Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Депутаттар самокат мәселесін неге жиі көтеріп кетті

Депутаттар самокат мәселесін неге жиі көтеріп кетті

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Заң жобасы авторларының бірі, депутат Екатерина Смышляева сол уақытта бұл «компромисс» екенін атап өткен еді.

«Тротуарда жылдамдықты шектеу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін керек. Бұл жылдамдық жаяу жүргіншілердің жалпы қозғалыс жылдамдығына сәйкес келеді», – деген болатын ол сол кезде.

Алайда 2025 жылға қарай риторика өзгерді. Енді депутат тротуарда самокат айдауға толық тыйым салуды, қолданушыларға жүргізуші куәлігін, сақтандыру полисін, шлем мен жарық шағылыстырғыш киім міндеттеуді ұсынады. Сонымен қатар жалға берілетін самокаттарды нөмірлеу және бұзушылықтарды бейнебақылау арқылы тіркеу мәселелері де талқыланып жатыр.

Смышляеваның айтуынша, шерингілік компаниялар бұған дейін самокаттардың жылдамдығын 6 км/сағатқа дейін шектеуге дайын болған. Дәл осы мәлімдеме мамандар арасында үлкен пікірталас тудырды, себебі мұндай лимиттің техникалық мүмкіндігі самокаттардың қолдану сапасына да әсер етеді.

2023 жылы берген сұхбатында депутаттың өзі қалада электросамокаттарды жолға шығару үшін қажетті инфрақұрылым жоқ екенін айтқан еді.

«Біздің басты жұмысымыз — қалаларда веложолдар мен балама көлік үшін жағдай жасау. Бұл тек жаяу жүргіншілер жолдары есебінен емес, автокөлік кеңістігі есебінен де қаралуы мүмкін», – деген болатын ол.

Самокаттардың техникалық шектеулерін жұмыс тобының мүшесі, мобильділік жөніндегі сарапшы Әнуар Жүсіпов түсіндірді. Оның айтуынша, 6 км/сағ жылдамдық — техникалық тұрғыдан мүмкін емес:

«Самокат моторы адамды бастапқы қозғалыссыз орнынан жылжытуға қабілетсіз. Адамның өзі беруі тиіс бастапқы серпіннің жылдамдығы 6 км/сағаттан жоғары. Яғни, 6 км/сағатпен жүру іс жүзінде мүмкін емес», – дейді сарапшы.

Сондай-ақ GPS дәлсіздігіне байланысты тротуарлар үшін жылдамдықты нақты шектеу техникалық тұрғыдан орындалмайды. GPS-тің орташа қателігі – 10 метр, ал тротуардың ені – 2-3 метр.

«Тротуарды GPS арқылы бөлу мүмкін емес. Сквер, парк – иә, тротуар – жоқ. Сондықтан 15-16 км/сағат — қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын ең шынайы құрал. Ал 6 км/сағат іс жүзінде толық тыйым салумен тең», – дейді Жүсіппов.

Сарапшы пікірінше, талқылау тек нақты техникалық мүмкіндіктер мен сараптамалық талдау арқылы жүргізілуі тиіс. Ол сондай-ақ, жүргізушілерде лицензия, жас мөлшері мен талаптар бола тұра, соңғы 3 жылда автомобиль жүргізушілерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары үш есеге артқанын атап өтті.

Депутат Олжас Құспеков те бұл ұсыныстарға қарсы пікір білдірді. Оның айтуынша, негізгі проблема — инфрақұрылымның жоқтығы.

«Біз жаңа құрылыс нормаларын бекіттік, әкімдіктерге инфрақұрылым жасауды тапсырдық. Бұл — 3 жылдық жұмыс. Қазір асығыс шешім қабылдап, Мемлекет басшысының тапсырмасын сылтау етіп, самокаттарды жолға шығару — халықты өлімге итермелеу», – деді депутат.

Құспековтің айтуынша, реформа кешенді болуы тиіс: инфрақұрылым, нормалар мен технологиялар қатар жүруі керек, тек тыйым мәселенің шешімі емес.

Ол келтірген ресми статистикаға сәйкес, 2025 жылдың 9 айында жарақат алғандар саны:

• Автокөліктер — 28 646

• Автобустар — 1 145

• Мопедтер мен скутерлер — 897

• Велосипедтер — 238

• Электросамокаттар — 123

Яғни, самокаттар - ең қауіпті емес көлік түрлерінің бірі.

ІІМ де өз ұстанымын білдірді, бұзушылықтар, әсіресе кәмелетке толмағандар арасында бар, бірақ ведомство толық тыйым салуды қолдамайды.

ІІМ вице-министрі Игорь Лепёха жауапкершілік үш тарапқа бөлінуі тиіс екенін айтқан: қолданушылар, шерингілік компаниялар және әкімдіктер. Компаниялар — паркинг, салмақ, жылдамдық, маршрутты бақылау жүйесін енгізуі тиіс; әкімдіктер — шектеу немесе тыйым аймақтарын белгілеуі керек.

Қоғам талқысы көрсеткендей, самокаттар қалалық мобильділіктің маңызды элементіне айналды. Инфрақұрылым, қауіпсіз бағыттар және нақты нормалар жасалмайынша, кез келген тыйым жаңа тәуекелдер тудырады.

Самокаттар — қолжетімді, экологиялық таза, қысқа қашықтыққа тиімді көлік. Олар жолдағы жүктемені азайтады, автокөлікпен жасалатын қысқа сапар санын төмендетеді. Бірақ оларды сақтау үшін тыйым емес, инфрақұрылым + технология + дұрыс нормативтер керек.

Бүгінгі талқылау дәл инфрақұрылымның жоқтығы негізгі проблема екенін көрсетті. Ал қазір қабылданатын шешім микромобильділіктің болашағын анықтайды, ол қалалық саясаттың бөлігіне айнала ма, әлде қалалардан ығыстырыла ма, уақыт көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін самокатқа қатысты жаңа шектеулер адамдардың өміріне қатер төндіруі мүмкін екенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қараша 2025 18:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары