Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Үш метрге ұшып кетті: Алматыда самокат мінген адам қызды қағып, қашып кеткен

Үш метрге ұшып кетті: Алматыда самокат мінген адам қызды қағып, қашып кеткен

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматыда электрсамокатқа қатысты кезекті оқиға - жаяу жүргіншіні қағып кетіп, қашып кету жағдайы қала көшелеріндегі қауіпсіздік мәселесін қайта ушықтырды. Ережелер қатаңдатылып, заңбұзушылықтар көбейгеніне қарамастан, самокатшылар тротуармен жүруін тоқтатар емес, ал зардап шеккендер кінәлілерді табу мен оларды жауапқа тартуда қиындыққа тап болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда электрсамокатқа қатысты кезекті оқиға - жаяу жүргіншіні қағып кетіп, қашып кету жағдайы қала көшелеріндегі қауіпсіздік мәселесін қайта ушықтырды. Ережелер қатаңдатылып, заңбұзушылықтар көбейгеніне қарамастан, самокатшылар тротуармен жүруін тоқтатар емес, ал зардап шеккендер кінәлілерді табу мен оларды жауапқа тартуда қиындыққа тап болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қағып, ізін суытты

Алматы тұрғыны Тhreads әлеуметтік желісінде 14 сәуірде Төле би көшесінде болған жағымсыз жағдай туралы жазды. Қыздың айтуынша, оны жоғары жылдамдықпен келе жатқан электрсамокат қағып кеткен. Зардап шегуші соққының қатты болғаны соншалық, өзінің бірнеше метрге ұшып кеткенін айтады.

"Мен үш метрге дейін ұшып кеттім. Аяқ киімім бір жаққа, телефоным бір жаққа ұшты. iPhone-ның дисплейі шағылды. Ең сорақысы, ол адам тіпті тоқтамастан қашып кетті", - деп жазды ол.

Қыз оған өтіп бара жатқан адамдар көмектесіп, жедел жәрдем мен полиция шақыртқанын айтты.

"Куәгерлердің айтуынша, бір самокатта екі адам болған, олар жоғары жылдамдықпен келе жатқан", - деп толықтырды ол.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта оқиға бойынша арыз түсірілген, алайда іс алға баспай тұр.

"Арыз бар, бірақ учаскелік инспекторлар бір-біріне сілтеп жүр, өйткені кінәлінің кәмелетке толған-толмағанын анықтай алмай жатыр", - дейді зардап шегуші.

Зардап шеккен қыз қаладағы электрсамокат мәселесінің әлі шешімін таппай отырғанын баса айтты.

"Ең қорқыныштысы соққының өзі емес, мені сол жерде жалғыз тастап кеткені. Тіпті жануарды қағып кетсе де тоқтап, көмектесуге тырысады ғой. Ал мұнда тірі адам. Адамгершілік атымен жоқ", - деп жазды ол.

Сондай-ақ бойжеткен қаланың адам көп жүретін көшелерінде самокатшылар үшін қажетті инфрақұрылымның жоқтығына назар аударды.

"Ең көп көлік жүретін даңғылдардың бірі Төле биде самокаттарға жағдай жасалмаған. Олар балалар, қарттар мен аяғы ауыр әйелдер жүретін тротуармен зулайды. Кім біледі, мұндай соққы біреулер үшін өлімге әкеп соғуы да мүмкін еді", - деп есептейді бойжеткен.

Сонымен қатар ол электрсамокаттардың қауіпті көлік түрі екенін, бірақ оларды реттеу шаралары әлі де жеткіліксіз екенін айтты.

"Самокат деген аяқпен итеріп айдайтын құрал. Велосипед педаль басатын көлік. Ал мына электр құрылғылардың бәрі мопед жылдамдығымен жүретін нағыз көлік, бірақ неге екені белгісіз, әлі күнге дейін тротуармен жүреді", - деді ол.

Зардап шегуші көшелердегі қауіпсіздік мәселесі бақылауға алынуы үшін осындай тағы қанша оқиға болуы керек деген сұрақ қояды.

Желі қолданушыларының реакциясы

Жазбаға жазылған пікірлерде басқа қолданушылар электрсамокат мінгендермен кездесудің соңы аурухана төсегіне әкелген оқиғаларын айтып берді.

Threads-тен скриншот

Threads-тен скриншот

Threads-тен скриншот

Threads-тен скриншот

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда электросамокаттарға арналған жаңа ережелер бекітілген болатын. 1 шілдеден бастап олардың тротуармен жүруіне тыйым салынды.

Тек арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер көшелеріндегі ортақ қозғалыс аймақтарында ғана жүруге рұқсат. Онда жылдамдық сағатына 6 шақырымға дейін шектеледі, әрі басымдық жаяу жүргіншілерде қалады.

Сонымен бірге велосипедтер мен қуаты аз электр көлік құралдарының тротуармен жүру құқығы сақталады.

Болған оқиға аясында екі сұрақ туындап отыр: жаңа ережелер күшіне енгенге дейін жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі және бұл ережелер іс жүзінде сақтала ма?

Қала тұрғындары қолданыстағы шектеулердің бірнеше жылдан бері іс жүзінде жиі еленбейтінін айтады. Соның салдарынан электрсамокаттар тротуарда жоғары жылдамдықпен жүруін жалғастырып, жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруде.

Полиция не дейді?

Алматы Полиция департаменті тілшінің сауалына берген жауабында қыздың оқиғасы бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта самокат жүргізушісінің жеке басын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тексеру шаралары кешені жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта қаладағы бейнебақылау жүйелерінің мүмкіндіктері пайдаланылып, аталған уақыт аралығында көлік құралын жалға алған пайдаланушы туралы мәліметтерді алу үшін кикшеринг компанияларға ресми сұрау жіберілді", - деп хабарлады ведомство.

Полиция бұл факт бойынша тексеру барысы ерекше бақылауда екенін атап өтті.

"Мұндай фактілер назардан тыс қалмайтынын баса айтамыз. Құқықбұзушының жеке басын анықтау - уақыт пен қолданылатын техникалық ресурстардың еншісіндегі мәселе", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ведомство өкілдері Алматыда микромобильді көлік сегментінде тәртіп орнату жұмыстары жүйелі негізде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Соңғы өткізілген ауқымды "STOP-бұзушылық" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында электрсамокат пайдаланушылары тарапынан бес мыңға жуық заңбұзушылық анықталды. 4 600-ден астам самокат мамандандырылған айыптұраққа қойылды", - деп Алматы ПД статистикалық мәліметтерді жариялады.

Былтырға көз жүгіртсек

ІІМ мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда электрсамокаттардың қатысуымен 213 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 224 адам зардап шеккен. Самокат мінгендердің кінәсінен 42 апат болып, 52 адам жарақат алды. Барлық оқиғаның 95 пайызы Алматыда тіркелді.

Былтыр жыл басынан бері электрсамокат жүргізушілері жол жүру ережесін 20 мыңнан астам рет бұзған. Ережебұзушылықтың ең көп саны - 7 435 жағдай (жалпы санның 76 пайызы) тағы да Алматыда тіркелді.

Сондай-ақ былтыр Tengrinews.kz тілшілері Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманәлиевпен сұхбаттасқан болатын. Ол күн жылығанда бөлімшеге күн сайын зардап шеккен 2-3 бала түсетінін айтты. Яғни, айына 18 жасқа дейінгі 60-90-ға жуық жасөспірім ауыр жарақат алады. Жаз бойы бұл көрсеткіш кәмелетке толмаған 300-ге жуық балаға жетеді. Айта кетейік, бұл тек бір аурухананың дерегі.

"Пациенттердің шамамен 30 пайызы ауруханаға жатқызылады. Көбінесе оларға аралас жарақат диагнозы қойылады: яғни бірден бірнеше жерден зақым келеді - бас-сүйек жарақаты, аяқ-қолдың сынуы, асфальтқа үйкелуден пайда болған сырылу мен күйік. Биыл бізде өлім жағдайы тіркелген жоқ, бірақ пациент жансақтау бөлімінде үш тәулікке дейін жататын ауыр жарақаттар бар", - деді бөлім меңгерушісі Құрманәлиев.

Көбінесе самокат кесірінен 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер зардап шегеді. Дәрігердің айтуынша, олар бұл көлік түрі пайда болғанға дейін бұрын-соңды кездеспеген жарақаттар алады.

"Самокаттан көбіне тізе буынының жарақаттары, сіңірдің үзілуі жиі болады. Адам 1,5 жыл белсенді өмірден қалады, ал егер ол спортшы болса, оның мансабы аяқталды дей беріңіз. Бізге емдеу жүйесі мен тәсілін толық өзгертуге тура келіп отыр, өйткені біз электрсамокаттар белсенді қолданысқа енгенге дейін балаларда болмаған жарақат түрлерімен бетпе-бет келіп отырмыз", - деп түсіндірді Құрманәлиев.

Самокатшылар қағып кеткен жаяу жүргіншілердің де жарақаттары жеңіл емес. Мұндай соқтығысулар әсіресе кішкентай балалар үшін өте қауіпті:

"Самокат қаққандар да аралас жарақаттармен түседі. Былтыр бізде бас сүйегі мен бет сүйегі сынған екі бала болды - оларды самокат қағып кеткен. Жарақаттың ауырлығы көбінесе қағылған адамның жасына байланысты. Егер зардап шегуші 12-13 жастан асқан болса, бұл жеңіл жарақаттар. Бірақ жасы кіші болған сайын, жарақаттар да қорқынышты бола түседі", - деді ол.

Дәрігер самокаттың салмағы 20-30 келі екенін, оған үстіндегі адамның салмағы қосылатынын айтты.

"Салдарынан 70-100 келі салмақ жылдамдықпен салмағы 30 келі болатын баланы қағып кетеді. Ол автоматты түрде төрт метрге ұшып кетеді. Самокаттың мұндай қағуы баланы сағатына 30-40 шақырым жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік қаққанмен бірдей".

Ересектер үшін де электрсамокатпен соқтығысу салдарсыз болмайды. Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың политравма бөлімінің меңгерушісі Рамзан Әскеровтың айтуынша, бұл көлік түрімен болған апаттардан кейін оларға көмек сұрап тәулігіне 5-10 адам жүгінген.

Олардың әрбір үшіншісіне ота жасау қажет болған. Зардап шеккендердің басым бөлігі 20-45 жас аралығында. Жүгінгендердің шамамен 20 пайызы самокат қағып кеткен жаяу жүргіншілер.

"Көбінесе пациенттер бас-сүйек жарақатымен, бұғананың, білектің сынуымен түседі. Оның үстіне жарақаттар өте ауыр", - деген еді сол кезде маман.

№4 қалалық клиникалық аурухананың травматолог-дәрігері Жайлау Абдуллаев бұдан сәл төменірек көрсеткіштерді атады: оның бөлімшесіне айына 18 бен 45 жас аралығындағы 40-қа жуық пациент жүгінген. Олардың ішінде:

80 пайызы - самокат айдағандар 20 пайызы - шағын көлікпен жүйткігендер қашып үлгермегендер. Алматыдағы электрсамокаттарға қатысты қазіргі жағдай

Еске сала кетейік, 5 сәуірде редакция тілшісі жаңа маусымның басталуымен электрсамокаттарды пайдаланудағы жағдайдың өзгерген-өзгермегенін тексеру үшін мегаполис көшелерін аралап қайтқан болатын.

Оның бақылауынша, редакция былтыр бірнеше рет көтерген мәселе мен заңбұзушылықтар іс жүзінде сол күйі қалған. Электрсамокаттар әлі де кез келген жерде қалдырылады, оған екі адамнан мінеді, жүргізушілер жаяу жүргіншілер жолағынан өткенде көліктен түспейді, жылдамдық режимін бұзады, ал көлікті басқаруға көбіне кәмелетке толмағандар жіберіледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 09:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see138

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see136

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see135

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see132

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see126

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see124

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see116

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see115

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see113

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see112

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see108

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see108

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see108

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see107

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see107

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see107

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see106

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары