төмендетіп, ішкі нарықты карбамидпен қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістік сынақтардың нәтижесі мен ғылыми бағамын жасай отырып, ғылыми әзірлемелерді ауыл шаруашылығына енгізу сияқты маңызды бағыттарды қамтиды, – дейді ҰҒА президенті.

Академия президентінің айтуынша, капиталды көп қажет ететін жобаларды бас­тамас бұрын бизнес өз шешімдерін жүйелі ғылыми зерттеу мен тәжірибелік апробацияның нәтижесіне негіздеуге тиіс. Тәжірибе жүзінде дәлелденген деректер, экономикалық есеп пен болжау моделі ғана стратегиялық инвестиция­ларды негіздеудің сенімді тірегі болады. Ғылым мен бизнестің өзара ықпалдастығы технологиялық және нарықтық тәуекелді барынша азайтып, тұрақты табысты қамтамасыз етіп, ел экономикасына ғылым мен бизнестің қосатын үлесін арттыра түседі.

 «KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасы Дияз Дияновтың айтуынша, еліміздің аграрлық саласы үшін карбамид – өнімділікті арттырудың, жер ресурс­тарын тиімді пайдаланудың және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетігі.

– Елімізде ауыл шаруашылығының әлеуеті зор болғанымен, минералдық тыңайтқыштарды қолдану деңгейі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Қыркүйектің басында ШЫҰ аясында «CNPC» компаниясымен карбамид өндіретін зауыт салу жөнінде негіздемелік келісімге қол қойылды. Жылына 800 мың тоннаға дейін тыңайтқыш өндіру қуатына ие зауытты іске асыру фермерлерді қолжетімді отандық өніммен қамтамасыз етіп, импортқа тәуелділікті азайтып, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты өсуінің берік негізіне айналады, – деді Д.Даянов.

Карбамид – химиялық реакция нәтижесінде органикалық емес заттардан синтезделген бiрiншi органикалық қосылыс. Оны өнеркәсіптің әртүрлі саласында қолдануға болады. Ал минералды тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашылығындағы маңызы зор. Карбамид 46 пайыз азоттан тұрады. Ғылыми зерттеу нәтижесінен анық­тал­ғандай, карбамид суда жақсы ериді, әсіресе климаттық жағдайға байланысты өнімділікті арттырады. Бидай және жүгері сияқты дәнді-дақылдар толыққанды пісіп-жетілуде қажетті қорек алады. Өсімдіктердің құрғақшылық пен үсікке төзімділігін арттырып, жеміс ағашы мен көкөніс дақылының тұрақты өсімін қамтамасыз етеді. Тыңайтылмаған немесе басқа да азотты тыңайтқыштармен өңделген егістермен салыстырғанда өнімділікті бір гектардан 4–5 центнерге дейін арттыру мүмкіндігі жоғары. Дәнді-дақылдар үшін топырақта азот құрамы табиғи-климаттық жағдайларға қарай 12–15 мг/кг деңгейінде, ал техникалық дақыл үшін 25 мг/кг аса болуға тиіс. Солтүстік Қазақстанда жүргізілген агро­химиялық зерттеу нәтижесінде алаңдардың 70 пайызында азот құрамы 4–8 мг/кг шегінде қалған. Жалпы алғанда, еліміздің азот тыңайтқыштарына қажет­ті­лігі жыл сайын шамамен 800 мың тоннадан асады.

ҰҒА болжамына сәйкес, елімізде карбамид өндірісі дамитын болса, экспорт көлемі де артады. Бүгінде ғалымдар негізгі аграрлық аймақтарда сынақ жүргізіп жатыр. Биылғы егістік маусымында 4 шаруашылықтың жері 88 тонна азотты карбамидпен тыңайтылды. Ендігі кезекте ғалымдар карбамид тыңайтқышының тиімділігін анықтап, әртүрлі табиғи климаттық 4 аймақта карбамидке кешенді ғылыми зерттеу мен өндірістік сынақ­­тар­ды жалғастыратын болады. Нақты айтқанда, А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орта­лығының (Ақмола облысы), Қазақ егін­шілік және өсімдік шаруашылығы ғы­лы­ми зерттеу институтының (Алматы облысы), Қарабалық тәжірибе станса­сының (Қостанай облысы) және «Наурыз» шаруашылығының (Ақтөбе облысы) базасында қолға алынған. Тәжірибе жаз­дық бидай, жаздық арпа, жүгері, соя, майлы зығыр сияқты әртүрлі ауыл шаруа­шы­лығы дақылдарын қамтиды. Бұл – тыңайтқышты әртүрлі агро­климаттық жағ­дайда әртүрлі агро­технологияда қол­дану тиім­ділігін бағалаудың бірден-бір мүмкіндігі. Сонымен қатар фермерлердің де сұра­нысы, біртұтас әдістемелік негізде бақы­­лау жасалып, тәжірибе нәтижелері, тыңайт­қыш енгізу мөлшері, мерзімі, қол­дану тәсілдері топырақтың құрамы, сапасы ескеріледі. Өнімділік, шығыны, өзін-өзі ақтау көрсеткіші бағаланады. Әр өңір мен дақыл түріне қатысты мәлімет жинақталады.

АЛМАТЫ 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 00:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары