Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

Дауды сотсыз шешу: 2026 жылы медиаторларға қандай талап қойылады

Дауды сотсыз шешу: 2026 жылы медиаторларға қандай талап қойылады

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Маман даярлаудың жаңа тәсілі

Қазақстан Республикасы Медиаторлар қауымдастығының төрағасы Дмитрий Фирсенко медиация (дауды сотқа бармай, маманның қатысуымен шешу процессі) саласындағы басты жаңалық Мәдениет және ақпарат министрлігі жанынан Үйлестіру кеңесінің құрылуы екендігін атап өтті.

– Бұл кеңес медиаторларды оқыту бағдарламаларын бекітетін негізгі органға айналды. Оның басты міндеті – мамандарды даярлау ісін бір жүйеге келтіріп, ортақ стандарт қалыптастыру, – дейді ол.

Оның айтуынша, қазір елімізде мамандар үш деңгей, яғни медиацияның жалпы курсы, мамандандырылған курс және медиатор-тренерлер бағдарламасы бойынша оқытылады. Енді медиаторлар бірлестіктерінің барлығы өз оқу жоспарларын осы кеңеспен келісуге міндетті.

2011 жылғы заңнан заманауи реформаларға дейін

Елімізде медиация институтының іргетасы 2011 жылы «Медиация туралы» заң қабылданғанда қаланған еді. Кейінгі жылдары құжатқа медиаторлардың мәртебесін, оларды даярлау және тіркеу тәртібін нақтылайтын өзгерістер енгізілді.

Уақыт өте келе бұл сала отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың шеңберінен шығып, коммерциялық дауларды жедел шешудің тиімді құралына айналды.

Бүгінде медиаторларға қойылатын талап та қатаң.

– Кәсіби медиатор болу үшін арнайы оқудан өтіп, сертификат алу және реестрге ену шарт. Бұған қоса мамандар жыл сайын өз біліктілігін арттырып отыруы тиіс, – дейді Дмитрий Фирсенко.

Бірыңғай стандарт пен этика кодексі

2026 жылдан бастап қауіпсіздік, құпиялылық және тараптардың тең құқылығын қамтамасыз ететін бірыңғай сапа стандарттары енгізілді. Оның сақталуын құзырлы органдар қадағалайды.

Сондай-ақ, бұған дейін әр бірлестіктің өз ішкі ережесі болса, енді баршаға ортақ Этика кодексін қабылдау жоспарланып отыр.

– Қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын бекіту үшін ортақ этика кодексі қажет, – деп түсіндірді сарапшы.

Медиация қай салада тиімді?

Бүгінде медиаторлар еңбек дауларынан бастап, банктік, корпоративтік, тіпті қылмыстық істерге дейінгі мәселелерді шешуге араласады. Процесті сотқа дейін де, сот кезінде де, сондай-ақ бұйрық орындалу сатысында да бастауға болады.

Статистикаға сүйенсек, 2011 жылдан бері елімізде 300 мыңнан астам дау медиацияның көмегімен оң шешімін тапқан. Қазір республика бойынша 3,5 мыңға жуық маман жұмыс істейді.

Цифрландыру мен қауымдастықтың рөлі

Қазақстан Республикасы Медиаторлар қауымдастығы саланың дамуына шешуші рөл атқарып отыр. Олар қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді, оқытуды ұйымдастырады және мамандардың реестірін жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстанның Медиаторлар қауымдастығы саланы цифрландыруға баса мән беріп отыр.

– Бізде ТМД елдері ішінде баламасы жоқ медиаторлардың цифрлық реестірі жұмыс істейді. Алдағы уақытта тараптар келісімдерге онлайн қол қойып, бүкіл процесті қашықтан өткізе алады, – деді сарапшы.

Медиаторлар бірлестіктерін реформалау

Кәсіби қауымдастықта ұйымдық модельге енгізілетін өзгерістер талқыланып жатыр. Атап айтқанда Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың міндетті мәртебесінен бас тартып, оның орнына коммерциялық емес бірлестіктерге көшу ұсынылды.

– Қазіргі Өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қойылатын талаптар күрделі, сол себепті саланың дамуын тежеп отыр. Ал бұл өзгерістер бірлестіктер санын арттырып, оны күшейтуге мүмкіндік берер еді, – деп атап өтті Дмитрий Фирсенко.

Оның пікірінше, кәсіби бірлестіктер санының артуы бәсекелестік орта есебінен қызмет көрсету сапасының жақсаруына ықпал етпек.

Халықаралық тәжірибе мен ерікті таңдау

Еуропа мен АҚШ-та медиация құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған. ал бірқатар мемлекеттерде дауды сотқа дейін міндетті түрде реттеуге талпыныс жасау қағидаты қолданылады. Азия елдерінде, мысалы, Жапония мен Бутанда, медиация қарым-қатынасты жақсартады деген тұжырымдамаға негізделеді.

Қазақстан осы тәжірибені ескере отырып, өзінің жеке моделін қалыптастырып келеді.

Дегенмен маманның пікірінше, бұл құрал азаматтың ерікті таңдауы болуы тиіс.

– Адамның таңдауы болуы маңызды. Ол сотқа бара ма, әлде дауды медиация арқылы шеше ме – мұны тараптардың өздері шешуі керек, – дейді төраға.

Болашаққа болжам қандай?

Мамандардың бағалауынша, заңнаманы одан әрі жетілдірсе, медиация белсенді дамып, дауларды шешу жүйесінде елеулі үлесін тигізбек.

– Медиация қаралатын даулардың жалпы санының 25 пайызына дейін медиаторлардың көмегімен шешілуі мүмкін, – деді сарапшы.

Халықтың мейілінше толық ақпараттандырылуы, кәсіби стандарттардың дамуы және цифрландыру медиацияны сұранысқа ие құралға айналдырып, қоғамдағы жанжал деңгейін төмендетуге және құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы балабақшалар мен колледждерде де медиация қызметтері енгізілетінін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Наурыз 2026 16:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Доллар үздік ондыққа әрең ілінді: Әлемдегі ең қымбат валюталар тізімі

06 Тамыз 2026 16:56see169

Блогер Қайсар Қамза Қазақстанға қайтарылды прокуратура мән жайды ашты

06 Тамыз 2026 18:47see122

Павлодарда кәмелетке толмағандарға алкоголь сатқандар жауапқа тартылды

06 Тамыз 2026 15:01see121

Алматы полициясы Канье Уэсттің жанкүйерлерінt ескерту жасады

06 Тамыз 2026 19:10see118

Қазақстан мектептерінде кейбір пәндердің атауы өзгеріп, жаңа сабақтар енгізілді

06 Тамыз 2026 11:01see116

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 4,08 трлн теңгеге өсті БЖЗҚ себебін атады

06 Тамыз 2026 20:22see114

Қазақстанда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы жаңа заң әзірленіп жатыр

06 Тамыз 2026 11:01see114

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see113

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see112

Сандуғаш Дүйсенова Бажкенованың ақпаратты қалай бұрмалағанын айтып берді

06 Тамыз 2026 21:05see112

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see111

Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40 қа жуық егіздер қызмет етіп жүр

06 Тамыз 2026 11:40see111

Әділет партиясы ауылдағы табыс табу мүмкіндігін арттырмақ

06 Тамыз 2026 15:25see110

Еліміздегі ежелгі қалалардың бірі қайта жаңғыртудан өтіп жатыр

06 Тамыз 2026 16:39see110

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

07 Тамыз 2026 13:18see109

Астанада жұмыс беруші өтемақы төлеуден бас тартып, айыппұл арқалады

06 Тамыз 2026 14:07see109

Құрылтай сайлауы: теледебат қалай өтті

06 Тамыз 2026 16:26see109

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

07 Тамыз 2026 17:00see108

ІІМ “Кітап оқитын ұлт” республикалық жобасын іске асыруға қосылды

06 Тамыз 2026 21:11see108

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары