Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Дипфейктер, дропперлер, интернет алаяқтық: сарапшылар цифрлық гигиенаның маңызы туралы айтты

Дипфейктер, дропперлер, интернет алаяқтық: сарапшылар цифрлық гигиенаның маңызы туралы айтты

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Форумды ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі (ҚМА) мен Zakon.kz интернет-басылымы Ғылым және жоғары білім министрлігімен, Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Форум "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - цифрлық гигиена негіздерін, қаржылық алаяқтықтан қорғанудың жаңа амалдары мен әдістерін және дропперлік схемаларды түсіндіру.

"Бұл іс-шара - Zakon.kz интернет-ресурсы ретінде мемлекеттік билік органдарымен бірлесіп біздің үнемі атқаратын үлкен жұмыстың жалғасы. Көбінесе, ҚМА-мен бірге. Біз бірнеше жыл бойы халық арасында жүйелі түрде ағартушылық жұмыс жүргізіп келеміз, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында да жұмыс істейміз. Біздің басылым арқылы адам тағдырларының көптеген жағдайы жария болып және осы жайттардың барлығын талдай отырып, біз белгілі бір ұсыныстарды алға тартамыз. Ал Қаржылық мониторингі агенттігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, бұл ұсыныстарды интернет-алаяқтықпен және қаржы пирамидаларымен күресудің пәрменді әдістері мен құралдарын әзірлеуде де пайдаланады", – деді "ЮрИнфо "компаниясы" ЖШС-ның Бас директоры Михаил Коломин.

Сурет: Zakon.kz

Оның айтуынша, форум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, сарапшылар, блогерлер мен жетекші елордалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.

"Спикерлер интернет-алаяқтықтан қорғану әдістері, дипфейктер, дербес деректерді қорғау, сондай-ақ дропперлер туралы айтты. Бүгін біз аталған іс-шараны Zakon.kz платформаларында тікелей эфирде өткізудеміз, онда да ел азаматтарының көбісі осында берілетін құнды ақпараттан қаныға алуы үшін. Жастарды оқытудың маңыздылығы - олар осында түйіп, ұққандарын ата-аналарына, туыстарына және достарына қолжетімді тілде жеткізе алады. Олар заманауи гаджеттер мен әлеуметтік желілерді қолдана отырып, цифрлық гигиенаны сақтау қажеттілігі туралы айта алады", – деп түсіндіреді ол.

Сурет: Zakon.kz

ҚМА-ның Превенция және аналитикалық әзірлемелер департаменті басшысының орынбасары Андрей Давыдов цифрлық алдап-арбаудың бүгінгі шынайы түрі ретінде дипфейктерді атап, олар туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді. Оның келтірген мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері дипфейктерге байланысты 40-тан астам қылмыстық іс тіркелген.

"Қорғану бойынша негізгі кеңестер: жақындарыңызбен код сөзі туралы өзара келісіп алған абзал, тек өзіңізге белгілі нөмірге қайта қоңырау шалыңыз, бейтаныс адамдарға ақша жібермеңіз, шұғыл өтініштерге тез жауап қатуға тырыспаңыз, дауыстық хабарламалар, фотосуреттер мен видеоларды бейтаныс адамдарға жолдамаңыз. Қауіпсіздіктің негізгі кілті - сыни тұрғыдан ойлана білу. Егер бірдеңе тым оғаш немесе тым тиімді болып көрінсе, тоқтай қалыңыз", - деп кеңес береді Давыдов.

Сурет: Zakon.kz

Сарапшылар өздерін жаһандық желінің неғұрлым қорғалған және сенімді пайдаланушылары ретінде сезіне алуы үшін қазақстандықтарға цифрлық гигиена негіздері туралы айтып берді.

"Алаяқтардың тұзағына түспеу үшін, ең алдымен, сізге бірдеңе жеткізілгені туралы қандай да бір хабарламаларға, сізден нөмірлер мен кодтар сұралатын хабарламаларға да сенбеу керек, жіберілген кез келген сілтемелер арқылы өтпеу қажет. Тіпті, мессенджер арқылы досыңыз сізден ақша аударуды сұраса да еш асықпаңыз, қазір әлеуметтік желідегі аккаунттарды бұзу кезінде мұндай жайттар жиі орын алып жатады. Алдымен сол досыңызға қоңырау шалуға кеңес береміз, шын мәнінде көмек сұрап тұрған сол ма, жоқ па, осыған көз жеткізіңіз. Сондай-ақ дипфейктер деген үлкен проблема бар, осындай форумдар өткізуге мүмкіндік беретін, барлық осындай тәуекелдер жайынан жаңа біліммен қарулану қажет", - деді "Астана Жастары" ЖРО қызметкері Шыңғыс Тілеулин.

Форум жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып құрылған ҚМА-ның Аi-офицерінің қатысуымен өтті. Ол сізді қызықтыратын кез келген сұраққа жауап бере алады. Мысалы, дипфейк дегенміз не және ол қандай қауіп төндіретінін айтып бере алады.

Сурет: Zakon.kz

Форум қонақтарына түрлі құқықтық мәселелер бойынша басқа АИ-көмекшісі – PRG.Komek кеңес беріп, белсенділік танытты.

"PRG.Komek - заңнамаға қатысты сұраққа нақты жауап беретін жасанды интеллект. Оған кез келген бөлім бойынша сұрақ қоюға болады, бұл жағынан ешқандай шектеу жоқ. Жауап әзірлеуі үшін 3-5 секунд қажет. Жауаптардың барлығы дұрыс, қысқа-нұсқа, өйткені ол PRG.kz ("Параграф" АЖ) мәліметтер базасында жұмыс істейді, сәйкесінше барлық құжаттар тексеріліп, біздің заңнамаға негізделген. Сонымен қатар, біздің мамандар құжаттардың өзектілігін және біздің жүйе берген жауаптардың дұрыстығын қадағалап отырады", – деді PRG-мен жұмыс жөніндегі маман Алуа Беменқызы.

PRG.Komek-тің қызметі туралы мына жерден оқуға болады. "Сандық қауіпсіздік сабақтары" форумы туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қараша 2025 18:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары